«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет38/80
Дата12.09.2020
өлшемі0,49 Mb.
#63842
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
Дәрістің мазмұны:

XV – XVI ғ. француз костюмі Италия және Испан костюмдеріне еліктеді. XV ғ. Король Франциско I – дің қарамағында Леонардо да Винчи, Бенвенуто, Челлини және т.б. итальяндық атақты суретшілер қызмет етті. Француз ерлерінің киімі ақ полпотналық көйлек пен жібек, барқыт немесе паршадан тігілген «пурпуан» киді. Оның жеке бөліктерін кестелер, тоғалар, түйме және қиықтармен әшекейледі. Әрі бұл киімге қосымша ретінде шұлықтар киді. Костюм өзінің түстік үйлесімділігімен, мата бетінің фактурасымен ерекшеленді.

Испан киіміне ұқсас болғанымен Франция киімінде француздардың мінезі мен көзқарасын білдіріп тұратын ерекшеліктері болды. Француз киімі еш уақытта тұйық болмаған, қайта одан жеңілдік жұмсақтық байқалып тұрды. Француз костюмі дене қозғалысын еркін және әсем етіп көрсетті. Ол ашық және көтерінкі көңілді елестетті. Себебі бұл кезде көбіне модада ауыр маталар қолданылды. Мысалы: барқыт, жібек, парша, сукно және с.с. Әр адамда этикет бойынша ол кезде 30 костюм болуы керек екен. Айдың әр күніне байланысты осы 30 костюмді ауыстырып киген. Модада ақ көйлектер, камзол, трико және қысқа дөңгелек панталондар – «бричес» - пайда болды, жұмсақтау келді. Сыртқы киім ретінде – «кафтан» пайдаланылды, оның алды ашық және белі қынамалы етіп тігілді. Ғасырдың ортасына қарай сұлықтар, қайырма кішкене жағалы сұлықтар енді. Аяқ киімдерінің бас жағы домалақ етіп тігілді оны «аю табан» деп атады.

XVI ғасырдың ортасына қарай француз костюмдері испандікіне ұқсас болды. Бұған мысал болатын испандық қара костюм киетін Францияның жаңа королі Генрих II еді.

Камзолдары алынатын қысқа жеңдері бар костюмдерге айналды. Манжеттері кеңейе түсті. Сулық ретінде олар теріден жасалған қысқа, тік жағалы сұлықтарды пайдаланды.

Жүзжылдықтың үшінші бөлігінде франциялық мода испан үлгісінен бірдолата бөлініп шығып, өзінің ерекше пішімін қалыптастырды. Ерлер костюмі әйелдердікіне ұқсас келді. Кең қабылған жеңі мен манжеті бар шалбар болды. Триконың сыртынан тар килюта – шалбар, оның үстіне буфон киді. Ер кісілер шаштарын бояды және кішкентай сақал – мұрттары болды. Ерлер құлақтарына сырға тағып, бастарына құстың қауырсыны тағылған «ток» бас киімін киді. Осы кездерде Францияда маскалар пайда болды, онымен көшеге шыққанда бетін жауып жүруді дәстүрге айналдырды.

XVI ғ. соңы мен XVII ғ. басында король Генрих IV – шінің нұсқауы бойынша Француздар киіміндегі түсті азайтып, қаралау бірақ қымбат бағалы киімдер қию қажет деп санады.

XVI ғ. екінші жартысында қаралы күндері киетін киімдер қалыптасты. Ол киімдер қара түсті матадан тігілді.

Ерлер костюміне қарағанда әйел костюмі испаниялық үлгіні аз қабылдады. Ауыр және қолайсыз киімдерді француз әйелдері өзіне ұнағандай етіп өзгертуге тырысты. XVI ғ- дың бас кезінде ең әдемі әрі сәнді силуэт конус пішінді киім болды. Сыртқы және ішкі киімдері қынамалы болып, көйлек етегі алдына жырық түсірілді. Кейбірде жырықты жауып жүрді.

XVI ғ. – дың соныңда әйел костюмінің пішімі өзгерді. Әсіресе , өзгеріске юбкалар түсті, олар алғашқыда кең болса, кейінірек дөңгелек пішінді болып, оның астынан теміркаркастар пайдаланды. Жағалары да өзгерді. Тік жағалар пайда болды.

Франция әйелдерінің шаштары екі типті пішімде сәнделді. Шаштарын толқын сияқты жайып қойып, артқа қарай тарап жүрді. Кей кезде шаштарын биік етіп көтеріп, оны темірмен бекітіп түйді. Ал, бет маскалар тәртіптілікті білдірді. Модада сәндік үшін қолғаптар, моншақтар, биік өкшелі аяқ киімдер, айналар, жинамалы желпеуштер мен ілмелі сағаттар қолданды.

XVI ғасырға дейін ақшыл түсті қара киімдер басымырақ пайдаланылса, XVI ғасырдан бастап қара түс орын алды қара киімге қосымша ретінде бастарына ақ түсті орамал, жаулық киді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет