Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы



бет28/51
Дата25.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#105304
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
annotation16475

3.4 Теориялық геральдика
Геральдика теориясы бойынша еңбектер негізінен ХҮІІІ – ғасырда гербтік материалдар мен гербтанушылардың шығармалары негізінде дүниеге келген. Теориялық геральдика – бұл гербтің бейнеленуінің және оны жасаудың тәсілдері мен ережелерінің жиынтығы. Оларды білмейінше гербтерді жасау, ерекшеліктерін айқындау және құрамын анықтау күрделі мәселеге айналады.

Гербтер өзінің ережелері бойынша әртүрлі бөліктерден тұрады. Олар: қалқан, дулыға, тәж, дулығалық эмблема, көктеу, қалқанұстаушылар, девиз, мантия және қалқанның айналасындағы әртүрлі сәндік суреттер. Бірақ бұл бөліктер барлық гербтерде толық бола бермеген. Гербтің басты бөлігі қалқан болды. Геральдикалық қалқанның бірнеше түрі болды. Олар: төмен жағы ортасына қарай үшкірленген төртбұрышты; астыңғы жағы доғал төртбұрышты, үшбұрышты, доғал, шаршы және т.б. түрде кездеседі. Гербтердің беттері бедерлі, тегіс және түрлі-түсті болып та келетін. Олар металдан, түсті эмальдан және теріден де жасалды. Металдардан алтын мен күміс сияқты құнды түрлері пайдаланылды. Гербтің негізгі ережесі бойынша металдың үстіне металды, бояудың үстіне бояуды жапсыру,а тиым салынды. Гербтер иелік таңбасы ретінде әртүрлі тұрмыстық заттарда да бейнеленді. Ал олар өзіндік ереже бойынша зерленіп, бейнеленетін еді. Осындай ереже бойынша гербтер қағаздарда да бейнеленді.

Гербтер ортасынан тігінен немесе көлденеңінен, диагоналы бойынша оңнан солға, немесе солдан оңға қарай да бөлінетін еді. Гербтегі суреттер геральдикалық және геральдикалық емес деп бөлінеді. Негізінен алты бөлігі кеңірек таралған. Олар: қалқанның бас жағы; аяқ жағы немесе етегі; бағанасы; белдігі; белбеуі; жоғарғы белдеуі деп аталады. Олардың ішінде жиі қолданылатыны бағана мен белдіктің, немесе бағана мен екі белбеудің, екі белбеудің қиылысулары ретіндегі крест бейнесі.

Геральдикалық емес суреттер табиғи, жасанды және аңыздық болып үшке бөлінеді. Табиғи суреттерге адам, аң және т.б. тіршілік иелері, күн, ай, жұлдыздар тәрізді аспан денелері, сондай-ақ су, от жатады.

Ал жасанды суреттер тобы адамдар жасаған әртүрлі заттар: садақ, жебе, семсер және т.б. арқылы бейнеленеді.

Аңыздық суреттер табиғатта жоқ бейнелер арқылы беріледі. Олардың қатарында екі басты самұрық құс, аждаһа, бірмүйіз және т.б. кездеседі.

Гербтің барлық басқа бөліктері міндетті болмады. Қалқанның үстінде бейнеленетін дулыға негізінен екі түрлі: дөңгеленген және үшкір ұшты болды. Тәж дулығаның үстінде де, астыңғы жағында да орналасатын еді. Кейде тәж дулығаны да ауыстырып отырды. Тәж княздық, графтық, барондық және дворяндық болып жіктелді.

Дулығалық эмблема дулығадан немесе тәжден жоғары қарай шығып тұрған бейне ретінде жасалды. Мантия ортағасырлық рыцарлардың жадағайының бейнеленуі. Мантия тәждің астынан шығып тұрған мақпалдан жасалған және ақкістің терісімен сәнделіп отырған. Қалқанұстаушылар –қалқанның екі жанынан ұстап тұрған табиғи немесе аңыздық фигуралар ретінде бейнеленеді. Девиз – бұл герб иесінің өмірлік принциптерін, сенімдерін сипаттайтын қысқа сөздер. Әдетте девиз қалқанның төмен жағында лентаға жазылады.

Сонымен теориялық геральдика гербтерді жасау мен сипаттау мәселелерін қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет