Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқыту үдерісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру



Pdf көрінісі
бет194/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Оқыту үдерісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру 
- білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Оқыту мен білім берудің 
тәрбиелік мүмкіндіктері. 
Оқытудың түрлеріне дамыта оқы-ту, модульдік 
оқыту, проблемалық оқыту т.б. жатады.
Дамыта оқы-тудың
мақсаты білім 
алушының күнделікті өмірге тәуелсіз, сонымен қатар ақиқатты іздей отырып, 
өзіндік оқуы арқылы білім алуға қол жеткізуі.Дамыта оқыту әр білім 
алушының дербес танымдық әрекет-терге ұмтылуға құштарлығын, белсенді 
өмірлік қағидаттарын қалып-тастырады. Білім алушының жеке басын 
дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Ол оқытуда қолданылатын 
дидактикалық ойындар, пі-кірталастар, сонымен қатар шығармашылық 
қиялы мен ойлауына, есте сақтауына, сөйлеуіне бағытталған түрлі іс-
әрекеттерге білім алушы-ларды өту түріндегі оқыту әдістерін қолдану 
арқылы жүзеге асыры-лады. Дамыта оқыту білім алушының жан-жақты 
тұлғалық сапасының дамуына, өзіндік ой-тұжырымын жасауына, өзіндік оқу 
іс-әрекетіне талдау жасауға және оны басқара білуіне бағытталған. 
 
Модульдік оқыту. 
Модульдік оқыту – оқу ақпаратын блокты – модуль 
негізінде беру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі. Оқу мазмұны 
ақпаратты блоктарда беріледі де меңгеру мақсатқа сәйкес жү-зеге 
асырылады. Модульдік оқыту барысында білім алушылар үшін оқытылатын 
білім көлемі ғана емес, оны меңгеру деңгейінің дидак-тикалық мақсаты 
тұжырымдалады. Модульдік оқыту білім алушылар-дың базалық 
дайындығының деңгейіне, жеке сұраныстары мен икем-ділігіне қарай 
оқытуды қамтамасыз етеді. Оқытуды дараландыруды оқу мазмұны, 
меңгеруін, өзіндік деңгейі, әдісі мен тәсілі, бақылау, өзін-өзі бақылауы
қамтамасыз етеді. 
Проблемалық оқыту. 
Проблемалық оқыту – өзіндік дүниета-нымын 
қалыптастырудың барынша өзекті құралы. Проблемалық оқы-тудың 
тиімділігі ол білім алушылардың сыни, шығармашылық, диа-лектикалық 
ойлауын қалыптастыру міндетін шешуден тұрады. Проб-лемалық оқыту 
логикалық тәсілдер жүйесін немесе жекелеген шы-ғармашылық іс-


254 
әрекеттерін, жаңа жағдаятта білімін шығармашылық-пен қолдану 
біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол шы-ғармашылық 
тәжірибесінің молаюына, зерттеушілік әдістерді меңге-руіне, практикалық 
проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Проб-лемалық оқыту оқудың 
қажеттілігін, уәжін қалыптастыруға, яғни әлеуметтік құзыреттілігін, 
адамгершілік, танымдық қажеттілігін құ-руға мүмкіндік береді. 
Оқытудың үшқызметі
бар: білім беру, тәрбиелік, дамыту-шылық. 
1.Оқытудың
білім беру
қызметі. Оқушыларға білімді толық игерту үшін 
негізгі талаптарды ескерген жөн. Олар: білімнің толық-тылығы; білімнің 
жүйелілігі, үйлесімділігі, бірізділігі; білімнің ұғым-дылығы – оқушылардың 
өз бетімен ізденіп білімді меңгеру үшін олар-дың ойын дамыту; білімнің 
әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану 
мүмкіндігін жасау. Оқытудың білім бе-ру қызметі қазіргі кезде ғылым 
негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген, өз бетімен білім ала алатын, жоғары 
білімді маман даярлауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет. 
2. Оқытудың
тәрбиелік 
қызметі

оқыту барысында тәрбие-нің мақсаты, 
міндеттері, мазмұны, тәсілдері анықталады. Тәрбие мен оқытудың 
байланысы 
біржақты 
қарастырылмайды, 
керісінше, 
біртұ-тастық 
ұстанымына негізделіп бірлікте қарастырылады. Демек, білім бере отырып 
тәрбиелейді, тәрбиелей отырып білім береді.
3. Оқытудың 
дамытушылық
қызметі. Оқыту барысында оқу-шыларға 
білім беру, тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-се-зімі, 
шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттері да-миды. Демек, 
тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды. Дамудың ерек-шелігі – ол өз алдына 
жеке өмір сүрмейді, ол оқытудың, білім беру және тәрбиелеу қызметінің 
жалғасы болып есептеледі. Тәрбие мен бі-лім беру дамудың алдында жүріп 
отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет