Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет34/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

объектісі
де бола 
алады, яғни, тұлға қоғамның әсерлі ықпалы нәтижесінде әлеуметтенеді, 
тәрбиеленеді, білім алады. Жеке тұлға
-
қоғамдық
өмірдегі күрделі, көпжақты 
құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында 
жеке тұлға
деп белгілі бір іс
-
әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен 
өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір 
қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға

қоғамдық
мәні бар адам. 
Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық қатынастар жүйесі 
мен еңбек іс
-
әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады. 
Жеке тұлға

индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның
әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыра алу 
қабілеттері. Адам жеке тұлға ретінде өзінің санасының даму деңгейімен, өз 
санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлғалық 
қасиеттері
арқылы адам қоғамдық қатынастарға қатысады. Психологиялық
-
педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер қалыптасқан: 
-
әр адам жеке тұлға бола алады.
-
жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарларға 
қатысты тұлға ұғымы қолданылмайды. 
 
-
жеке тұлға 
– 
тарихи дамудың нәтижесі.
 
-
тұлғалық
қасиеттері арқылы
адам басқа адамдардан ерекшеленеді. 
 
-
жеке тұлға 

іс
-
әрекет объектісі және субъектісі.
 
Жеке 
тұлғаның 
өзіндік
 
белгілеріне 
оның: 
саналылығы,
жауапкершілігі,жеке «Мен» жүйесінің болуы, белсенділігі (өзінің іс
-
әрекет
саласын кеңейтуге құлшынысы);
бағыттылығы (ынта, қызығушылықтар, 
қажеттіліктер, сенімдер жүйесі);
адамиқадір
-
қасиеттері, әлеуметтік топтармен, 
ұжымдармен өзара әрекеттестігі жатады.
Педагогикалық сөздіктерде 
жеке тұлға
ұғымы
-
әлеуметтік
қатынастардың 
және саналы іс
-
әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға өзін 
мынандай үш бағытта
көрсете алады:іс
-
әрекеті

басқалармен қарым
-
қатынасы

өзіне деген қатынасы арқылы.
Белгілі психолог К.К. Платонов жеке тұлғаның сапаларын жүйелеп, оның 
иерархиялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет