Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


түр —> туыс —> тұқымдас —> отряд —> класс —> тип —> жануарлар дүниесі



бет69/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

түр —> туыс —> тұқымдас —> отряд —> класс —> тип —> жануарлар дүниесі.
Жұмыртқа салатын қауырсын жабынды жануарлардың барлығы бір класқа - құстар класына біріктіріледі. Туыстас кластар топтасып, тип түзеді. Бұдан біз жануарларды жіктеу барысында жануарлар дүниесі - ең жоғары деңгей, ал ең төменгі деңгейдегі табиғи қүрылымның түр екенін аңғарамыз.
Жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеу негізінен алғанда ұқсас. Жануарларды топтарға бөліп, жіктеудің маңызы зор. Бұдан жануарлар дүниесінің қарапайым жәндіктерден омыртқалы жануарларға дейін қүрылымының күрделене түсетіні нақтылы көрінеді. Ғаламшарымыздағы бір жарым миллионнан астам жануарлар екі топқа бөлінеді. Денесінде ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болмайтын жануарлар жәндіктер деп аталады. Ал ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болса, олар жануарлар тобына жатқызылады. Жәндіктердің біржасушалы және көпжасушалы дүние тармағы бар. Жануарлар тек көпжасушалы болып келеді. Жануарлардың ұрығы дами бастаған кезде құйрық пен бас аралығында домбыра ішегі тәрізді керілген желі байқалады. Сондықтан желілілер деп те аталады. Жоғары сатыдағы жануарларда одан әрі даму барысында омыртқадан құралатын омыртқа жотасы түзіледі. Төменгі сатыдағы жануарларда желі өмір бойы сақталады.
Жануарларды жеке-жеке атап, түрге ажырату үшін оларды жіктеп, жүйелейді. Швед ғалымы Карл Линней ағзаларға қосарлы атаутізім ұсынды. Ол жануарларды жүйелеудің негізін қалаушысы деп саналды. К. Линней жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негізгі бірлік етіп, мынадай қысқаша сызбанүсқа қалыптастырды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет