Дәріс №16
Тақырып: Сериялық басылымдарға сипаттама.
Дәрістің мақсаты: Сериялық басылымдарға сипаттама жазып үйрену
Дәріс мазмұны: Сериялық басылымдарға, мерзімді басылымдар, газеттер, журналдар және жалғастырылып жазылатын басылымдар белгілері, ұйымдардың, мекеменің еңбектерінің жинақтары, сонымен бірге кітап сериялары жатады.
Мыс: «Школьная библиотека», «Жизнь замечательных людей», «Библиотека техника», «Эврика», т.с.с.)
Сериялық басылым шығарылымдары көркемдеу жағынан бір-біріне ұқсас болып табылады.
Олардың шығармалар тобына жинақты сипаттама, ал жеке шығарылымына монографиялық сипаттама жазылады. Сипаттама элементтері журналдардың жинақтарының кітап сериясының титул бетінен алынады. Ал газет үшін мәліметтер газеттің бастапқы бетінің 1-ші жолдарынан алынады және соңғы бетінен қарап алуға болады. Жинақты сипаттама көп томды басылымға толтыратын жинақты сипаттаманың ережесіне сәйкес жазылады. Бірақ өздігінен ерекшеліктері ескеріледі. Сипатамада алдымен басылым тақырыптың аты немесе типтік аты жазылады. Мыс: газеттің журналы, аттары және типтік аттар- «Труды», - «Учение записки», «Доклады» т.с.с. аттар жазылады. Жауаптылықты көрсететін мәліметте басылымды шығарушы немесе оның шығуына жауапты мекеменің аты жазылады. Шығу саласында бірінші және соңғы шыққан жылдары қолданып көрсетіледі. Басылымның халықаралық стандартты номірінде тіркеу сипатындағы әріптік, сандық код көрсетіледі. Бір ғана жалпы бөлімнен тұратын жинақты сипаттамада басылымның кітапхана қай жылдан қай жылға дейінгі номірлері бар екендігі көрсетіледі. Егер газеттің немесе журналдың аты өзгертілген болса, оның бұрынғы және соңғы атына да жеке-жеке сипаттама жазылады. Ол сипаттаманың екеуінде ескерту бөлімінде бұрынғы аты, жаңа санына жазылған сипаттамада бұрынғы аты көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |