Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Интерактивті қарым-қатынас -



бет58/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018, 17 группа, 1-4. ежелгы, прррр3, МОРФ.ОТВЕТЫ, есеп
Интерактивті қарым-қатынас - адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады. Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек жақсы жақтарын ғана танытқысы келеді. Ал адам өзінің қабілеттерін тек өзін еркін сезінетін ортада ғана жақсы көрсете алады. Сондықтан педагогикалық үдерісте толыққанды қарым-қатынас орнату үшін ынтымақтастық ортаның атқаратын рөлі жоғары. Педагогикалық әдебиеттерде көпшілік арасында тұлғаның өзін-өзі дамытуына қатысты ұжымның атқаратын екі қызметі анықталған.
Біріншісі, ұжымның өзі тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады (ұжым тұлға бойында жағымды әлеуметтік іс-әрекеттерге деген оң көзқарастарын, ұжымдық іс-әрекетке қатысуға деген қызығушылықтарын, қоғамдық борыш, белсенділік т.б. қасиеттерді дамытады).
Екіншісі, ұжым осы үдерісті тікелей ұйымдастырады (тұлғаның санасын қалыптастырады, өзін-өзі жетілдіруге ынталандырады, өз талаптарының нәтижелерін жоспарлап бағалауда көмек көрсетеді).
Педагогика ғылымында А.С.Макаренко жеке тұлғаны ұжымдажәне ұжым арқылы тәрбиелеудің жүйелі теориясын құрастырып, оның даму заңдарын тереңінен теория және практика тұрғысынан зерттеген. Қазіргі кезде педагогика ғылымында ұжым мүшелері арасындағы белсенді қарым-қатынастар, ұжымды басқару ерекшеліктері, ұжымдағы шағын топтардың пайда болуы, ұжымдағы шиеленістік жағдайлар және оны шешу жолдары сияқты мәселелер зерттелуде.
Интерактивтік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды, оның барысында оқушылардың да, педагогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға тиімді, қолайлы жағ-дайлар жасалуы көзделеді.
Ұжым ішінде бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының қалыптасуы симпатия деген ұғыммен анықталады. Ал антипатия – бір адамның басқа адамға теріс көзқараста болуы, жақтырмауы.
Белсенді қарым-қатынастың негізгі ерекшелігінің бірі ре-тінде оның бір топтағы адамдардың ортақ мақсатқа жетудегі бірлескен іс-әрекеттерін қарастыруға болады. Яғни, бұл жерде адамдардың өзара әрекеттестігі маңызды болып көрінеді. Белсенді қарым-қатынастың екі түрі болады:

    1. кооперация– топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ мақсатқа жетуді көздейді.

    2. конкуренция– топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі бірінен озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске бармайтындай етіп ұйымдастыру мұғалімнің құзырында.

Педагогикалық үдерісіндебелсенді қарым-қатынас барысында оқушылардың өзара ақпраттармен алмасуларымен қатар олардың өза-ра ынтымақтастық әрекеттеріне бейімделулері маңызды. Сондықтан мұғалімдер оқытудыңбелсенді әдіс-тәсілдер жүйесін жақсы меңгеруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет