«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет85/139
Дата21.07.2020
өлшемі0,73 Mb.
#63631
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   139
Дәріс №25

Тақырыбы: Индекстеу.

Дәрістің мақсаты: Индекстеуді талдау.

Дәрістің мазмұны: КБЖ – ні индекстеу таблицаларды орталықтанған жіктеу жұмысында іс жүзінде пайдалану үшін, кітапхана қорын жүйелі түрде орналастыру үшін, жүйелі каталогтар мен карточкалар ұйымдастыру үшін және оның алфавиттік пәндік көрсеткішін жасауда қамтамасыз етеді. Ол бөлімдер жүйесінің реттілігін қамтамасыз етуге оның бөлімдер мен өзара байланысын көрсетуге; әрбір рубриканың өзіне тән жеке индексін бекітіп беруге; құрма индекстер мүмкіндігін жасауға таблицаға жаңа ұғымдар кіргізу мүмкіндігін беруге көмектесіп индексінің айқын жазылып, еске жақсы сақтауын айтуға оңай болуын қамтамасыз етеді. Жіктеуде қолданылатын индекстеу типтікінің ішінен КБЖ – ны құрастырушылар логикалық индекстеу тәсілін қабылдап алды, себебі ол жіктеу құрылымымен тығыз байланысты. Сол құрылымды индекс арқылы белгілеп, түсіндіреді. Рубрикаларының реттілік тәртібін орнықтырады, және олардың бағыныңқылық логикасын көрсетеді. Бұлай индекстеу жеке, неғұрлым бөлшекті бөлімшелерді индекске оң жағынан жаңа белгілерді қосу жолыменайқындай отырып, жалпы ұғымдарды бөлшектеуге мүмкіндік берді, сондай – ақ керісінше қажет кезінде индекстеп соңғы жалғастырылған белгілерді алып тастау жолымен жеке ұғымды неғұрым жалпы ұғымға біріктіре отырып бөлшектерді қысқартуға мүмкіндік туғызады. Осы сапасына қарай логикалық индекстеу басқа ларына қарағанда жақсырақ, өйткені, КБЖ – ның индекстеуіне қойылатын талаптарға сай келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет