185
білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің қабілеттігімен үй-лесімді көзқарастар
мен сенімдер.
Ғылыми-педагогикалық тұжырым
жеке тұлғаның қоғамдық қа-
тынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі дүниетанымдық сана, сезім,
ерік, жігер, білім, өмірлік ұстанымдар жүйесінің тұтас қалыпта-су идеясынан
бастау алады.
Дүниетанымдық қызметінің бірі -
әлеуметтік аксиология
: құры-
лымдық-құндылықтық, түйсіндірушілік және сындарлық болып бө-лінеді.
Құрылымдық–құндылық қызметінің мазмұны:
Жақсылық, Әді-леттілік,
Шындық, Сұлулық сияқты түсініктерді талдау. Сондай-ақ, оған әлеуметтік
арман-мұрат туралы түсінік те жатады. Қоғамдық ар-ман-мұрат жеке
тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат адамгершілікке негізделеді.
Жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір қызметі жалпы білімді,
оның құбылыстарын тану мен бағалау және шешім қабылдау үшін пайдалана
алу біліктерін білдіреді. Жеке тұлғаның дүниетанымы:
зат-тық-мазмұндық,
психологиялық және эмоциональды-жігерлік катего-рия.
Әлеуметтік орта - қоғамдық-экономикалық формация түріне, қай тап
пен ұлтқа жататындығына, белгілі топтың ішкі таптық айырма-
шылықтарына, тұрмысы мен кәсібіне тәуелді. Қоғамдық-экономи-калық
формация өзіндік тарихи, демографиялық, географиялық және ұлттық
қалпында өмір салтының белгілі бір түрін, ойлау мен мінез-құлық
амалдарын тудыратын әлеуметтік ортаны қалыптастырады. Сонымен,
қоғамдық-экономикалық формация - әлеуметтік орта - өмір салты – жеке
тұлға – дүниетаным ұйтқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы.
Достарыңызбен бөлісу: