1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесі (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының дедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 92) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым; 2) бірыңғай дистрибьютор – қызметін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде осы Кодекстің 247-бабына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға; 3) белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) – белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары бөлінісінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдердің атаулары мен сипаттамаларын қамтитын, амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бюджет қаражаты және (немесе) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдердің тізбесі; 4) белгіленген тәуліктік доза (Defined Daily Dose – DDD) – бұл негізгі көрсетілімдер бойынша қолданған кезде дәрілік заттың орташа тәуліктік дозасына сәйкес келетін, әрбір белсенді ингредиент пен дәрілік нысан үшін белгіленетін шама; 5) денсаулық сақтау ұйымының дәрiлiк формуляры – Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде қалыптастырылған және денсаулық сақтау ұйымының басшысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі; 6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 7) Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр – клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек) дәрілік препараттардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын тізбесі; 8) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы; 9) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған шекті баға - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға. 2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі 3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті медициналық ұйымдар: 1) жедел медициналық көмек, сондай-ақ дәрілік формулярларға сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде; 2) тізбеге сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде қалыптастырады. 4. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілік үш жылдық кезеңге қалыптастырылады. 5. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті есептеу осы Қағидаларға 3-тарауда көрсетілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру әдістемесіне сәйкес мынадай мәліметтер негізінде жүргізіледі: 1) өңірдегі сырқаттанушылық және (немесе) эпидемиологиялық ахуал серпінінің деректері; 2) пациенттердің болжамды санын және (немесе) төсек – күнді айқындау үшін "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" (бұдан әрі – ДНЭТ АЖ), "Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі" (бұдан әрі – СНЭТ АЖ), "Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі" (бұдан әрі – ОНЭТ АЖ) ақпараттық жүйелерінен статистикалық деректер; 3) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ынтымақтастық орталығының (бұдан әрі – ДДҰ) деректеріне сәйкес дәрілік заттар үшін белгіленген тәуліктік дозаның (Defined Daily Dose) (бұдан әрі – DDD) мәні және қабылдау ұзақтығы (күндер саны) (www.whocc.no); ДДҰ есептеген DDD мәндері болмаған кезде DDD есептеу Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамаларында және (немесе) дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған емдеу схемалары мен дозалары ескеріле отырып жүргізіледі; 4) Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамаларында және (немесе) дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған емдеу схемалары мен дозаларын ескере отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолданудың орташа курстық ұзақтығы (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тұрақты қолдануды қажет ететін созылмалы аурулармен ауыратын науқастар үшін бір жылдағы күндер санына тең); 5) уәкілетті орган бекіткен ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына (немесе) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті баға. 1-параграф. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі 6. Медициналық ұйым ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріне дейінгі мерзімде: 1) үш жылдық кезеңге Бірыңғай дистрибьютордан (бұдан әрі – Бірыңғай дистрибьютордың тізімі) сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізіміне кіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға; 2) үш жылдық кезеңге Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кірмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастырады. 7. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалыптасқан қажеттілігі медициналық ұйымның формулярлық комиссиясымен келісіледі. 2-параграф. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі 8. Медициналық ұйым ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде: 1) үш жылдық кезеңге Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізіміне кіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға; 2) үш жылдық кезеңге Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынбайтын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізіміне кіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастырады. 9. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалыптасқан қажеттілігі медициналық ұйымның формулярлық комиссиясымен келісіледі. 10. Медициналық ұйым осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті медициналық ұйымның уәкілетті лауазымды тұлғасы не оны алмастыратын тұлға қол қойған өтінім нысанында қалыптастырады және ТМККК қосымша көлемінің шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органына жібереді. 11. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілік Бірыңғай дистрибьютордың "Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесіндегі өтінім нысанында қағаз жеткізгіште және (немесе) медициналық ұйымның уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат түрінде ресімделеді. 12. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қалыптастырылған өтінім ағымдағы қаржы жылының 20 наурызына дейінгі мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органына келісу үшін жіберіледі. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы өтінімді өңірдегі сырқаттанушылық және (немесе) эпидемиологиялық жағдай серпінінің деректері және статистикалық деректердің және науқастардың болжамды санының дұрыстығының негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар көлемінің негізділігінің мәніне қарайды. 13. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған өтінімді қарау мерзімі келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайды. 14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы келіскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде медициналық ұйым Қордың тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы филиалына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған өтінімді жібереді. 15. Қордың филиалы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға өтінім келіп түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның әрбір атауы бойынша осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген белгіленген формулалар бойынша Тізбеге сәйкестігі мәніне және есептердің дұрыстығына өтінімді қарайды. 16. Медициналық ұйымның дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған өтінімі келісілгеннен кейін Қордың филиалы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша үш жылдық кезеңге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бірыңғай өтінімге енгізеді және Қорға жібереді. 17. Қор ТМККК және Қор қаражаты бөлінісінде қолжетімділік (немесе жеткілікті болу) және қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мәніне облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша үш жылдық кезеңге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірыңғай өтінімді қарайды. 18. Қор өңірлердің бірыңғай өтінімдері негізінде республика бойынша үш жылдық кезеңге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған жиынтық өтінімді өңірлер бөлінісінде дәрілік заттардың әрбір дәрілік нысаны және медициналық бұйымдардың сипаттамасы бойынша нозологияларын, атауларын, дозасын және көлемін, пациенттер санын көрсете отырып қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей уәкілетті органға жібереді. 3-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру әдістемесі 19. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті есептеу екі тәсіл арқылы жүзеге асырылады: 1) дәрілік заттар үшін белгіленген тәуліктік дозаның негізінде; 2) медициналық бұйымдар үшін алдыңғы қаржы жылында іс жүзінде тұтыну туралы деректердің негізінде. . 20. Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттарға болжамды қажеттілікті есептеу үшін мынадай формулалар қолданылады: Қа = CostДЗ / МБ х Пс: ШБ (1), мұндағы CostДЗ / МБ жыл – бір пациентке жылына дәрілік заттың/ медициналық бұйымның құны; Пс – жылына болжанатын пациенттер саны; ШБ – бекітілген нормативтік құқықтық актіге сәйкес шекті баға. Қа / сатып алу = Па-Қ (2), мұндағы Қа – амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жалпы қажеттілік; Қ – келесі жылдың 1 қаңтарына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болжамды қалдығы. АДЗБҚ = DDD х ҚОҰ х БКС х БПС / ӨБД(1), мұндағы Амбулаториялық жағдайда жылына дәрілік затқа (сатып алу бірлігі) – бекітілген нормативтік құқықтық актіге сәйкес шекті баға; АДЗБҚ – амбулаториялық жағдайда жылына дәрілік заттарға (сатып алу бірлігі) болжамды қажеттілік; DDD – белгіленген тәуліктік доза; ҚОҰ – қолданудың орташа курстық ұзақтығы (күндер); БКС – жылына болжамды курстардың саны; БПС – жылына болжамды пациенттердің саны. Амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсету үшін медициналық бұйымдарға болжамды қажеттілікті есептеу үшін мынадай формула қолданылады: АМББҚ = МБІЖТ х ҚОҰ х БКС х БПС (2), мұндағы АМББҚ – амбулаториялық жағдайда жылына медициналық бұйымдарға (сатып алу бірлігі) болжамды қажеттілік; МБІЖТ – алдыңғы қаржы жылында бір пациентке медициналық бұйымдарды орташа іс жүзінде тұтынылуы; ҚОҰ – қолданудың орташа курстық ұзақтығы (күндер); БКС – жылына болжамды курстардың саны; БПС – жылына болжамды пациенттердің саны; ШБ – неғұрлым шығыны аз дәрілік нысан және дозасы бойынша бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес DDD қайта есептеуде шекті баға. Амбулаториялық жағдайда қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға арналған қажеттілікті есептеу үшін мынадай формула қолданылады: АДЗСҚ = АДЗБҚ (МБ) – БҚ (3), мұндағы АДЗСҚ – амбулаториялық жағдайда жылына дәрілік затты сатып алу қажеттілігі (сатып алу бірлігінде); АДЗБҚ – амбулаториялық жағдайда жылына дәрілік затқа болжамды қажеттілік; БҚ – келесі жылдың 1 қаңтарына (келесі жылдың 1 сәуіріне антиретровирустық препараттар үшін) дәрілік заттардың болжамды қалдығы. Осы Қағидалардың (1-3) формулаларына сәйкес айқындалған қажеттілікті жабу үшін қажетті қаржылық қамтамасыз етуді есептеу үшін бекітілген нормативтік құқықтық актіге сәйкес сатып алу бірліктеріндегі қажеттіліктің мәнін шекті бағаға көбейту жүзеге асырылады. 21. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттарға болжамды қажеттілікті есептеу үшін мынадай формулалар қолданылады: СДЗБҚ = DDD х ҚОҰ х БКС х БКС / ӨБД (4), мұндағы СДЗБҚ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жылына дәрілік затқа (сатып алу бірлігінде) болжамды қажеттілік; DDD – белгіленген тәуліктік доза; ҚОҰ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда қолданудың (күндердің) орташа курстық ұзақтығы; БКС – жылына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда болжанатын пациенттердің саны; ӨБД – өлшем бірлігінің дозасы. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін медициналық бұйымдарға болжамды қажеттілікті есептеу үшін мынадай формула қолданылады: СМББҚ = МБІЖТ х ҚОҰ х БКС х БКС (5), мұндағы СМББҚ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жылына медициналық бұйымдарға (сатып алу бірлігінде) болжамды қажеттілік; МБІЖТ – алдыңғы қаржы жылында бір пациентке медициналық бұйымдарды орташа іс жүзінде тұтынылуы; ҚОҰ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда қолданудың (күндердің) орташа курстық ұзақтығы; БКС – жылына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда болжанатын пациенттердің саны. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға арналған қажеттілікті есептеу үшін мынадай формула қолданылады: СДЗСҚ = ДЗБҚ – БҚ (6), мұндағы СДЗСҚ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда дәрілік затты жылына сатып алу қажеттілігі; ДЗБҚ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жылына дәрілік затқа болжамды қажеттілік; БҚ – келесі жылдың 1 қаңтарына дәрілік заттардың болжамды қалдығы. Осы Қағидалардың (4-6) формулаларына сәйкес айқындалған қажеттілікті жабу үшін қажетті қаржылық қамтамасыз етуді есептеу үшін бекітілген нормативтік құқықтық актіге сәйкес сатып алу бірліктеріндегі қажеттіліктің мәнін шекті бағаға көбейту жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 Бұйрығына 3-қосымша