практикалық әрекет теориясы, яғни
оқыту әрекетінің теориясы қажет.
Дидактиканың объектісі мен пәні. Оқыту дидактің де, әдіс-кердің де,
психологтың да, ақпарат теориясы маманының да, кибер-нетиктің де зерттеу
нысаны бола алады. Бірақ әрқайсысы бұл нысанды зерттеуде өздерінің
мақсаты мен зерттеу нәтижелерін нақтылайды. Демек, дидактиканың пәні
- үйрету мен үйренудің тұтастығы , өйткен ол оқыту үдерісіндегі педагог пен
оқушылардыі әркетін таным теория-сы арқылы сипаттайды.
Дидактика пәнін анықтаудың келесі қадамы -
оқытудың педа- гогикалық мәнін ашу. Дидактика теориялық ғылым ретінде
оқытудың әдіснамалық және әдістемелік негіздерін а шып көрсетеді. Дидактика
пәнінің келесі сипаттамасы –
оқытуды тәрбиемен біріктіре қарас-тыруы .
Сонымен,
дидактиканың зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен ұстанымдары .
Дидактиканың қызметтері: оқыту үдерісін және оның орын-далу
шарттарын сипаттау және түсіндіру; оқыту үдерісін жоғары деңгейде
ұйымдастыру, жаңа оқыту жүйелерін, жаңа оқыту техноло-гияларын
құрастыру.
Бұл
қызметтер , дидактика пәнін анықтауда басшылыққа алы-нады:
оқыту
сипаттау, түсіндіру, құрастыру және зерттеу нысаны ретінде
қарастырылды. Оқыту – дидактика педагогиканың ғылыми-теориялық
қызметін орындаған уақытта зерттеу нысаны ретінде алынады.
Құрастырушылық-техникалық қызметтің негізіне
ғылыми- теориялық қызметтің орындалуының нәтижелері алынады. Өзінің
қызметтерінің орындалуында дидактика басқа ғылымдардың, дәлірек
айтсақ: философияның, жалпы психологияның, жас ерекшілік психо-
логиясының, кибернетиканың жетістіктерін қолданады.