Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет115/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Басқару теориясы. Мектепті басқару туралы білім дер жиын-тығы мектептану деп аталады. Қазіргі заман мектебі күрделі жүйе болғандықтан, ол оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің, оқу-тәрбиелік қызмет көрсететін ұстаздардың іс-әрекеттерінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады.
Ғылыми басқару – белгілі нәтижеге жету мақсатында жоспар-ланған жүйелерді басқару. Ғылыми басқарудың мынадай белгілері бар: жалпы таным мен обьективтік заңдылықтарды саналы пайдалану; басқару ықпалының үздіксіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету; бас-қарылатын обьектілер мен үдерістерді модельдеу; құбылыстарды бағалаудың сандық өлшемдерін қолдану.
Мектепті басқарудың басты мәні - педагогтардың педагогика-лық үдерісте жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты басқару.
Педагогикалық үдерісті ғылыми негізде басқару мұғалімнен басқару теориясын игеруді талап етеді, жалпы және арнайы ұйым-дастыра білу білім деңгейін көтеруді, оның барлық бөліктерін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етуді, басқару нысанының өзіндік ерекше-ліктерін бейнелейтін басқару әдістерін игеруді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет