29
инфляциялық өсуіне алып келеді.
2.
Қазақстандағы қазіргі уақыттағы кризистік жағдайда жалпы ұлттық
өнім баға өсуімен қатар жүрмейтін сұраныстың өсуінің кейнсиандық
варианты мақсатқа лайықтырақ болып табылады.
3.
Жұмыспен қамту және ұлттық өндірістің жоғары деңгейіне демеу
көрсету үшін мемлекеттің белсенді араласуы дурыс болар. Бұл араласу қолда
бар фискалдық және монетарлық саясат құралдарын жиынтық сұранысқа
әсер етуге қолдануы керек.
4.
IS-LM
моделі өндіріс пен тұтыну арасындағы фундаменталды
байланысты анықтайды және түпкі өнімді жүзеге асыру саласындағы тепе-
теңдік шарты болып табылады.
5.
IS-LM
моделін валюталық курстың өзгерістерін көрсететін
көрсеткіштермен кеңейту экономикадағы ұлттық ақша бірлігінің валюталық
курсының ағымдағы мәнін коррекциялау арқылы қол жеткізілетін үш жақты
тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Үш жақты тепе-теңдік ұлттық экономиканы
әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы дәрежесінің және халықаралық
капиталдың еркін қозғалысы үшін экономиканың ашықтығы дәрежесінің
сипатын береді. Оның реттелуі монетарлық, фискалдық және валюталық
саясат құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Негізгі түсініктер, терминдер:
Макроэкономикалық тепе-теңдік, мультипликатор, ұлттық өндіріс,
IS-
LM
моделі, валюталық курс, әлемдік шаруашылыққа интеграциялану,
валюталық курстың тұрақтылығы, капиталдардың еркін қозғалысы.
Бақылау сұрақтары:
1.
Л. Вальрас моделінен қандай қорытынды туындайды?
2.
Кейнсиандық моделде қандай фактор жетекші рөлді атқарады?
3.
Макроэкономикалық
тепе-теңдіктің
кейнсиандық
моделінің
неоклассикалық моделінен айырмашылығы неде?
4.
Капитал мобилділігі қандай түрлерге бөлінеді?
5.
Үш жақты тепе-теңдіктің реттелуі қандай құралдардың қолданулары
арқылы жүзеге асырылады?
Достарыңызбен бөлісу: