190
өмірдің құндылық негізін әлеуметтік қоғамдастықтың, жалпы қоғамның
мақсат-мүдделері мен қажеттіліктерінен іздеуді қажетсінеді. Өзінің ғана
өмірімен айналысқан адам сирек жағдайда ғана өз бақытын таба алады.
Өйткені адам әлеуметтік тұлға. Оның барлық тіршілік әрекеті басқа
адамдармен байланысты. Көпшіл-дік, әлеуметшілдік тұжырымдардың
түйісуі адамның өзін-өзі және бас-қаларды түсінуіне көмектеседі.
Қазіргі жалпы білім беретін мектеп тәрбие институты ретінде
мыналарды қамтиды:
-
білім беретін және тәрбиелейтінұйым, тәрбиені оқыту әрекеті
арқылы жүзеге асырады;
- оқу үдерісінен тыс уақытта педагогтардың оқушылардың өмірін
ұйымдастыруы;
- әлеуметтік-психологиялық топтардағы (жалпы мектеп және соның
ішіндегі кішігірім топтар) педагог ұйымдастырмаған оқушылар-дың еркін
қарым-қатынастары.
Мектептегі тәрбиені осылай бөліп көрсету арқылы оқушылар-дың
өзара әрекеттесу белсенділігі жүзеге асырылып, жеке тұлғалық сапалары
жетілдіріледі.
Мектеп ашық әлеуметтік жүйе ретінде мынадай жұмыс түрлерін
ұйымдастырады:
- мектептің отбасымен қатынасын кеңейту;
- мектептің қосымша білім беру ұйымдары, мәдени және басқа да
әлеуметтік институттармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
- педагогтардың ұйымдастыруымен оқушыларды қоғамдық ортамен
байланыстыру, (мысалы, мектеп түлектері, ардагерлер, мәдениет және
спортбірлестіктері)
-
педагогикалық ұжымның көмегімен өзге балалар шығарма-шылық
ұйымдарымен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру;
-
сабақ пен сабақтан тыс іс-шараларды мектептен тыс орындарда
жүргізу (шеберханалар, зертханалар, табиғат аясында)
Достарыңызбен бөлісу: