Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Кесте 3- Тұжырымдамада көрсетілген тәрбие бағыттары бойынша ғылыми-



Pdf көрінісі
бет170/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

Кесте 3- Тұжырымдамада көрсетілген тәрбие бағыттары бойынша ғылыми-
зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары 

Бағыттары 
Зерттеуші ғалымдар

Қазақстандық
патриотизм 
және 
азаматтық 
тәрбие, 
құқықтық 
тәрбие 
бойынша
К.Құнантаева, И.Б.Мадин, С.Ешімханов,И.Р. Халитова, 
С.Ғаббасов

Ә
.
Жұмаханов,Е.Ө Жұматаева, К.К.Жампеисова, 
Е.З.Батталханов, 
С.Т.Иманбаева, 
А.Бейсембаева, 
Р.Мұратханова, 
Н.Ә.Мұхамединова,Р.А.Жанабаева,
С.Ешiмханов, М.В. Зима, Д.Құсайынова, И.И.Валеев, 
Г.Н.Волков, Н.Ромашов, С.Нұрмұқашева, В.Г.Храпченков, Е.О. 
Омар т.б.

Рухани
-
адамгершілік 
тәрбие 
мәселесіне 
байланысты
Қ.Б. Бержанов,С.Мусин 

Қ.Б.Сейталиев,Э.А.Орынбасарова 
,
А.А.Калюжный

А.Н.Ильясова
,
Р.К.Төлеубекова
,
Е.Жұматаева

Ш. 
Майғаранова
,
А.А.Бейсенбаева,А.Ким

Б.І.Иманбекова, 
Н.С.Алқожаева, А.Е.Дайрабаева
,
Ж.Б.Қоянбаев
,
Р.М. Қоянбаев
т.б.

Ұлттық
тәрбие
А.Э.Измайлов, 
Г.Н.Волков, 
А.Ш.Гашимов,К.Пирлиев, 
С.Қалиев, 
Қ.Жарықбаев, 
Қ.Бөлеев, 
С.Ғаббасов

С.Кенжеахметұлы

С.Қ.Абілдина, 
К.Қожахметова

Ә
.
Табылдиев

С.Т.Иманбаева

Г.Қ.Шолпанқұлова

Д.А.Нұрғалиеват.б.

Отбасы 
тәрбиесі
Г.Байдельдинова, Н.Тригубова, Б.Мұқанова, С.Қоңырбаева,
А.Капенова, А.Шумебаева, Г.Сейдалиева, К.Құмаржанова, 
Ж.Торыбаева т.б.

Еңбек, 
экономикалы
қ 
және 
экологиялық 
тәрбие
Ә.С.Бейсенова, 
А.С.Иманғалиев, 
Л.Х.Мажитова, 
О.У.Мұсабеков, Б.А.Абдыкаримов, Г.А.Уманов, Г.Т.Хайруллин, 
М.А.Құдайқұлов, 
К.Ә.Дүйсенбаев, 
К.Өстеміров, 
Р.А.Дәрменова, С.А.Жолдасбекова, Н.Б.Рахметова, Х.Қ. 
Шалғынбаева т.б.

Көпмәдениет
ті 
және 
көркем
-
Ж.Ж.Наурызбай,С.А.Ұзақбаева

Р.Қ.Дүйсембінова
,
Б.А.Жетпісбаева, 
М.Қ.Қаламқалиев, 
М.С.Юнусова, 
М.Р.Балтабаев, 
С.Қ.Абильдина, 
З.Б.Қабылбекова, 


195 
эстетикалық 
тәрбие 
Г.К.Тлеужанова, Абсаттова М.М., Т.Ш.Оралбекова , 
Қ.Базарбаева т.б.

Зияткерлік 
тәрбие,ақпара
ттық 
мәдениет 
тәрбиесі
Г.Қ.Нұрғалиева,Ф.Ш.Оразбаева,С.Т.Иманбаева,А.Е.Берікханов
а,Г.К.Шолпанқұлова

Т.Қ.Ауелғазина

К.З.Халыкова

Д.А.Нұрғалиева,
С.Махмутов, т.б.

Дене 
тәрбиесі, са
-
лауатты өмір 
сал
-
ты
М.Тәнікеев, Б.Төтенаев, Ж. Бөжиг т.б.
4.4.
Тәрбиенің заңдылықтары.
Заңдылық ретінде 
тәрбие үрдісіндегі тұрақты 
құбылысты қарастырады, оны іске асыру кезінде жеке тұлғаның дамуында 
және қалыптасуында әсерлі нәтижелерге қол жетеді

Тәрбие үдерісінің
бірнеше ерекшеліктері педагогикалық заңдылық ретінде көрініс береді.
Заңдылық дегеніміз 
– 
қоғамның
мақсаттары мен міндеттеріне сай 
келетін, заң аясындағы
шықпайтын құқықтық әрекеттер мен құ
-
қықтың
орындалуына саналы түрде жету.
Тәрбиенің педагогикалық заңдылығын объективтік, жеке адам
-
ның 
еркіне бағыныссыз, тәрбие үдерісінде өзіндік тұрақты
қасиеті бар көрініс 
деп біледі
.
Заңдылықты айқындау дегеніміз
-
педагогикалық үдерісті (идеал
-
дық) 
мүлтіксіз жоспарлау, сөйтіп тәрбиені бақылап, басқарудың ғылы
-
ми жүйесін 
тәжірибеге енгізуге байланысты атқарылатын іс
-
әрекет.
Тәрбие жұмысының заңдылықтарына баланың үнемі жетілуі, даму 
жағдайында болуы; тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара бай
-
ланыстылығы; тәрбие мен өзін
-
өзі
тәрбиелеудің бірлігі және өзара 
байланыстылығы т.б. жатады.
Тәрбие ісінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажетін өтеуге 
сай келуі,
оның демократиялық принципті іске асыруы, адам құқығын қорғау 
мәселелері мен тығыз байланыстылығы. 
Заманауи
тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық 
халықаралық стандарт болып та
-
былатын жалпыадамзаттық құндылықтар 
мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам 
құқығының жалпыға бірдей декларациясы", "Бала құқықтарының 
Конвенциясы") құжаттар
-
ды жасады. Олар тәрбиенің теориясы мен 
әдіснамасымен, тәрбиенің мұраттарымен рухани құндылықтарының үлгісін 
жасауға жаңаша бағыт белгіледі. 
Тәрбие үдерісінің диалектикасы.
Тәрбие үдерісі өзінің жараты
-
лысы 
жағынан диалектикалық болып келеді. Ол жеке тұлғаның үздік
-
сіз дамуда, 
өзгерісте, қозғалыста болуына байланысты. Тәрбие үдерісі
-
нің негізі өмірде 
кездесетін себептерге сондай
-
ақ ол баланың жас ерекшеліктеріне де 
байланысты дамуда, өзгерісте, өсуде болады. Тәрбие үдерісінің 
диалектикасы да
-
мудың ішкі және сыртқы заңдылықтарына бағынады. Даму
-


196 
дың ішкі қайшылығының бірі 
– 
жеке тұлғаның даму үдерісінде білуге 
құмарлығы мен білмейтін жұмбақ істердің арақатынасынан туындай
-
ды. Ал 
сыртқы қарама
-
қайшылықтарды жеңу ісі де тәрбие үдерісінің қозғаушы күші 
болып саналады. 
Оқушылардың жас және жеке басы ерекшеліктерінің ескеру 
негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы.
Педагогикалық қам
-
қорлықтың
ең жоғарғы мақсаты мен мәні бағдарлама, іс
-
шаралар, түрі мен 
әдіске қол жеткізу емес, баланың, жасөспірімнің, жас жігіттің тұлғасы болуы 
керек. Олардың даралығын, өзіндік мінез
-
құлықтарын, өз бойындағы 
қасиеттерді сезінуін биік руханилыққа жетістіктерге дейін дамыту керек. 
Тәрбиенің екі жақты сипаты
. Тәрбиешінің
тәрбиеленушімен
тікелей 
байланыс арқылы іске асырылатын әрекет. Тәрбиешінің қолында кері 
байланыс арқылы жинақталған хабар неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпал 
соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бұл заң
-
дылық мұғаліммен 
оқушының өзара әрекеттесуін және тәрбиенің нәти
-
желі болуын 
қарастырады. Егер тәрбие үдерісіне
қатысушылардың өза
-
ра байланысы 
нәтижелі болмаса, тәрбие ісінің тұтастығы да болмайды. Бұл заңдылықтың 
нақты көрінісі оқушының сабақ үстіндегі белсенділігімен тәрбие 
нәтижелерінің арасындағы байланыс арқылы көрініс та
-
бады: тәрбиелік 
әрекет
неғұрлым қарқынды, саналы түрде жүргізілсе, соғұрлым тәрбиенің 
сапасы жоғары болады. Ендеше, тәрбие үдерісінде мұғаліммен
оқушының 
екіжақты байланысты әрекетін
сипаттайтын өзара тұрақты әрекеттестікті 
жүзеге асыру талап етіледі. Бұл үшін тәр
-
биешінің өз шәкіртін жақсы көруі 
және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі 
қажет

Тәрбиеге еріктілік және шығармашылық көзқарас.
Тәрбие үде
-
рісі 
ізгілікке септігін тигізеді. Тәрбиеленушілердің өзіндік ізгі еркі болмайынша, 
тәрбиенің негізгі идеяларын: даму идеясын (кедергілерді жеңе білу), 
ынтамақтасу идеясын жүзеге асырудың үлгісі бола алмайды. Тәрбие үдерісі 
күштеумен жүргізілетін болса, онда балада да, мұғалімде
де
адамгершілік 
күйрейді. Тәрбиеші баланың қызығушылығына, ой
-
қиялына, азаматтық 
борыш
-
сезіміне, 
өз 
бетінше 
әрекет 
етуге 
тырысушылығына, 
шығармашылығына сүйенген жағдай
-
да ғана тәрбиеленушінің
еркіндігі 
көрініс табады. 
Тәрбиенің ұжымдық бағыттылығы.
Бұл заңдылық мектеп өмір сүріп 
отырғанда
жағдайда өзінің мәнін жоғалтпайды. Мектептің жаңа 
ұйымдастырушылық құрылымы, оқу
-
тәрбие үдерісінде
мақсаты мен 
мазмұны, оқушылар мен жүргізілетін жекелей, топтық, сонымен қатар 
ұжымдық іс
-
әрекетті сол қалпында сақтауды қажет етеді.
Әрбір
адам ұжымда қолайлы жағдайға ие болу үшін және өзінің жеке 
қабілетін айналасындағыларға көрсете білу үшін өзінің күш
-
қуатын 
жұмсауға тырысады. Сонымен бірге, бұл жағдайға бару жұрттың бәрінің 
қолынан келе бермейді. Оған түрлі субъективті және объективті себептер 


197 
кедергі болады. Кез келген адам өзінің бойындағы табиғи мүмкіндіктерін 
табысқа жету үшін пайдалана алмайды, ұялшақтықты жеңе білмейді, ұжым 
мен құндылық бағдардағы пікір қайшылығына сын көзбен қарай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет