Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы


Геральдиканың пайда болуы мен дамуы



бет26/51
Дата25.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#105304
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
annotation16475

3.2 Геральдиканың пайда болуы мен дамуы. Герольдтар институты

Геральдика салыстырмалы түрде жас ғылыми саланың бірі. Кейбір зерттеушілер Еуропада геральдика ХІ ғасырдың соңында пайда болғандығын айтады. Бірақ оған күмәнмен қарайтындар да бар. Олар геральдиканың таралуы және оның жүйе ретінде қалыптасуы ХІІ ғасырдан басталады деп есептейді. ХІІІ – ғасырдан бастап гербтер көбейе түсті. Оны ірі байлардың барлығы дерлік пайдалана бастады. Алғаш қалқандарда бейнеленетін гербтер енді рыцарлардың сырт киімдерінде, аттарының жабуларында да кездесетін болды. Геральдиканың басты мәселесінің бірі гербтердің пайда болуы туралы мәселе. Гербтерді еуропалықтар крест жорықтары кезінде арабтардан үйренді дейтін де көзқарас бар. Сонымен қатар рыарлардың дулығасының бетті көлегейлейтін түрінің пайда болуымен байланысты, шайқас кезінде қарсыластары мен жақтастарын ажырату үшін қалқандарына жауынгердің айырмашылығын білдіретін ерекше белгі қоюдан басталған дейтін тұжырым да өмір сүреді. Бірақ жабық дулығамен ғана байланыстыру гербтердің пайда болуы туралы мәселені өте тар мағынаға итермелейді. Оның көптеген элементтерінің әскери, рыцарлық ортада пайда болғанына қарамастан гербтер қоғамдық мәсі бар көптеген құбылыстармен, жағдайлармен байланысты қалыптасып дамыды. Мәселен рулық эмблема, таңба, дәстүрлі немесе ұнайтын бейнелеу өнері туындысы ру басының, әулет басшысының қалқанынан орын алуы да заңдылық. Ал кейбір қалқандарда символдық мән-мазмұнды таба қою қиын, горизонталды немесе вертикалды жолақтар сияқты қарапайым таңбалар да пайдаланылады.

Герб сонымен әртүрлі мазмұндық элементтерді біртұтас контексте өңдеп, олардың тұтастандырылған мәнін біріктіреді. Ол әртүрлі мазмұндық элементтер: бір жағынан, рулық немесе жалпға ортақ эмблемалар мен символдар, екіншіден, әскери сана мен дәстур элементтері, үшіншіден, гербтік бейнелерді мазмұн мен мәнге ие ете отырып гербті толыққанды түрге жеткізетін, қоғамда өмір сүретін әлеуметтік-құқықтық түсініктер. Демек гербтердің пайда болып, белгілі бір жүйеге айналуы ортағасырлық қоғамдағы әлеуметтік үрдістердің дамуына байланысты болды. Әсіресе ХІ ғасырдағы әртүрлі әлеуметтік және кәсіптік топтардың қалыптасуы, олардың дәрежесінің, қоғамда алатын орнының, қызметінің айқындала түсуі гербтерді пайдалануына ықпал етті.

Осылайша өмір талабынан, тәжірибелік қажеттіктерден пайда болған гербтік бейнелеу-эмблемалар өзінің одан ары қарайғы дамуында ортағасырлық қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың біршама кең түрдегі сұраныстарын қанағаттандыра бастады. Гербке ие болу қоғамда белгілі бір функцияны атқару құқының да белгісі болды. Ол мұнымен қатар, геральдика қарым-қатынастарды реттеуге ұмтылған және олардың символдық түрін көрсететін белгілі бір ойдың көрінісі де еді. Қоғамдық қатынастар мен өмір шындығының әртүрлі қырларын айқындайтын гербтер әлеуметтік қатынастарды көрсетудің өте қарапайым, әрі қолайлы құралына айналды. Ал геральдикалық жүйе болса әлеуметтік қатынастарды айқындайтын, бағалайтын һәм реттейтін әмбебап және ыңғайлы құрал болып шықты. Геральдиканың айқындығы мен қарапайымдылығы оның Батыс Еуропалық феодалдар арасында тез таралуына мүмкіндік берді. Себебі феодалдың гербінің мазмұны әлеуметтік беделге ие еткені сондай, еркіндікке пен артықшылықтарға ұмтылған кез-келген бай оған ие болуға ұмтылды.

Бұл үрдіс әсіресе ХІІІ –ХІҮ ғасырларда күшейе отырып, діни дәреже мен шіркеу ұйымдарына да таралды. Сол кезеңдерде қалалар мен жекелеген қалалық корпорацияларда да гербтер пайда бола бастады. Ортағасырлық қоғамда гербтер маңызды құқықтық мәнге ие болды. Ол бойынша заңдық талас-тартыстарды шешу барысында негіздемелер жасалып, аргументтер келтіріліп отырды. Гербтер жер иелігінің белгісі, немесе ұқсастықтарды шешу обьектісі ретінде де қарастырылатын еді.

Геральдикалық бейнелерді рыцарлар қалқандары мен дулығаларында ғана емес, қару-жарақтарында, өзінің заттарында да бейнеледі. Тіпті киімдерінде, төсек жапқыштарында, перделерінде, ыдыс-аяқтарында, теріден жасалған қобдишаларында, ошақтарында, қабырғаларда, жиһаздарында бейнеленді. Әйнектің таралуы барысында терезелерді де гербтік бейнелермен сәндеу орын алды.



Осындай кезеңде геральдика қоғамдағы күнделікті өмірде, әлеуметтік қатынастарда өзіндік орын алды. Мәселен, вассалдық ант қабылдау гербсіз өтпейтін. Ал таққа отырғызу рәсімі билеушінің қармағындағылардың гербтерінің көптігі мен бірлігінің көрінісі деп саналатын. Геральдика тарихында «гербті жазалау» дейтін дәстүр бар. Ол бойынша қылмысты деп есептелінген рыцарь гербтік қалқаны бас жағы төмен қаратып ілінген бағана қарсысындағы мінберге шығарылды. Гербтік король сотталушы туралы шешімді оқыған соң хор айтылды. Әрбір үзіндіден кейін герольд рыцарьдың қару-жарағын шешіп отырды. Алдымен дулығасын,содан кейін белдігін, семсерін, соңында гербті қалқанын шешіп, балғамен сындырып, қиратты. Бұдан соң сотталушының басына ыстық су құйылып, корольдік судьяның қолына табыс етілді. Ал төңкерілген гербке елдің көзінше қара бояу құйылып, масқара етілетін де болды. Соңында сотталған рыцардың балалары мен ұрпақтарының герб ұстау және сайыстарға қатысу құқықтарынан айыру туралы үкім жарияланды. Кейде гербтік қалқанды көпшілік алдында төңкеру арқылы да жазалау шарасы қолданылған. Ол гербті талқандаумен салыстырғанда уақытша және жеңілдеу жаза болып есептелді. Әдетте мұндай жаза қорқақтық, шайқас алаңынан қашып кету сияқты әрекеттер үшін қолданылған.

Гербтерді пайдаланудың кең таралуы, геральдикамен арнайы айналысатын адамдарды қажет етті. Ондай адамдар сайыстардың рәсімдерін, дипломатиялық келіссөздерді жүргізетін, сеньорлардың өкілдері міндетін атқаратындардың қатарынан шықты және оларды - герольдтар деп атады. Рыцарлық сайыстарды жүргізушілер ретінде танылған олар сайыс алдында гербті жариялап, оның қысқаша сипаттамасымен және сайысқа шыққан адамның шыққан тегі, руы туралы мәліметтермен таныстырды. Шайқастың регламентін қадағалап отырды, көмекшілеріне шайқас кезінде қажетті белгілер беріп отыруды тапсырды. Герольдтардан өздерінің міндеттерін атқару үшін тамаша еске сақтау қабылетімен қатар, геральдика, генеалогия, рулық және қоғамдық қатынастар бойынша терең білім талап етілді. Бұлармен қатар, күнделікті әскери өмірде герольдтардың міндетіне шайқастың уақытын анықтау, айқас алаңында қаза тапқандар мен жараланғандарды тану, тұтқындармен алмасу тәртібін реттеу және т.б. жұмыстар герольдтардың міндеттеріне енді. Бұл жұмыстардың барлығы герольдтардың әртүрлі дәрежесіне қарай бөлінді. Біртіндеп герольдтар парламентарилердің міндеттерін де атқара бастады.

Байқап отырғанымыздай герольдтар үлкен жауапкершіліктер мен артықшылықтарға ие болды. Сол себепті де герольд болу оңай емес еді. Мәселен, Францияда герольд атағын алу үшін жеті жыл тәжірибеден өту керек болды. Тек осы мерзім өткеннен кейін ғана арнайы рәсім бойынша ант қабылдап, герольд бола алды. Францияда корольдік герольдтың саны 30 болды. Олардың ішіндегі біріншісі гербтік король аталды және король сарайында қызмет етті. Қалғандары провинцияларды қарады. Осындай герольдтар институты Батыс Еуропаның басқа да мемлекеттерінде орын алды.

Феодалдық қатынастардың дамуы барысында жекелеген сеньордың да герольды пайда болды. Герольдтар басқалардан ерекшеленіп киініп жүрді. Бірақ қоғамдық сананың өзгеруімен байланысты гербке деген көзқарас та өзгере бастады. Феодалдық қатынастардың тоқырауы барысында герольдтар да тарихи сахнадан кете бастады. ХҮІІ – ғасырдағы жаңа экономикалық-әлеуметтік қатынастардың қалыптаса бастауы нәтижесінде гербтер бұрыңғы мән-мазмұнынан, қоғамдық тұрмыстағы ролінен айырылды. Бірақ герб мемлекеттің, аймаұтың, қалалардың, мекемелердің ерекшелік белгісі ретінде сақталып қалды. Сол себепті де геральдика ендігі жерде ғылыми сипат алып, дами бастады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет