Орта білім беру: құрылымы мен мазмұны мазмұндық және ұйымдастырылуы бойынша орта білім беру толық кешенді мектептер, гимназиялар, лицейлер деп үш типке бөлінеді. Меншігіне қарай мемлекеттік және жекеменшік мектептер деп екі түрге бөлінеді. Оқытудың формаларына қарай–күндізгі мектеп, атаулы мектептер, интернаттар деп бөлінсе, оқытудың ерекше жағдайына қарай мектеп-интернаттар, дарынды балалар мектебі, мүмкіндігі шектеулі балалар мектебі деп аталады.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы“ Заңына сәйкес үш сатылы: бастауыш саты (1-4-сынып), негізгі (5-9-сынып) және (10-11(12)- сынып) жоғары сатыны қамтитын міндетті және тегін орта білім беру әлемдік білім беру үдерісіне сәйкес жетілдірілді. Орта білім берудің әртүрлі жолдары айқындалды. Жалпы білім беретін мектеп (күндізгі, кешкі, қашықтықтан оқытатын (сыртқы), кәсіптік мектептерге(лицей) және мектептің жоғары сатысының жалпы және кәсіби білім беретін оқу мекемелері мектеп бағдарламасы бойынша кәсіби білім алатын колледждер негізінде ұйымдастырылатын болды.