М. Өтемисов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Университеті
«Бекітемін»
Институт директоры
Маулетова С.А
«___»_________2009ж.
Мәдениет және өнер институты
«Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы.
050406 – «Режиссура» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған «Сахна тілі - 1» пәнінің оқу - әдістемелік кешені.
Курс- 2
Семестр- 3
Кредит саны- 1
Практикалық сабақ (лаб.- сем. және т.б.)- 15 сағат
Оқытушының жетекшілігі мен студенттің өзіндік жұмысы
(ОЖСӨЖ )- 15 сағат
СӨЖ- 15 сағат
Емтихан – 3 семестр
Барлығы – 45 сағат
Орал 2009ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті «Жоғары кәсіби білім берудің негізгі тәртібі туралы» білім беру стандартына сәйкес, «Сахна тілі» типтік бағдарламасы, Астана, 2006 ж, негізінде құрастырылған.
Құрастырушы: Сундеткалиева А.А - оқытушы
Келісілді: ОҮҰжОӘЖБ жетекшісі ___________ А.А. Какимова
«Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы отырысында қарастырылды.
«3» қыркүйек 2009ж. №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі____________ Қ.Д Айткалиева
«Мәдениет және өнер» институтының оқу- әдістемелік Кеңесінің отырысында қарастырылды.
«14» қыркүйек 2009ж. №1 хаттама
Институттың оқу- әдістемелік
Кеңесінің төрағасы _________ С.С. Гусманов
Курс бағдарламасына (Sillabus) 200_ / 200_ оқу жылында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.
Курс бағдарламасына келесі өзгертулер (толықтырулар) енгізілді:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Келісілді: ОҮҰжОӘЖБ жетекшісі ___________ А.А. Какимова
Кафедра меңгерушісі _________________ Қ.Д.Айткалиева
Институттың оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы ____________ С.С. Гусманов
1. Типтік оқу бағдарлама. ҚР МЖМБС 5.03.001 – 2004 ж., 3.08.288 – 2006 ж.
№ 4 ғимарат, кабинет 208,«Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасында орналасқан
2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
1.1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
Оқытушының аты:Сундеткалиева А.А.- оқытушы
Офис:«Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы
Жұмыс мекен-жайы: БҚМУ, Студенческая, 2, №4 ғимараты
Жұмыс телефоны:51-27-39 (106)
Е-mail:
1.2 «Сахна тілі - 1» пәні туралы мәлімет.
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 1 кредит сағат қарастырылған, яғни 1 байланыс сағаттан ( практика) және 1 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ),студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің 1-15 аптаға бөліну кестесі :
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты (практикалық )
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны – 2
Өту орны: 4 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Практикалық
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
2
|
3
|
1
|
15
|
15
|
15
|
45
|
Шығармашылық емтихан
|
1.3. Кіріспе.
Театр - әрбір ұлт тілінің тазалығын әдеби нормаларын, шүрайы мен байлығын сақтап, тындаушы – көрермен қауымға жеткізіп насихаттайтын бірден – бір өнер шаңырағы дейтұғын болсақ, сахна тілі – осы театр және кино актерлерін, режиссерлерін т.б көптеген мамандық иелерін дайындауда маңызды роль атқаратын бірден – бір негізгі пән болып саналады.
«Сахна тілі» пәні негізгі үш бөлімнен тұрады: «Тыныс пен дауыс», «Дикция және орфоэпия», «Текстпен жұмыс жасау» бөлімдері.
Пәннің негізгі мақсаты: болашақ актерлерді, режиссерлерді тынысты толық пайдаланып дауысты дұрыс қолдана білуге, бейнелі – ойлау қабілеттерін арттырып тындаушылармен ортақ «тіл табыса» білуге, психофизикалық «қысымнан» арылып сөзбен іс - әрекет ете білуге баулу болып табылады.
Әрбір адамның өзіне ғана тән дауыс тембрі болады дейтуғын болсақ, жаттығу кезінде әрбір оқушыға қырағылықпен назар аудару, оның табиғи мүмкіншіліктеріне зер салу, өзіндік ерекшеліктеріне нұқсан келтірмеу - әрбір сахна тілі оқытушысының абзал борышы. Дауыс аппаратының шируғуын босансыту дауысты күшейту немесе бәсеңсіту, сөз ырғағын жылдамдату немесе баяулату, үннің әуезділігі мен дауыс сапасын арттыру сияқты жаттығулар кезінде оқушының ести білу қабілеттілігіне баса назар аударылады. Өйткені есту қабілеті нашар оқушының даусын тәрбиелеп дамыту мүмкін емес.
Біртіндеп оқу процессіне тіл тазалығын ұстарту, орфоэпиялық норманы қалыптастыру сияқты сахна тілі техникасын меңгеруге арналған жаттығулар енгізіледі. Белгілі бір әдеби шығармалармен жұмыс жасау барысында оқушының текстегі талдау жасау тәсілі, оның тыныс пен дауыс мүмкіншілігі, сонымен қатар тіл тазалығы да тексеріліп отырады. Сабақты бұлай комплексті түрде ұйымдастыру оқушының әрбір жасаған жұмысын, оның процессімен қол жеткен жетістіктерін қадағалап отыруға мүмкіндік тудырады.
Текстпен жұмыс жасау барысында оқушылар шығармалардағы фактілер мен оқиғаларды дұрыс бағалап, әңгіме, повесть, пьесалардың тақырыбы мен идеясын, түпкі мақсатын дұрыс айқындап үйренеді. Алғашқы екі жылда студенттер оқытушымен ақылдаса отырып таңдап алған мақал – мәтелдері, жаңылтпаштары, шағын өлең шұмақтары, әдеби шығармалары арқылы сөзбен іс - әрекет ете білуге, айтайын деген ойлармен, талап – тілектерін тыңдаушы – көрермен қауымға жеткізе білуге машықтанады. «Мен не айтқым келеді (себеп пен мақсат) ?, «Менің қалай айтқым келеді және тыңдаушыға қалай әсер еткенім жөн (қойылған мақсатқа жетуге жетелейтін әрекет) ? – деген сұрақтарға жауап бере отырып, текстке әрекетті талдау жасау арқылы оқушылар өзіндігінен сахналық мақсатты анықтауды үйренеді.
Сахна тілі пәні бойынша дәріс алған әрбір студент дем мен дауысты, тіл тазалығы мен тіл мәдениетін жақсы меңгеріп, адам ретінде өздерінің шеберліктері шындап, кез келген жанрдағы, әр түрлі стильдегі шығармаларды талдап – талқылауда, бойына сіңіре білуде, айтайын деген ойын, талап – тілеген көрермен, тыңдаушы қауымға жеткізе білуде өздерін білуде өздерін еркін сезіне алатын дәрежеге жетулері керек. Сахна тілі 2 курста практикалық сабақ жүзінде , сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмыстарын үнемі қадағалау арқылы жүргізіледі.
Пререквизиттер: тіл мәдениетін, риторика пәнін меңгерген, психология және өлең оқу шеберлігі болуы тиіс.
Постреквизиттер:театр , кино, теледидар саласында, сөйлеу мәдениеті пәні бойынша қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |