«техникалық физиканың машиналық графика элементтері» ПӘні бойынша



Pdf көрінісі
бет7/62
Дата15.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#111954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
Байланысты:
9282 (1)
Жабаев Алтай 8 В, osh bzhb informatika 8-syn kaz
ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 8

 

беті 

 

 

математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір 



жиілікпен  бірінен  кейін  бірі  пайда  болатын  осындай  суреттердің  жиынтығы 

экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.      

Мультимедиа  деп  -  компьютер  экранындағы    жоғары  сапалы  кескінді 

дыбыстық  сүйемелдеумен  біріктіруді  айтады.    Мультимедиа  құралдары  оқу-

ағарту  саласында,  электронды  ақпарат  құралдарында  және  т.б.  мақсатта 

қолданылады. 

Мультимедиа 

мүмкіндіктерін 

толық 

пайдалану 



үшін 

компьютерге  арнайы  программаларды  орнатып  қана  қоймай,  арнайы 

құрылғыларды қосу қажет.      

Компьютерлік графиканың түрлері 

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық 

болып  бөлінеді.  Олар  бір-бірінен  монитор  экранында  бейнелену  және  қағаз 

бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша 

ажыратылады.  

Растрлық  графикада  кескіндер  түрлі-түсті  нүктелердің  жиынтығынан 

тұрады.Графикалық  ақпараттың  осындай  нүктелер  жиыны  немесе  пиксельдер 

түрінде  ұсынылуы  растрлық  түрдегі  ұсынылу  болып  табылады.  Растрлық 

кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге 

компьютер жадында бір ұяшық қажет.      

Растрлық  кескіннің  сапасы  сол  кескіннің  өлшеміне  (тігінен  және 

көлденең  орналасқан  пиксельдердің  саны)  және  әр  пиксельді  бояуға  қажетті 

түстердің санына тәуелді болады.   

Мұндай  типті  кескіндер  Adobe 

Photoshop, 

Corel 

Photo, 


Photofinish 

секілді 


қуатты 

графикалық 

редакторларда 

өңделеді. 

Растрлық 

кескіндер 

векторлық 

кескіндерге 

қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. 

Қарапайым 

фотосуреттердің 

өзі 


компьютерде  растрлық  кескін  түрінде 

сақталады.  Растрлық  кескіндерді  Paint, 

Adobe 

Image 


Ready 

секілді 


программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.  

Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.  

Артықшылығы:  растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның 

кез-келген  бөлігін  өзгертуге  болады;  нүктелерді  қажет  болмаса  ішінара  алып 

тастауға  немесе  қоюлатуға,  сондай-ақ  кескіннің  әр  нүктесін  ақ-қара  немесе 

басқа кез келген түске өзгертуге болады.  

Кемшілігі:  растрлық  кескін  өлшемінің  масштабын  өзгерткенде  (бір 

немесе  бірнеше  бағытта  созу  немесе  сығу)  кескіннің  сапасын  жоғалтатыны. 

Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде 

– кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).  






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет