7. мәдени өсімдіктер мен олардың пайда болуы
[Мәдени өсімдіктердің таралу орталығы ]- әр түрлі мәдени өсімдіктердің шыққан жері. Мұндай орталықтар болатынын алғаш рет Н.И. Вавилов дәлелдеді.
Ол мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 8 аймаққа бөлген, олар: Қытай, Үнді, Үнді-Малая,Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі, Батыс, Орталық Мексика, Оңтүстік Америка және Чили Андысы. Орыс ғалымы П.М. Жуковский (1888 – 1975) мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 12 аймаққа бөлді. Олар: Қытай, Жапония, Индонезия, Үндіқытай, Австралия, Үндістан, Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі маңы, Африка, Еуропа, Сібір, Орталық, Оңтүстік, Солтүстік Америка. Мәдени өсімдіктердің таралу орталығының пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қытай, Жапониядан күріш, қонақ тары, қытай капустасы, бұршақ түрлері, құрма, апельсин, мандарин, шай, т.б. өсімдік түрлері; Индонезия, Үндіқытайдан нан ағашы, манго, лимон, бананның бірнеше түрі, қант пальмасы, эвкалипт, темекі, мақта; Австралиядан қант қамысы, қияр, кенеп, кокос пальмасы, күріш түрлері, қара бұрыш; Орта Үндістаннан қара бидай түрлері, бұршақтың бірнеше түрі, зығыр, мақсары, қарбыз, сәбіз, алма, алмұрт, өрік, шие, банан жеміс ағашы; Орта Азиядан бидай, қара бидай, арпа, сұлы, бұршақ, жоңышқа, қант қызылшасы, алма, жүзім, анар; Алдыңғы Азиядан зәйтүн, лавр, жеміс ағаштары, т.б. мәдени өсімдіктер таралған. Дүниежүз. мәдени өсімдік тобына Африка орталығынан мақтаның бірнеше түрі, қарбыз, кофе; Америка орт-нан жүгері, картоп, қызанақ, асқабақтың бірнеше түрі, какао, жержаңғақ, жер алмұрты қосылды.
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Осы заманғы адам мәдени өсімдіктерсіз өмір сүре алмаған болар еді. Мәдени өсімдіктер адамды ең қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер - астық, көкөніс, жеміс-жидек, мата тоқуға қажетті шикізат. Мәдени өсімдіктерсіз қант, май, мал азығы да болмас еді. Үй жиһазы, қағаз, дәрі, үй ішін сәндейтін әр түрлі заттардан өзге де қажеттіліктерді тек мәдени өсімдіктерден аламыз. Мәдени өсімдіктердің сан алуан түрлері мен іріктемелерін алу үшін қаншама жылдар өтті емес пе?
Алғашқы адамдар тек жабайы өсімдіктердің тұқымы, жемісі, пиязшығы және басқа бөліктерін пайдаланды. Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан, табиғаттың бергенін ғана місе тұтты. Сондықтан бұл кезең жинаушы кезең деп аталды. Адамзат тарихындағы бұл кезең сан ғасырларға созылды. Адамдар біртіндеп кейбір өсімдіктерді тұқымынан өсіру жолын тапты. Ондай адамдар құнарлы топыраққа өсімдікті өсірумен ғана шектелмей, ол өсімдіктің сапасын өзгертуді де меңгерді. Өсімдіктің өзіне қажетті өнім беруін реттеу үшін сұрыптал, іріктеу қажет болды. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір тұр дарақтарының жиынтығы іріктеме деп аталады. Сөйтіп өмірге селекция ғылымы келді. Жануарлардың қолдан шығарылған түрін цолтщым дейді. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен ұғылданатын ғылым - селекция деп аталады (латынша «селекция» - іріктеу, сұрыптау).
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000-ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.
Қазақстанда қант қызылшашы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым - Кәрім Мыңбаев. Ол көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Кандидаттық және докторлық диссер- тациясын Ленинградта академик Н. И. Вавиловтың жетекшілігімен қорғаған Кәрім Мыңбаевтың негізгі ғылыми еңбектер! өсімдіктер генетикасы мен селекция- сына арналған. К. Мыңбаевтың армандаған іс-жоспарларының бірқатары кейін жүзеге асты. Сөйтіп, Қазақстанды астықты өңірге айналдыру, Бетпақдаланы мал шаруашылығы үшін пайдалану, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын суландыру, құмкөшкінін тежеу мақсатында жаңа жерлерге сексеуіл отырғызу жобалары халық игілігіне айналды.
Өсімдік шаруашылығының өнімін алуда мәдени өсімдіктерді егудің маңызы зор. Бұл - ауыл шаруашылығы негізгі саласының бірі. Егістік дақылдар тобы дәнді дақылдар, түйнекжемісті және тамыржемісті дақылдар, майлы дақылдар, малазықтық дақылдар, тоқыма дақылдары, бақша дақылдары болып бөлінеді. Ал жемісті дақылдар: шекілдеуікті дақылдар, сүйекті, жидекті, жаңғақжемісті, цитрусты дақылдарға жіктеледі. Демек мәдени өсімдіктер жергілікті халықты - азық-түлік өнімдерімен, мал шаруашылығын - малазықпен, адамзатқа қажетті шикізаттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер мен олардың іріктемелерін адамзат қаншама жылдар табиғатты4 бергенін жинақтап, жинаушы кезеңді бастан өткізді. Сөйте-сөйте өсімдіктерді өсірумен ғана емес, оны өзіне қажетті өнім беруге сұрыптал, іріктеуді меңгерді. Өсімдіктерден - іріктеме, жануарлардан қолтұқым шы- ғарумен шұғылданады. Әйгілі ғалым Н. И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеді. Ғалым-селекңионер Кәрім Мыңбаев Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекңиясын зерттеуді өркендетті.
Достарыңызбен бөлісу: |