«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет79/166
Дата12.10.2020
өлшемі0,76 Mb.
#64716
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   166
Дәріс№18

Тақырып: КҚ ұйымдастыру – оны қалыптастыру үрдісінің үшінші сатысы.

Дәрістің мақсаты: КҚ ұйымдастыру – оны қалыптастыру үрдісінің үшінші сатысын анықтау.

Дәріс мазмұны: Алфавиттік орналастыру. Тілдік орналастыру. Гео (топо) графиялық орналастыру. Фирмалық орналастыру. Хронологиялық орналастыру. Форматты орналастыру. Нөмірлеп орналастыру.

Қорды географиялық орналастыру жағдайында әдебиеттер басылған жеріне қарай (ел, облыс, қала бойынша) орналастырылады. Бұл қордың бір

бөлігін : газеттерді, техникалық құжаттардың кейбір түрлерін (өнертапқыштық сипаттамалар, стандарттар т.б.) орналастыру үшін қолданылады. Көмекші тәсіл ретінде жүйелік және реттік орналастыру ісінде де пайдаланылады.

Қорды инвентарлық орналастыру жағдайында әдебиеттер өздерінің инвентарлық номерінің ретімен орналасады, ол көбіне форматты орналастыру тәсілімен бірге (форматтық – инвентарлық орналастыру) ірі кітапханалардың негізгі қорында қолданылады.

Қорды түпкілікті орналастыру тәсілі бойынша сақталатын әрбір бірлікке оның сөредегі тұрақты орны белгіленіп беріледі: бұл ірі кітапханалардың негіқгі қорына тән нәрсе.Мұның екі түрі бар:


  1. сәкілік түпкілікті орналастыру (шифрға залдаңы, шкафтағы , сәкідегі кітаптың тұрған орнын көрсететін белгі енгізілген);

  2. шкафтық түпкілікті орналастыру (шифрда залдың, шкафтың орны көрсетіледі).

Қорды реттік орналастыру жағдайында баспа шығармалары оның кітапханаға келіп түсу ретіне қарай берілген нөмірлер бойынша орналасады: бұл ірі кітапханаларда қолданылатын тәсіл . Мұның ең қолайлысы үйлестік – форматты – реттік орналастыру болып табылады, себебі бұл жағдайда кітап сөрелері тиімді пайдаланыладыү Бұл тәсілдің инвентарлық және түпкілік түрлері де бар.

Қорды форматты орналастыру – баспа шығармаларының бой мөлшеріне қарай орналастыру: ол алфавиттік (форматты-алфавиттік )реттік (форматты реттік)және инвентарлық (форматты инвентарлық) т.б. түрлерімен бірігіп, жүйелі – форматтық немесе хрологиялық форматтық орналастыру түрлерін құрайды.

Қорды хронологиялық орналастыру бойынша баспа шығармалары өздерінің басылып шыққан даталары бойынша қойылады, бұл алфавиттік (хронологиялық - алфавиттік) , реттік (хронологиялық – реттік ) тәсілдерімен бірігіп, көбінесе мерзімді басылымдарды орналастыру ісінде қолданылады ;

көмекші элементі ретінде жүйелік – хронологиялық, форматтық – хронологиялық орналастыру жүйесінде қолданылады.

Қорды тілдік орналастыру тәсілі бойынша баспа шығармалары қай тілде басылғанына қарай бөлініп қойылады. Бұл жүйелік және алфавиттік орналастыру тәсілдерімен бірге қолданылады. Кітапханада көбінесе тілдік- жүйелік – алфавиттік және тілдік – алфавиттік орналастыру әдістері жиі қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет