«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


Тақырыбы: Жоғарғы мода. Дәрістің мазмұны



бет45/80
Дата12.09.2020
өлшемі0,49 Mb.
#63842
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
Тақырыбы: Жоғарғы мода.

Дәрістің мазмұны:

Жоғарғы моданың орталығы – Париж. Оның ішінде Жоғарғы мода палатасы саналады.

От – кутюрдің негізін қалаушы Чарльз Фредерик Ворт ( 1825 – 1895 ) болды. Ол жеті жасынан Лондон қаласында текстил өндірісінің мекемесінде білім алып, осы өнерге ден қойды.

XX ғасырдыңбасындағы ең алғашқы киім реформаторы ретінде француз модольері Поль Пуаре саналады. 1903 жылы Париждегі Рю – Ауберде өз мода үйін ашады. Ол жаңа ғасырға сай жоғарғы мода үлгілерін айқындап, дүниеге жаңа киім үлгілерін әкеледі. Ол мода директоры болып, киім пішімін, өмір стилін ұсынды.

Эльза Скипарелли – Италияның тамаша талантты шығармашылық иесі. Оның шығарған спорттық киім үлгілері мен тоқылған қара көйлегі, кубизм стильндегі киімдердің көпшілігі ғажайып жаңалық болып саналды. Кешкі сән – салтанатқа арналған қара креп көйлек пен ақ жакеті, мойыншалғы бүкілэлегант әйелдердің эталоны болды.

Жоғары тігін өнерінің қағидасын қалаушы Кристобаль Баленсиаганың өнері мен идеясы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Ол: « Киімді модельдеу жай ғана өнер емес, ол синтетикалық жанр, яғни Куьтюрье пішуші архитектор, түстер суретшісі, форманың мүсіншісі, гармония музыканты және стиль философы болуы қажет» деген.

Кристиан Диор ол киімді түрлі модаға сала отырып, өте әсем киім тігудің асқан шебері атанады. Іскерлігінің нәтижесінде досы Жан – Марк Эфтлермен бірге « Мисс Диор » фирмасын ашады.

Юбер де Живанши 1952 жылдан бастап өзінің мода үйін ашып, онда классикалық стильдегі киім үлгілерін шығарады. Юбер де Живанши туындылары қарапайым, нағыз аристократтық жұмсақ сызықты, силуэті мен формасы айқын, талғаммен таңдалған әшекейлермен, аксесуарлармен ерекшеленген әдемі стильді құрайды.

Пьер Карден унисекс киім коллекциясын ұсынып, онда ерлер мен әйелдер киімдеріндегі ішкі ұқсастықты көрсете білді. Күнделікті киінуге лайықты емес көйлектер мен костюмдерді көрмеге шығарғаны үшін Пьер Карденге дүкен иесі өткір сын ескертпелер айтты.

Вячеслав Зайцев – оның модельдерінің стиліне табиғи формада, қынамалы силуэтті, тамаша жағалы, үлкен әрі кең жиекті шляпалар, иық сызығы тікқысқа, кең немесе тік юбкалар, киім түсіне сай аксессуарлар, үлкен тағыншақтар, басы сәл ғана жабық өкшесі биік туфлилер мен ұлттық дәстүрдегі киім үлгілері.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет