Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқытудың жобалау технологиясы



бет323/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Оқытудың жобалау технологиясы. Бұл технологияның негізін американдық педагог Дж.Дьюи қалаған деп есептеледі. Жоба-лау технологиясы проблемалық оқыту технологиясының идеяларымен үндеседі, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Оның басты айырмашылығы балаларға тапсырмалар берудің өзгешелігінде. Оқушыларға берілетін тапсырмалар олардың теориялық білімдерді нақты өмірлік тәжірибеде қолдана алуларына бағыттайды. Оқушылар өзіндік ізденіс үдерісінде алдарына қойылған мәселенің немесе тапсырманың шешімін тауып, оның дұрыстығын дәлелдеп қорғап шығулары талап етіледі.

Мұғалім бұл технология бойынша тек бағдар беруші рөлін ұстанады: оқушыларға әдебиет көздерін оқуды, өз беттерінше жұмыс істеу тәсілдерімен таныстырып отырады. Ең ұтымды жағы - оқушылардың танымдық әрекетке қызығушылығының артуы. Оқушылар алған академиялық білімдерінің нақты өмірлік тәжірибедегі құндылығын, болашақта қажеттілігін осы жобалық тапсырмаларды орындау арқылы жақсы түсінетін болады.
Жобалау технологиясы бойынша оқушылардың өздік жұмыстарын орындау түрлері төмендегідей жіктелуі мүмкін: жеке іс-әрекет; жұптық іс-әрекет; топтық іс-әрекет. Жобаны орындау үшін нақты бір уақыт мерзімі бекітіледі. Осы уақыт ішінде жобаны орындаушылар өздерінің меңгерген теориялық білімдерімен қатар, жеке тәжірибесі негізінде түрлі салалардағы жинақтаған білімдерін жүйелейді. Орындалған жобаның нәтижесі нақты және практикада қолданылатын болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет