Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет62/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

шарты.Сөйлеу мәдениеті
дегеніміз адамның қарым
-
қатынас жасаудың 
тілдік құралдарын дұрыс таңдай отырып, әдеби тілдің жазбаша және ауызша 
нормаларын меңгеру арқылы ойды айқын және әсерлі жеткізе алуы. Кәсіби 
қарым
-
қатынас жасауда аталып отырған тіл мәдениетін толығымен меңгере 
алу көптеген жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Болашақ 
мамандар өздерінің кәсіби дайындығы кезінде негізгі арнайы білімдерімен 
қатар
сөз сөйлеу мәдениетін де жоғары деңгейде қалыптастырулары қажет,
себебі ол жалпы әдептіліктің 
негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. 
Мұғалімнің сөз сөйлеу әдебі
дегеніміз кез келген жағдайларда сөздік, 
тілдік құралдарды дұрыс пайдалану ережелерінің жиынтығы. Әр
маман үшін 
тіл мәдениетін дұрыс меңгеру оның абыройының ар
-
туының, кез келген 
ортада өзіне деген сенім мен құрметке бөленуінің негізі. Адамдар 
арасындағы қарым
-
қатынас моральдық нормалармен реттелгендіктен 
бойында дұрыс қалыптастырылған тіл мәдениеті оның тәрбиелілігі, жалпы 
мәдениеттілігі, тұлғалық сапаларының өлшеміне айналады. Қарым
-
қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де көп жетістіктерге 
қол жеткізеді, жұмысында да беделі мен абыройы жоғарылап, қоршаған 
адамдардың сый
-
құрметіне бөленетіні сөзсіз
.


55 
Тіл мәдениеті отбасынан басталып, кейіннен мектептің оқу
-
тәрбиелік 
үдерістерінде, жоғары оқу орындарында, жалпы адамдардың өзара қарым
-
қатынасы негізінде дамып қалыптасады.
Педагог мамандар үшін ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі 
әдеби
тіл нормасы мен тіл тазалығын сақтай отырып

жеткізе білулері 
олардың коммуникативтік құзыретіліктерінің көрсеткіші болып табылады. 
Сөз сөйлеу әдебін 
қалыптастыру
үшін әр педагог өздігінен білім алып, 
қосымша 
тренингтер, 
семинарларға 
қатысып, 
анықтама
-
лық, 
лингвистикалық сөздіктермен жұмыс істеп үйренулері тиіс. 
Осы салада арнайы зерттеу жүргізген мамандардың пайымдауынша, 
педагогтардың сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына мынадай негізгі 
көрсеткіштер әсер етеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет