Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, бі-лім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы



бет95/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

1.2. Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, бі-лім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Тәрбие категориясы ең алғашқы педагогикалық категориялардың бірі. Тәрбие екі мағынада қарастырылады: кең мағынадағы тәрбие және тар мағы-надағы тәрбие.
Кең мағынадағы тәрбие-ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; тар мағынадағы тәрбие-субъект-субъектілі қарым-қатынасқа негізделген ұстаздан шәкіртіне, ата-анадан балаға берілетін тәрбие.
Тәрбие дегеніміз-құнды әлеуметтік тәжірибені, мәдени құнды-лықтарды меңгерте отырып, тұлғаның өзін-өзі дамытуға, қоғаммен үйлесімді қатынаста болуына бағытталған үдеріс.
Оқыту – тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәтижесінде белгілі білімдер, іскерліктер, дағдыларды, тәжірибені және өз мінез-құлқын, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Білім – адам, қоғам, табиғат, заттар мен құбылыстар жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесі; адамзаттың жинақтаған мол тә-жірибесі; ұғымдардың, заңдылықтардың, тұжырымдардың, қағида-лардың, деректердің, пайымдардың жиынтығы т.б.
Білім беру – қоғамдық, әлеуметтік, мәдени құбылыс; қоғам мен мемлекеттің өзінің азаматына қатысты қызметі; тұлғаның мәде-ниеті, мәдени құндылық; білім, білік, дағды-машықтардың және ойлау құралының жүйесі; ғылыми көзқарастар, шығармашылық қабілеттер мен мүмкіндіктерді дамыту үдерісі; терең сапалы білім негізінде жеке тұлғаның еркін бағдарлай білу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамыту үдерісі; білім, білік, дағды мен іс-әрекеттердің жиынтығы және оны жүзеге асырудағы адамның іс-тәжірибесі; білім берудің тұтастығы, нәтижелілігі т.б. білім берудің қоғамдық қызметтері тұрғысынан ол – әлеуметтік тәжіриені жеткізудің құралы.
Оқыту дидактиканың маңызды категорияларының бірі; оқы-тушы мен оқушының өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатына-сы, іс-әрекеті; білім беру, біліктері мен дағдылары, іс-әрекеттерді мең-герту үдерісі; белсенді шығармашылық әрекетті басқарудың негізгі жолы; сапалы білім беру, тәрбие, дамыту мақсаттарына сай оқушы-лардың шығармашылығын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдасқан іс-әрекет т.б.
Құзыреттілік - оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі.
Педагогикалық категориялардың өзара бірлігі мен байланысын қамтып тұрған базалық категория - педагогикалық үдеріс категориясы. Педагогикалық үдеріс - бұл қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Педаго-гикалық үдеріс - субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын қарым-қатынастардың жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет