Театрализованная деятельность в доу



Дата07.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#85261
Байланысты:
Паралингвистикалық құралдар театр өнерінде

«Паралингвистикалық құралдар театр өнерінің ажырамас бөлігі»

«Паралингвистикалық құралдар театр өнерінің ажырамас бөлігі»


Актердің әсемділігі дегенде, ең әуелі, оның психикасының қунақылығы (подвижность) сахна ортасын тез арада қабылдау қабілеттілігі және сахнадағы әсер-ықпалды көрсете білуі, жекеленген қимыл-әрекет көріністерінің қарқынырғақтарындағы ішкі дүние көңіл-күйін таныта білуі түсіндіріледі. Өмір шындығын жасайтын мұндай әсемділік актердың жалпы мәнерлілігі өзегінде жатады.
Әр адамның сыртқы келбеті оның ішкі жан дүниесінің айнасы іспетті.
Актерға тіршілік беріп тұратын қасиет те осы бейвербалды ишараттарда
жатыр. Актердың денесінде тіршілік нышаны айшықты білінбесе, ол тірі
адам секілді өзін сезіне алмасы хақ. Олай болса, кейіпкердің толыққанды
адами болмыс-бітімін, табиғи жаратылысын таныту үшін міндетті түрде оған
қимыл-қозғалыс қажет.
Адамның өмірде атқаратын (сахнадағы актердің де) бүкіл қимылқозғалыстарын талқылау мен жүйелеудің қолайлығы үшін оларды (міндетіне қарай) үш топ деңгейінде қарастыруға болады: локомоторлы, жұмысшы, мәнді (семантикалық), суретті (иллюстративные) және мәнерлі (пантомимические).
Актер үшін кейіпкерінің әрбір әжім сызығынан сыздықтатып сыр ашу, әрбір қимыл-қозғалысынан астары қалың қаптар-қаптар ой тарқату, әрбір ым-ишара, ишараттан ой түю шын шеберліктің шыңы. Бүкіл дүние жүзіне ортақ, дене тілі, яғни, ым-ишара, ишарат емеурін, қозғалыс тілі. Мысалы, біз бір ғана қол сермеу арқылы нені меңземейді екенбіз? Бәрін де. Атап айтсақ, талап етеміз, уәде етеміз, шақырамыз, қуамыз, үркітеміз, өтініш етеміз, т.б. толып жатқан күнделікті өмірімізге қатысты қимыл-әрекетке мағына береміз. Бір ғана бас изеу арқылы келісеміз де, қарсы да боламыз, мойындаймыз, сұраймыз, сендіреміз, т.б. толып жатқан мән-мағына білдіреміз. Олай болса, сөйлемейтін қозғалыс, өзіндік бір мағына бермейтін бірде-бір іс-әрекет, қимыл-қозғалыс болмайды екен.
«Актер жасайтын ишараттар пьесадағы сөз, сөйлем немесе тіркестің қызметін атқарады. Кей тұстары орынды әрі ұғынықты жасалатын ишараттар салмақсыз сөздері ығыстырып, сөзбен жеткізе алмайтын ойды жарқырата көрсете алатын кездері болады. Шешендердің жасайтын ишараттары мен актерлар орындайтын ишараттардың өзара байланысы мен үндестігі, екеуінің табиғи ерекшеліктері де көзге ұрып-ақ тұр, бірақ бұл құбылыс қазақтың өнертану ғылымында көп қарастырылмағанға ұқсайды. Тіпті, қазақ театрына тән ишарат-мәзіреттері мен европа театрларының сахналық қимыл-қозғалыстарын салыстыратын бірде-бір талдау, я болмаса ғылыми анализ жасалмаған» деген пікірге түгелімен қосылмасқа шарамыз жоқ. Кейіпкердің ішкі мазмұнын актердің ым-ишара, ишарат, қозғалыс, қалпы көркемдік дәрежеде бейнелеп береді.
Актердің тұла бойы белгілі бір рөл ойнау үстінде кейіпкер жан-дүниесін көрерменге жете түсіндіруі үшін қимыл-әрекетке түсері анық. Актер өз кейіпкерінің түр-әлпетін, жан-дүниесін, мінез-құлқын, сырсипатын айқын ұғына түсуі үшін ым-ишараның ішкі қыр-сырын терең түсіне білуі қажет. Өйткені, актердің іс-әрекетіндегі, қимыл-қозғалысындағы ымишараның әдіс-амалы нақты, дәлел болмай, спектакльден күткен нәтиже оңды шықпауы мүмкін. Актер іс-әрекеті, қимыл-қозғалысындағы ым-ишара, ишараттардың айқын ашыла түсуі арқылы сахналық образдың толыққанды суретін көрсетуге болады. Бұндай кездегі ым-ишаралар сөз, екпін-ырғақ сияқты бейнелеу құралдарымен бірлесе отыра кейіпкер сипатын сомдайды, образдың көркемдік поэтикалық мәнін ашып көрсетеді.
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет