«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


Тақырыбы: XVII ғас. Батыс Европа костюмі. Дәрістің мазмұны



бет39/80
Дата12.09.2020
өлшемі0,49 Mb.
#63842
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80
Тақырыбы: XVII ғас. Батыс Европа костюмі.

Дәрістің мазмұны:

XVII ғас. Абсолютизмнің гүлденген ғасыры, бұл Еуропадағы ұлттық мемлекеттердің дамып күшейе түскен кезі.

Ерлер костюмі XVII ғас.-ң бірінші жартысыда өте ыңғайлы әрі кең формаға ие болды.

XVII ғасырдың бірінші жартысындағы костюм. Тұлға сұлбасы, көтеріңкі бел сызығымен және ұзын әрі тар панталондармен айқындала түсті. Иыққа дейін жіберілген шашпен және үлкен шляпалармен сұлба толықтырылды. Ерлер костюмінің ең негізгі , әрі керекті бөлігі ақ манжетпен қосылып, сырылған үлкен жаға болды. Жаға мен манжет кружевалармен әшекейленген. Қарапайым халық көйлегін кружевалармен әшекейлемейде киді.

Көйлек сыртынан камзол киілді, камзол өзіндік формаға ие болды: бел сызығы қысқартылды, оны түрлі банттармен сәндеді. Камзол – куртканың етегі артынан қысқа, ал алдынан ашық сүйір мүйіз тәріздес ұзын етіп келтірілген. Жеңі кең әрі ұзына бойына қиықпен кесілді. Сл кескінің арасында түсті астары көрініп тұратын. Камзол көкірекке келіп түймеленетін болған.

Сыртқы киім ретінде тар, жеңі қысқа ,қайырма жағалы кафтан киген. Бұл кафтанды жеңін сұғына кимеген, оны тек иығына жамылғы сұлық ретінде пайдаланды. Жағасына бау тағылып, ол кафтанды ұстап тұру үшін көкірек тұсында келіп байланды. Әсіресе мерекелерде иыққа осындай кафтан жамылған. Оның матасы қымбат матадан тігілген., жорыққа шыққанда оның сыртынан ұзындығы жерге жететін жүн сулық киген.

XVII ғасырға дейін қатаң әскери форма болмаған. Әскери форма XVII ғасырда ұзаққа созылған соғыстардың нәтижесінде пайда болды. Аяқ киім ретінде туфли мен етік пайдаланған. Етікпен балға келуге де болатын.

Әйел костюмі пішіміне қарай ерлер костюміне ұқсас болған. Білінер – білінбес көтерілген бел сызығы , ұзын , тарлаукең емес майда қатпарларымен, көтеріліп тұратын юбкасы, сәл қысқартылған, бірақ үлкен сәнді пішімді жеңімен ерекшеленді. Әйелдер бірден екі көйлек киген: ішкі көйлек ақ, ашық түсті болса, сыртқы көйлегі одаан қоюлау түсті болды. Сыртқы көйлектің алды белден етекке дейін ашық болып астынан ішкі көйлектің ашық түсті атлас юбкасы көрінген. Көйлектің жоғарғы жағы түймемен түймеленген. Бай әйелдер түйме орнына сәнді қайырма ілмектермен ілген. Костюмнің бөлігі ретінде үлкен қайырма жаға болған. Жағаны кестемен сәндеген. Жең онша ұзын еиес, жең ұшына кестелі манжет тігілді. Манжет пішімі үлкен болды. Туфлиі оншалықты биік емес, бірақ торлы банттармен әшекейленді. Аяқ киімдер банттамен сәнделді. Ашық түсті, жібек матадан шұлық киді.Шаш үлгілері екі түрде болды: артына қарай өріп, қайтарып, тәжі секілді етіп сәндеген, екіншісі, кекіл қырқып, жанындағы шашын өріп, желке тұсына шпилькамен түйді. Костюмге қосымша ретінде жинамалы желпеуіш, қолғап, сағат т.б пайдаланған.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет