Тауды көрсең күн көзімен таласқан, Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан



Дата09.12.2022
өлшемі13,61 Kb.
#161970
Байланысты:
стих
интернет сведения, дарынды балармен жұмыс, дарынды балармен жұмыс, есептер, СОР динамика 2022 год, рецензия новая, сынып сағаты, 50ideas, химия тех беопас, 11 сынып прак 17 11

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Менің байтақ республикам таулары —
Менің көгім мөлдіреген сол аспан.
Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ республикам даласы,—
Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.
Орман көрсең кең даланы ораған,
Жолдар көрсең шартарапқа тараған,
Менің байтақ республикам орманы,—
Менің жолым Ленин салған жаңадан.
Тұлпар көрсең желдей ұшып заулаған,
Сұңқар көрсең бұлтта қанат самсаған,
Менің байтақ республикам тұлпары,—
Менің құсым көктің жүзін шарлаған.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан-байтақ республикам бұл менің.
Достар келіп тірей қалса ат басын,
Қарт Алатау иіп қардай ақ басын,
Қарсы алады ашық күнмен ашып бір,
Алматының аспанының қақпасын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет