Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы



бет19/51
Дата25.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#105304
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
annotation16475

Латын әліпбиін пайдалану

Дегенмен 1924 жылдан бастап Қазақстанда латын жазуына көшу туралы пікірлер мен ұсыныстар пайда бола бастады. Қазақтың дарынды дипломаты Нәзір Төреқұлов латын жазуы негізінде қазақ әліпбиін жасады. Ол 1924 жылы Мәскеу қаласында «Жаңа әліпби туралы» атты кітабында өзінің алғашқы жобасын жариялады.

Сол 1924 жылы Халел Досмұхамедұлы бір дәйекшеден құрылған жобасын «Ақ жол» газетінде жариялайды. Ал 1927 жылы Ә. Байділдаұлы «Жаңа әліпби туралы» атты кітабында Мәскеу қаласындағы «латыншылдар» ұйымы ұсынған 27 әріп, бір дәйекшеден құрылған жобасы туралы жазады. 1927 жылы «Тілші» газетінде Телжан Шонанұлының да латынша әліпби жобасы ұсынылады. Онда Т. Шонанұлы әліпби жобасының бірнеше түркі тілдес халықтардың әліпбилерімен салыстырыла жасалғанын айтады.

1928 жылы Баку қаласында Жоғарғы Орталық Комитеттің (ВЦКНТА) ұйымдастыруымен Кеңестер Одағындағы түркі тілдес халықтардың әліпби жобаларын сараптауға арналған конференция өтеді. Онда әр елден келген өкілдер өз елдеріндегі әліпби жобаларымен таныстырады. Оған Қазақстан атынан барған О. Жандосов Ә. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, І. Қабылұлы, І. Жансүгірұлы, Ш. Тоқжігітұлы бірлесіп жасаған әліпбидің жобасымен таныстырады. Авторлар бірнеші әліпби жүйесін салыстыра келе, қазақ тілінің төл дыбыстарын бейнелейтін 29 таңбадан тұратын әліпбиді ұсынады. Осыдан соң 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазды. Қазіргі түркі мемлекеттерінің көпшілігінде латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі қайтадан бел алып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет