Таяудағы 2-3 жылда дуалды, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек



Дата16.01.2020
өлшемі40,5 Kb.
#55976
Байланысты:
дуалды

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында  «Таяудағы 2-3 жылда дуалды, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек»  яғни, келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет деп  атап көрсеткен.  Қазақстанның инновациялық болашағы еңбек ресурстары сапасына сай тікелей байланысты болғандықтан түбегейлі жаңа әдіс және технология  қажеттілігі туралы мәселеге  Елбасы аса назар аударды. Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту үдерісі басталды. Осыған орай, мамандарды даярлау жүйесінде оқытудың дуалдық жүйесін енгізу тапсырылды. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Дуалды білім беру дегеніміз, ол – техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы  мамандарын даярлау деген сөз.

КМҚК «Аягөз қаласының политехникалық колледжі» дуалды білім беру бағдарламасы бойынша 2016 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді.

Студенттер дуалды білім беру бағдарламасының талабы бойынша 40 пайыз теориялық оқыту, 60 пайыз өндірістік мекемелерде тәжірибеден өтеді.



Дуалды білім беру бойынша оқитын топтар:

  1. 17-ГЭС-3

  2. 18-ГЭС-2

  3. 19-АЖШ-1

  4. 19-ТМ-1

  5. 19-ВТ-1

  6. 19-БР-1

2019-2020 оқу жылында дуалды білім беру бағдарламасымен құрылыс, қызмет көрсету, көлік, байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласы бойыша Аягөз вагон жөндеу депосы ЖШС «Қамқор вагон», «Магзумов» жеке кәсіпкер, ЖШС «Алмас-құрылыс», Аудандық Қазақтелеком АҚ бөлімшесі, аудандық салық басқармасы, «Қамқор локомотив» ЖШС Аякөз локомотив жөндеу депосы филиалы мекемелерімен 3 жақты келісімшарт жасалып 93 студент білім алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет