«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет79/139
Дата21.07.2020
өлшемі0,73 Mb.
#63631
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   139
Дәріс №23

Тақырыбы: Кітапханалық библиографиялық жіктеудің құрылымы.

Дәрістің мақсаты: Кітапханалық библиографиялық жіктеудің құрылымын

үйрету.


Дәрістің мазмұны: Негізгі таблицалар.

Көпшілік кітапханаларға арналған кітапханалық библиографиялық жіктеу таблицаларының қысқартылған басылымы оның толық басылымы сияқты бірнеше таблица түрлерінен тұрады олар: негізгі таблицалар мен жалпы немесе арнаулы типтік бөліну таблицалары. Олардың ірілері толық таблицаны құрайды.

Көпшілік кітапханаларға арналған варианттық негізгі таблицалары жоғарыда баяндалған принциптер негізінде құрылған жалпы принцип үлкен 3 топқа табиғат, қоғам, ойлау және соған сәйкес табиғат туралы ғылымдар, қоғам туралы ғылымдар және ойлау туралы ғылымдарға бөлінген. Оның үстіне осы топтың екеуінің немесе тіпті 3 топтың бірдей түйіскен торабындағы ғылымдарды кибернетика, психология, технологиялық, ауыл шаруашылық, медициналық ғылымдар есепке алғанда КБЖ-ң негізгі қатарында қолданбалы ғылымдар тобы технологиялық, ауылшаруашылық, медециналық ғылымдар бөлініп көрсетіледі. Қалған басқа шекаралық ғылымдар шартты түрде орындалады. Марксизм-Ленинизмнің ғылыми идеологиясына қатысты, себебі бұл идеология барлық жіктеудің негізгі арқауы іспетті, салалық ғылым санатына жатпағанмен, идеялық тәрбие, саяси және практикалық көзқарас тұрғысынан алғанда өзінше жеке орынға бөлінуге тиісті. 2-ші шешім ғылымдық жекелеген циклдарды шегінен шығып жатқан, уневерсал мазмұнды әдебиеттерге қатысты. Сондықтан ерекше бөлінген. Осы шешімдерді есепке алғанда КБЖ –ңнегізгі қатары 3 топқа емес, әр түрлі 6 топты қамтитін неғұрлым толық қатар болып шығады.

Дербес бөлімдер түрінде қолданбалы ғылымдар аса ірі 3 салаға бөлінді (техника, ауылшаруашылығы және медицина), ал қоғам мен ойлау туралы ғылымдар бір бөлімге біріктірілді. Соның нәтижесінде көпшілік кітапханаларға арналған КБЖ таблицасында цифрмен белгіленген мынадай негізгі қатарлар құрылды:

Марксизм – Ленинизм.


  1. Жаратылыстану – ғылымы.

  2. Техника. Техникалық ғылымы.

  3. Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы.

  4. Денсаулық сақтау медициналық ғылымдар.

6/8. Қоғамдылық және гуманитарлық ғылымдар.

9. Библиографиялық құралдар. Анықтамалық басылымдар. Журналдар.

Қатарларды одан әрі қарай аша түсу үшін құрастырушылар жаратылыстану ғылымы мен қоғамдық ғылымда жекелеген топтарға бөлді. Жинақтау сипатындағы әдебиеттер дербес класстарға бөлінді, олар ғылымның жекелеген топтарымен қатар орналасады. Сөйтіп, бөлімінің екінші қатары пайда болды. Олар бөлімнің бірінші қатарымен бірлесе келіп, ғылыми кітапханаға арналған КБЖ таблицаның қатарына сәйкес келеді.


  1. Жаратылыстану – ғылымдары – А

20. Түтас жаратылыстану – ғылымы Б.

22. Физика – математика ғылымы В.

24. Химия ғылымы Г.

26. Жер туралы ғылым Д.

28. Биология ғылымы Е.

3. Техника. Техникалық ғылымдары Ж / О.

4. Ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы П.

5. Денсаулық сақтау. Медициналық ғылымдар Р.

6/8. Қоғамдылық және гуманитарлық ғылымдар –

60. Тұтас қоғамдылық ғылымдар С.

63. Тарих. Тарих ғылымы Т.

65. Экономика. Экономикалық ғылымдар У.

66. Саясат. Саяси ғылым Ф.

67. Мемлекеттік және право Х.

68. Әскери ғылымдар. Соғыс ісі Ц.

70/79. Мәдениет. Ғылым. Ағарту ісі. Ч.

80/84. Фиолология ғылымы Ш.

85. Өнер. Өнер білімі Щ.

86. Атсизм. Дін Э.

87. Философия ғылымы. (фиолософия тарихы, логика, этика, эстетика). Ю.

88. Психология.

9. Библиографиялық құралдар. Анықтамалық басылымдар. Журналдар. Әмбибап мазмұндағы әдебиеттер. Я.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет