Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


факторларды қарастырып өтейік. 1)Жаһандану үрдісі



Pdf көрінісі
бет15/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

факторларды
қарастырып
өтейік.
1)Жаһандану үрдісі.
Бүкіл дүниежүзілік деңгейде мемлекеттердің 
өзара ықпалдасуына әсерін тигізіп тұрған жаһандану үрдісі адамдардың 
планета көлемінде көрініс тауып отырған экологияның бүлінуі, су 
ресурстары үшін күрес, ғаламдық жылыну қаупі, мемлекеттер мен 
құрлықтардың экономикалық даму деңгейлеріндегі үлкен айырмашылықтар, 
ядролық қару зардаптары, саяси тұрақсыздық және терроризм секілді 
ауқымды мәселелерді шешу әлемдік қауымдастықтың бірлесе әрекеттесуін 
қажет
етеді. 


14 
Ағылшын тілінен аударғанда «жаһандану» сөзі әлемдік, жалпы, бүтін, 
бәрін қамтушы мәнін білдіреді. Жаһандануды әрі дүниежүзілік кеңістікке 
ену, әрі әлемдік қарым
-
қатынасқа көпұлтты қауымдастықтардың кіруі 
ретінде түсіндіруге болады. Сонымен, 
жаһандану
– 
қарқынды өсіп жатқан 
дүниежүзілік дәрежедегі факторлардың жеке мемлекеттердегі шынайы 
әлеуметтік жағдайларға ықпал ету үдерісі.
2)
 
Қазіргі
заманда 
ақпараттық технологиялардың
қарқынды 
дамуы негізінде адамдардың тұрғылықты жерінің аумағынан аспай
-
ақ 
алыстағы қажетті ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейді. Дәлірек 
айтсақ, бұрынғы кезде
адамдар
басқа елдің адамдарымен тек хат, телеграмма 
және т.б. арқылы қатынаса алса, қазір адамдардың қарым
-
қатынасы 
уақытпен де, кеңістікпен де еш шектелмеген. Электронды техника мен 
телекоммуникация желілерінің 
on-line
форматтарының дамуы арқасында 
қазіргі адамға жер шарының кез келген нүктесіндегі адамдармен байланысу 
мүмкіндіктері кеңінен ашылған. Ақпараттандыру үдерісі
әр адамды әлемдік 
қауымдастықтың бөлшегі екенін сезіндіріп, объективті шындық шегінің 
кеңейгенін ұғындырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет