Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


өсімдік клеткасы және ұлпалары тканьдері клетка құрлысының ерекшеліктері



бет36/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

1.өсімдік клеткасы және ұлпалары тканьдері клетка құрлысының ерекшеліктері
Клетка өсімдіктер мен жануарлар денесінің негізгі құрылымдық және функциональды бірлігі. Клетка жалпы құрылысы бойынша ұқсас: химиялық құрамы, құрылымы және клетка элементтерінің функциясы. Биологиялық табиғаты бойынша жаңа клетка түзілу қабілеттілігі – барлық клеткалы организмдерде бөліну арқылы аналық клеткадан пайда болады.
Өсімдіктер клеткасы бөлінуі тура, ядрода хромосома түзілмейді (амитоз), тура емес, ядроның кариокинезді (митоз) немесе редукциялық (мейоз) бөлінуі арқылы жүреді.
Өсімдіктер клеткасы клетка қабықшасы, протопласт және вакуольден тұрады. Клеткалар формасы әртүрлі. Олар шар тәріздес, көпқырлы, жұлдызша тәріздес, тікбұрышты және т.б. болуы мүмкін. Кең тараған екі формасы: 1) паренхималық клеткалар, барлық бағытта ұзындығы мен ені шамамен бірдей- шартәріздес, кубтәріздес, көпқырлы. 2) прозенхималық клеткалар, ұзындығы енінен бірнеше есе артық.
Өсімдік ұлпасы (лат. textus, грек. hіstos – шығу) – шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы. Қарапайым өсімдіктердің денесі қабат-қабат болып орналасқан, қызметі мен морфологиялық жағынан бірдей клеткалардан қалыптасады. Кейбір жағдайда “қабаттар” 2 – 3 түрлі клеткалардан тұрады. Өсімдік ұлпасының жіктелімі олардың белгілерінің жиынтығына, шығу тегіне, клеткаларының басты ерекшеліктеріне және қызметіне негізделген. Осы уақытқа дейін бір келісімге келген жіктелім жоқ.
Өсімдік клеткаларының құрылысы оның негізгі бөлімі — протопластқа және клеткада болатын басқа заттарға бөлініп қарастырылады.
Протопласт. Протопласт дегеніміз — өсімдік клеткаларында тіршілік процестерінің (зат алмасу, қимыл, тітіркену, көбею, тұқым қуалауы т.б.) туғызатын негізгі бөлімі. Протопластқа жататындар: протоплазма, ядро, пластидтер, хондриосома — митохондрий, рибосом, лизосом, Гольджи аппараты т.б. Клетканың бұл бөліктері органелла немесе органоидтар делінеді.
Протоплазма – клетканың белгілі химиялық құрамы бар, әр қилы консистенцияда (қоймалжың, қатыңқы) болатын, меншікті салмағы 1,025-1,050 келетін тірі заты.
Протоплазманы зерттеу ісі көпке дейін қиындыққа соғып келді, себебі клетканың ішкі құрылысын зерттеуге керекті ғылми техникалық мүмкіндіктер болмады. Тек техниканың кейінгі жетістіктерінің арқасында ғана клетканың ішкі құрылысын жете зерттеуге мүмкіндік туды.
Протоплазма қабаттары. Микроскопты қолданудың арқасында, көптеген ғалымдар клеткадағы протоплазманың физикалық қасиетін, жатқан жерін, өз ара құрылысын зерттей келіп, оның үш қабаттан (плазмолемма, тонопласт және мезопласт) тұратынын ашты.
Клетка қабықшасының ішкі бетін астарлап, оған өңезденіп жұғып жатқан протоплазманың қоймалжың және мөлдір келген кабаты плазмолемма делінеді. Бұл қабат протоплазманың басқа қабаттарына қарағанда тығыз келеді; сонымен қатар оның серпінділік, жартылай өткізгіштік және басқа сұйық заттармен араласпайтын ерекше қасиеттері болады. Плазмолемма серпінділігінің арқасында, ортаның әсеріне байланысты кейде созылып, кейде жиырылып тұрады. Сондықтан плазмолемма қабатында болатын көптеген протоплазмалық жіпшелердің – плазмодесмалардың диаметрі де кейде кең, кейде тар болып өзгеріп тұрады. Осының нәтижесінде протоплазманың бұл қабатының сырт жағындағы ерітінді молекулалары ішкі жағына өтіп, сол арада бөртеді де кері өте алмайды. Сөйтіп, мұның жартылай өткізгіш қасиеті пайда болады. Плазмолеммада ешбір органелла болмайды.
Клеткадағы вакуоляның айналасын қоршап жатқан протоплазманың қабаты т о н о п л a c т делінеді. Мұның қасиеттері де плазмолемманікі тәрізді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет