Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет97/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Қан айналу жүиесі

Ашық типті. Гомолинфа қан тамырларының ішінде қозғалып, кейін арнайы қабырғаларымен шектелмеген дене қуысының бөлімдері – синустарға құйылады.

Қан айналу жүйесі тыныс алу жүиелерінің даму денгейімен белгілі дәрежеде байланыста. Егер желбезек қызыметін кеуде аяқтарының эпиподиттері атқарса, онда жүрек түгелімен кеудеде жатады, ал тыныс алуға құрсақ аяқтарының эпиподиттері жұмсалса, жүрек құрсақта орналасады.
2.Шаянтәрізділердің нерв жүйесі
Көпқылтанды буылтық құрттардікіне ұқсас . Ол жұп мидан, жұтқыншақ асты ганглясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина – конниктивадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған.
Жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе ми үш бөлімнен құралған алдынғы – протоцеробрум, ортанғы дейтоцеробрум және артқы тритоцеробрум. Протоцеробрум күрделі және қарапайым көздерді , деитоцеребрум антенулаларды нервтендіреді, ал антеналаларға баратын нервтер жұтқыншақ маңы коннективтерінен басталады. Басқа буынаяқтағылардай шаянтәрізділердің нерв жүиесінде неиро секрет – гармондарды бөліп шығаратын неиросекраторлы клеткалар орналасқан.Олар организмнің ішкі ортасына , гомолинфаға арнайы сөлдерді шығарып жеке мүшелердің зат алмасу түлеу, тағы басқа процестерді реттеп тұрады. Шаяндардың нейросекреторлы клеткалары протоцеробром, дейтесеробром және құрсақ нерв тізбегінің әр түрлі бөлімдерінде орналасқан
3.Сезім мүшелері
Жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар түрінде дененің белгілі бөліктерінде – антенула , антена аяқтарының беткейіндегі талшықтармен түтіктерінде орналасқан, иіс, дәм, химиялық сезу қызыметін орындайды. Бұлардың түбінде, гиподермальді эпителидің астында биполярлы нерв клеткалары бар . Шаянтәрізділердің көру мүшесі – қарапайым – науплиальды және күрделі – пасеттік көздер. Науплиалды көз негізінен шаянтәрізділердің науплиус деп аталатын личинкасына тән, бірақ жиі ересек түрінде де кездеседі.
Жыныс жүйесі
Шаянтәрізділер дара жыныстылар, тек паразиттік өкілдерінде және тіркеліп тіршілік ететіндерде гермафродитиз кездеседі. Жыныс диморфизмі айқын. Аталықтарының антинулалары , не антеналары анлығына ұқсайтын мүшелерге айналған. Құрсақ бөліміндегі аяқтары шағлыс мүшелерге айналған. Құрсақ бөліміндегі аяқтары шағылыс мүшелеріне айналып, түтік тәрізді болады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділердің аталығы аналығынан едәуір кіші, тіпті ергежейлі аталықтары да кездеседі.
Дамуы.
Шаянтәрізділердің басым көпшілігінің жұмыртқасы сарыуызға бай болғандықтан, жұмыртқа жарым – жарты және беткейлік түрде бөлшектенеді. Бұларда жұмыртқа клеткасы бөлінбей, тек саруыздың ортасында орналасқан ядросы бірнеше рет бөлінеді. Пайда болған ядролар жұмыртқаның шетіне ығысып, сол жерде цитоплазмамен қапталады да тұтас клеткалы қабатын, яғни блоста дерма қабатын түзеді. Бластадерма сары уызды қоршайды бұдан кейінгі даму жұмыртқаның сыртқы бетіндегі құрсақ бөлігінде клеткалардан құралған ұрық алқабында өтеді. Ұрық жапырақшасынан мүшелер қалыптасып , ұрықтың денесі сегменттеле бастайды. Ең алдынғы бөлімінен болашақта күрделі көздері дамитын бас тізбектері және бас қалқаншасы – акронмен антеналды және мондибулярлы сигменттері бөліктенеді.
КлассификациясыШаянтәрізділер классы 5 клас тармағына бөлінеді: желбезек аяқтылар – Branchiopoda , сефалокардиалар – Cephaiocarida , максиллоподалар – Maxillopoda, бақалшақты шаяндар – Ostracoda, жоғары сатыдағы шаяндар – Malacostraca




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет