Оқыту әдістерін таңдау. Педагогика ғылымында мұғалім тә-жірибесін зерттеу негізінде оқу-тәрбиелеу барысының нақты жағдай-лары мен шарттарының түрлі ұштасуына байланысты оқытудың түрлі әдістерін таңдаудың нақты жақтары қалыптасты. Оқыту әдістерін таңдау бірнеше жағдайларға байланысты: - оқу, білім беру, тәрбиелеудің және оқушылардың дамуының жалпы мақсатына және қазіргі дидактиканың алдыңғы қатарлы нұс-қауларынын жалпы бағыттарына; - осы ғылымның және оқытылатын пәннің, тақырыптарының мазмүнының және әдістерінің ерекшеліктеріне; - нақты оқу пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін және жалпы дидактикалық әдістерді таңдауға керек ерекше талаптарына; - нақты сабақ материалының мақсаты, мазмұны мен мін-деттеріне; - материалды оқып-үйренуге берілген уақытына; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне және олардың нақты, тану мүмкіншіліктеріне; - оқушылардың дайындық деңгейіне (білімділік, тәрбиелілік және даму); - оқу мекемесінің материалдық қамтамасыз етілуіне, құрал-жаб-дықтардың, қөрнекі құралдардың, техникалық қүралдардың болуына; - мұғалімнің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, практикалық және теориялық дайындығы мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Аталған жағдайлардың орындалу кезінде мұғалім бірнеше ше-шімді, яғни: ауызша, көрнекі немесе практикалық нақты әдістер таң-дау, өзіндік жүмысты басқаруының репродуктивтік немесе іздену әдіс-терін ұстану және өзін-өзі ұстау әдістерін қолдану туралы шешім қабылдайды.