Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


"Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары



бет138/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141

      "Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары

      Ескерту. 97-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны (белгіленген деңгей)

Циклдің (пәннің) индексі

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білімдер, іскерліктер және дағдылар

Қалыптасатын құзыреттер коды

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі.

Қазақ (орыс) тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша терминология. Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен). Кәсіптік қарым-қатынас. Тілді дамыту.



Білімдер:

- іскерлік қазақ (орыс) тілі негіздерін;

- кәсіптік лексиканы;

- мамандық бойынша грамматикалық материалды.



Іскерліктер:

- кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен);

- оқылатын мәтінді талдау;

- монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу.



БҚ 1 - БҚ 4

ЖГП 02

Кәсіптік шетел тілі.

Кәсіптік қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал. Тіл қызметінің әр түрлі түрлері және тіл формалары (ауызша, жазбаша, монолог пен диалог түрінде). Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару техникасы.



Білімдер:

- кәсіптік қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды.



Іскерліктер:

- кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен).



БҚ 1 - БҚ 4

ЖГП 03

Дене тәрбиесі.

Маманды дайындаудағы дене тәрбиесінің ролі. Дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері. Дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері.



Білімдер:

-дене тәрбиесінің ң әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін;

- дене тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылу формаларын;

- дұрыс тамақтану принциптерін;



Іскерліктер:

- әр түрлі дене тәрбиесі жаттығуларын орындау және спорттың жеке түрлері бойынша нормативтерді тапсыру.



БҚ 1,

БҚ8


ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Сызу.

Сызбалардырәсімдеу ережелері. Сызбалардағы геометриялық құрылулар. Сызбалардағы проекциялық көріністер. Бір және үш жазықтыққа тік бұрышты проекциялау, қарапайым геометриялық фигуралардың изометриялық және диаметриялық проекциялары. Сызба және бөлшектің изометриялық проекциясы. Геометриялық фигуралардың жаймалары. Сызбалардағы көріністердің орналасуы. Қималар мен тіліктер. Тік бұрышты және аксонометриялық осьтердегі түрлерінің, қималар мен тіліктерінің қажетті және жеткілікті сандарын қолдана отырып, бөлшектер сызбасын орындау. Машина жасаусызбасы. Металды конструкциялардың қарапайым сызбасын оқу. Алмалы-салмалықосылымдар. Алынбайтын-салынбайтынқосылымдар. Құрастыру сызбасы, жұмыс сызбасы, бөлшек эскизі, бөлшектің техникалық суреті, құрастыру сызбасы бойынша бөлшектеу.



Білімдер:

- сызбаларды рәсімдеу ережелерін;

- көріністердің сызбаларда орналасуын;

- сызбалардағы проекциялық көріністерді;

- қималарды және тіліктерді;

- алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын қосылымдарды.



Іскерліктер:

- жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған қарапайым сызбаларды оқу;

-машиналар мен механизмдерге арналған тетіктерді және қосалқы бөлшектерді дайындау мақсатында эскиздер мен техникалық суреттерді орындау.


БҚ 1 - БҚ 8,

КҚ 1. 18. 6,

КҚ 1. 18. 10,

КҚ 1. 23. 8,

КҚ 1. 24. 3,

КҚ 1. 25. 7,

КҚ 1. 26. 2


ЖКП 02

Техникалық механика негіздері.

Механизмдер мен машиналар жіктеуі. Механизмдер бөліктері. Механизмдер кинематикасы (механизм және машина, киҒнематикалық жұптар және тізбектер, кинематикалық жұптар типтері). Бөлшектер мен жиналмалы бірліктер. Жіктелуі, арналуы және оларға қойылатын талаптар. Бөлшектерді қосу түрлері (алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын). Айналу қозғалысының беріліс механизмдері. Айналу қозғалысы берілісінің түрлері (механикалық, белдікті, фрикционды, тісті, тізбекті, бұрамалы). Арналуы, сипаты, құрылымы,белгіленуі және кинематикалық схемасы. беріліс саны. Абсолюттік қатты дене. Деформацияның негізгі түрлері және олардағы кернеулерді бөлу. Сыртқы күштер және олардың түрлері. Серпімділік пен кернеудің ішкі күштері. Істегі, шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулер.



Білімдер:

- машиналар мен механизмдер жіктеуін;

- бөлшектерді байланыстыру түрлерін;

- айналу қозғалысының беріліс түрлерін;

- деформацияның негізгі түрлерін;

- шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулерін.



Іскерліктер:

- бөлшектер мен жиналмалы бірліктерді айыра білу;

- беріліс сандарын анықтау;

-серпімділік пен кернеудің ішкі және сыртқы күштерін айыра білу.



БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 1. 18. 4,

КҚ 1. 18. 9,

КҚ 1. 18. 10,

КҚ 1. 23. 6,

КҚ 1. 23. 7,

КҚ 1. 24. 6,

КҚ 1. 25. 7,

КҚ 1. 26. 9


ЖКП 03

Электртехника электроника негіздерімен.

Электрлік және магнитті тізбектер. Ауыспалы тоқтың электрлік тізбектері. Электрлік құрылғылар. Электрөлшеуіш аспаптар. Электронды аспаптар мен құрылғылар. Трансформаторлар. Электрлік машиналар мен аппараттар. Электрқуатын өндіру, тарату және қолдану. Электр станциялары, желілері және электрқуатымен қамтамасыз ету. Электроника негіздері.



Білімдер:

- электрлік және магниттік тізбектерін;

- ауыспалы тоқтың электрлік тізбектерін;

- магниттік тізбектерін;

- электрлік құрылғыларын;

- электр қуатының өндірілуін, таралуын және қолданылуын;

- электржетекті және электравтоматиканы.

Іскерліктер:

- электржабдықтарына қызмет көрсету бойынша жұмысты жүргізуге арналған электр схемаларын оқу;

- электржабдықтары жұмысын бақылау мақсатында электр өлшеу аспаптарын пайдалану.


БҚ 1 - БҚ 8,

КҚ 1. 18. 7,

КҚ 1. 18. 8,

КҚ 1. 23. 7,

КҚ 1. 24. 7,

КҚ 1. 25. 4,

КҚ 1.26. 6


ЖКП 04

Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері.

Ақпаратты кодтау. Сандық жүйелер. Бір жүйеден екінші жүйеге ауысу. Екілік арифметика. Формалды, математикалық логика. Модель түсінігі. Модельдер типтері. Алгоритм түсінігі. Алгоритмдер типтері. Бағдарламалау тілі. Бағдарлама, оны құрылымдау. Автоматты реттеу. Реттелетін параметр. Реттеу объектісі, оның қасиеттері, схемалар. Автоматты реттеуіштер, олардың жіктелуі, арналуы, құрылымы, жұмыс істеу принципі, функциялық және құрылымдық схемалары, реттеу органдары. Басқарудың автоматты жүйелерінің қосымша құралдары.

Процесті автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшудің тәртібі.


Білімдер:

- ОС WINDOWS түрлерін;

- WORD мәтіндік редакторын;

- EXCEL электронды кестелерін;

- Corel DRAW векторлық редакторын;

- вирустардан қорғануын;

- WinZip архиваторын;

- ОС DOS;

- Norton Commander сыртқабықша бағдарламасын;

- бағдарламалық тілдерін;

- автоматты реттеу негіздерін;

- автоматты реттегіштердің жұмыс істеу принципін, функциялық және құрылымдық схемаларын.



Іскерліктер:

- жұмыста және күнделікті өмірде дербес компьютерді қолдану;

-автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшуді жүзеге асыру.


БҚ 1 - БҚ 8,

КҚ 1.18.2,

КҚ 1.18.5,

КҚ 1.23.8,

КҚ 1.24.7,

КҚ 1.25.2,

КҚ 1.26.1


ЖКП 05

Геология негіздері.

Жер және ғарыш. Экзогенді және эндогенді геологиялық процестер. Минералогия, петрография және кристаллография. Минералдардың негізгі қасиеттері. Пайдалы қазбалар кенорындары. Кен орындарының генезисі, іздеу және барлау әдістері. Геологиялық барлау жұмыстары, гидрогеология.



Білімдер:

- Жер мен Күн жүйесі құрылымдарын;

- минералдар мен тау-кен жыныстарының пайда болу процестерін және олардың қасиеттерін;

- геологиялық барлау жұмыстарының тәсілдерін.



Іскерліктер:

- бос тау-кен жыныстарынан пайдалы қазбаларды айыра білу.



БҚ 1 - БҚ 8,

КҚ 1.18.4,

КҚ 1.23.8,

КҚ 1.24.1,

КҚ 1.25.3,

КҚ 1.26.8



ЖКП 06

Геодезия және маркшейдер ісі негіздері.

Геодезия. Координаттар жүйесі. Бұрыштарды, арақашықтықтар мен артықтықтарды өлшеу, геодезиялық аспаптар. Геодезиялық тармақтар. Топографиялық түсірілімдер. Маркшейдерлік іс.

Жерастылық теодолитті түсірілім. Қималы және тазартымқазбаларындағы түсірілім жұмыстары. Тік түсірілімдер. Маркшейдерлікқұжаттама. Тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді маркшейдерлік бақылау.


Білімдер:

- координаттар жүйесін;

- бұрыштарды, арақашықтықтар мен артықтықтарды өлшеу тәртібін;

- геодезиялық және маркшейдерлік аспаптарды;

- маркшейдерлік түсірілімдер түрлерін.

Іскерліктер:

- маркшейдерлік схемалар мен тау-кен жұмыстарының пландарын оқу;

- жұмыстарды дұрыс және қауіпсіз жүргізуді бақылаудың маркшейдерлік құралдарын қолдану.


БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 1.18. 4,

КҚ 1.18.6,

КҚ 1.23.8,

КҚ 1.24.1,

КҚ 1.25.3,

КҚ 1.26.7,

КҚ 1.26.8



ЖКП 07

Еңбекті қорғау.

Ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары. Өнеркәсіп санитариясы. Өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар. Өрт профилактикасының негіздері.



Білімдер:

- ашық тау-кен қазбаларында өзін өзі ұстау ережелерін;

- өрт сөндіру құралдарын;

- алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын.



Іскерліктер:

- еңбекті қорғау ережелерін ұстану;

-өзін құтқару және өрт сөндіру құралдарын қолдану; - қауіпті және зиянды факторларды айыра білу.


БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 1.18.13,

КҚ 1.23.12,

КҚ 1.24.10,

КҚ 1.25.10,

КҚ 1.26.10



АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Кен ісі.

Ашық тау-кен жұмыстарының негізгі технологиялық процестері. Аршу және қазу жұмыстары туралы ұғым. Қазудың көліктік және көліктік емес жүйелері. Күрделі және тілікті орлар. Қосалқы жұмыстар түрлері. Белгіленген деңгей біліктіліктері бойынша орындалатын жұмыстар.



Білімдер:

- негізгіжәне қосалқы жұмыстардың технологияларын;

-қосалқы жұмыстар түрлерін.

Іскерліктер:

- қосалқы жұмыстарды орындау.



БҚ 1 - БҚ 6,

КҚ 1.18.1,

КҚ 1.23.1-

КҚ 1.23.6,

КҚ 1.23.8-

КҚ 1.23.10,

КҚ 1.25.9,

КҚ 1.24.1-

КҚ 1.24.4,

КҚ 1.24.6,

КҚ 1.24.8,

КҚ 1.24.9,

КҚ 1.26.7


АП 02

Кен машиналары мен кешендері.

Гидро- және пневможетектер негіздері. Уатқыш балғалар мен бұрғылау машиналары. Қазу, тиеу және тасымалдау машиналары, кешендері. Ашық тау-кен жұмыстарына арналған қосалқы жабдықтар, құрылымы, арналу және қолдану аумағы. Жол жұмысшысы қызмет көрсететін машиналар мен механизмдер құрылымы және оларды пайдалану.



Білімдер:

- уатқыш балғалар, бұрғылау құралдары мен бұрғылау машиналарының арналуын, құрылымын;

- қауіпсіз пайдалану ережелерін;

-ашық тау-кен жұмыстарына арналған қосалқы жабдықтар құрылымын және олардың арналуын.



Іскерліктер:

- қосалқы жабдықтарды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;

- қосалқы жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу.


БҚ 5 - БҚ 7,

КҚ 1.18.2-

КҚ 1.18.6,

КҚ 1.18.9-

КҚ 1.18.12,

КҚ 1.23.6,

КҚ 1.25.1-

КҚ 1.25.3,

КҚ 1.25.6,

КҚ 1.25.7,

КҚ 1.25.9,

КҚ 1.26.1-

КҚ 1.26.5,

КҚ 1.26.7-

КҚ 1.26.9


АП 03

Кен кәсіпорындарындағы электр жабдықтары мен электр қуатын жеткізу.

Кен электр жабдықтарын пайдалану және конструкциялық орындалу ерекшеліктері.

1140В дейін және одан жоғары кернеудің басқару және қорғаныш электр аппаратурасы. Кен кәсіпорындарының электр қуатымен жабдықталуы. Кен кәсіпорындарының электр жүйелері. Электр қондырғыларының қорғанышы. Кен қазбаларын жарықтандыру. Кеніштегі белгі беру мен байланыс. Электр тоғына түсуден қорғану.


Білімдер:

- электр механикалық жабдықтардың конструкциялары меніс-әрекеті принциптерін;

-түйістіргі және тоқ реттегіш (реле) көмегімен электр қозғалтқыштар жетектерін басқару тәсілдерін;

-электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану ережелерін;

- қорғаныш жерге қосу құрылғыларын, арналуын.

Іскерліктер:

- магнитті және тиристорлы қосқыштардың көмегімен электр қозғалтқыштарды іске қосуды жүргізу;

-жерге қосу желісінің құрылғысына қойылатын талаптарды анықтау;

- электр жабдықтарын пайдалану.



БҚ 5 - БҚ 7,

КҚ 1.18.5,

КҚ 1.18.7-

КҚ 1.18.11,

КҚ 1.23.7,

КҚ 1.25.3,

КҚ 1.25.4

КҚ 1.25.7,

КҚ 1.24.7,

КҚ 1.26.6



АП 04

Кен механикасы.

Турбомашиналар теориясының негіздері. Желдеткіш, сутөкпе, компрессорлық және көтергі қондырғылары, олардың түрлері, конструкциялары, жұмыс істеу принципі. Олардың өнімділігін реттеу, оларды пайдалану.



Білімдер:

- гидравликаның негізгі заңдарын;

- желдеткіштер, сорғылар, компрессорлар, калориферлер, көтергі машиналарының типтерін.

Іскерліктер:

- ашық таукен жұмыстарына арналған тұрақты машиналардың және механизмдердің есебі мен таңдауын жүргізу.



БҚ 5 - БҚ 7,

КҚ1.18.9-

КҚ 1.18.11,

КҚ 1.25.6,

КҚ 1.26.9


АП 05

Өндіріс процестерін автоматтандыру.

Автоматика және телемеханиканың негізгі түсініктері. Сандық техника элементтері. Автоматтандырудың техникалық құралдары. Таукен машиналарын, шахта көліктерін және жылжымайтын қондырғыларды автоматтандыру. Технологиялық процестерді автоматтандыру. Таукен жабдықтары мен технологиялық процестерді автоматтандырудағы даму бағытының болашағы.



Білімдер:

- кен өндірісінің автоматика және телемеханика негіздерін.



Іскерліктер:

- автоматтандыру аппаратурасын қолдану білу.



БҚ 5 - БҚ 7,

КҚ 1.18.2,

КҚ 1.18.5,

КҚ 1.23.7,

КҚ 1.24.7,

КҚ 1.25.2,

КҚ 1.26.1


АП 06

Қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану.

Зақымдану және кәсіби аурулар. Ауырлық дәрежесі мен зардап шеккендер саны бойынша жазатайым оқиғалар жіктелуі. Өндірісте салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын құру. Кәсіпорындағы еңбекті қорғаудың басқару жүйесі. Өндірістегі және тұрмыстағы жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібі. Таукен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары. Өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар. Зардап шегушілерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану.



Білімдер:

- еңбек заңнамасы, қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы профилактикасы мен кен құтқару ісі негіздерін;

-зақымдану мен кәсіби аурулар жіктелуін;

- таукен жұмыстарынжүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасын;

- өндіріс қауіптіліктері мен зияндылықтарын.

Іскерліктер:

- қауіпсіздік Ережелерінің талаптарын ұстану;

-зиянды және улы газдарды өлшеу;

- жазатайым оқиға болған жерді тергеу мақсатында ешкімнің бас сұқпауын қамтамасыз ету;

- жарақаттанған адамға алғашқы көмек көрсету.


БҚ 5-БҚ 7,

КҚ 1.18.13,

КҚ 1.23.5,

КҚ 1.23.11,

КҚ 1.23.12,

КҚ 1.25.5,

КҚ 1.25.8,

КҚ 1.25.10,

КҚ 1.24.10,

КҚ 1.26.10



АП 07

Кенөндіру саласындағы нарықтық экономика негіздері.

Нарықтық экономикаға ену. Нарықтық экономиканың негізгі принциптері, мониторинг, сұраныс және ұсыныс. Нарықтық жүйе, монополия және бәсекелестік. Кәсіпкерлік пен нарықтық қатынастар субъектілерін дамыту. Кәсіпорын іс-әрекетінің экономикалық шығындары мен нәтижелері. Маркетинг және жарнама. Баға және баға қалыптасу. Шаруашылық іс-әрекеті өндірісінің тиімділігі. Салық және салық салу.



Білімдер:

- тауар өнімінің атаулары мен сипаттамаларын;

- бәсекелестік, оның мәні мен міндеттері туралы ұғымдарды;

- банктер міндеттерін анықтауды;

- шығындар, нарық субъектілері бойынша негізгі ұғымдарды;

- маркетинг туралы ұғым мен мәнін, оның мақсаттарын және міндеттерін;

- жарнамаларды, жарнамалар түрлерін;

- бағаны анықтауды;

- салықтар түрлерін.

Іскерліктер:

- кірістерді, шығындарды есептеу;

- тауардың өзiндiк құны бағасын, өндiрiс бағасын, көтерме бағаны, бөлшек сауда бағасын (үлгi әдiсімен) анықтау.


БҚ 1 - БҚ 6,

КҚ 1.18.1,

КҚ 1.23.2,

КҚ 1.24.5,

КҚ 1.25.1,

КҚ 1.25.8,

КҚ 1.26.3


БҰАП 00

Білім беру ұйымы анықтайтын пәндер

ӨО 00

Өндірістік оқыту

ӨО 01

Оқу-өндірістік шеберханалардағы практика.

Металдарды слесарлық және механикалық өңдеудің негізгі процестерімен және қолданылатын жабдықтармен, құрал-саймандармен, керек-жарақтармен танысу. Слесарьмен станокшының жұмыс орнын ұйымдастыру,еңбектi нормалау негiздерi. Металдарды өңдеу бойынша тәжірибелік іс-әрекеттің қажетті ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.



Іскерліктер:

- машинажасау сызбаларын оқу;

- нормативті-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу.

Дағдылар:

- металдар мен материалдарды танып білу;

- өлшеуіш құрал-саймандарын пайдалану;

- бөлшектерді өңдеу бойынша технологиялық процесс картасын құрастыру.



БҚ 5-БҚ 8,

КҚ 1.18.9,

КҚ 1.18.10,

КҚ 1.23.4,

КҚ 1.24.4,

КҚ 1.25.6,

КҚ 1.25.7,

КҚ 1.26.9



ӨО 02

Кәсіптік дағдыларды қалыптастыру бойынша практика.

Тау-кен механикалық және электрлік жабдықтарын пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерімен танысу. Кәсіпорындарға электр қуатын тарату және тарату бекеттері жабдықтарының схемаларын зерделеу. Төменгі вольтті және жоғары вольтті электр аппаратурасымен танысу. Тау-кен кәсіпорнындағы электржабдықтарды жерге қосу схемаларын зерделеу, тіліктің (карьердің) жалпы жерге қосу желісімен танысу. Тұрақты жабдықтардың жұмысымен танысу. Желдеткіштік және компрессорлық, сутөккі қондырғылар.



Іскерліктер:

- электр механикалық жабдықтарды пайдалану бойынша ҚЕ мен нұсқаулық талаптарын ұстану;

- тіліктің (карьердің) жалпы жерге қосу желісінің құрастырушыларын айыра білу;

- жерге қосылуын тексеру;

- сорғы агрегаттарын тексеруді, іске қосуды және тоқтатуды жүргізу.

Дағдылар:

- бақылау-өлшеуіш аспаптарынан көрсеткіштерді алу;

- сауытталған және иілгіш ішек сымдарды бөлектеу, ішек сымдарды ілу;

- жергілікті жерге қосудың дұрыстығын көзбен шолып анықтау;

- жерге қосу кедергілерін өлшеуге арналған аспаптарды пайдалану;

- компрессорлық агрегаттарды іске қосу және тоқтату, олардың жұмысын бақылау;

- тау-кен машиналары мен тұрақты қондырғыларды автоматтандыру аппаратурасын пайдалану бойынша жұмыстар кешенін орындау.


БҚ 5-БҚ 8,

КҚ 1.18.1,

КҚ 1.23.1,

КҚ 1.24.1,

КҚ 1.25.1,

КҚ 1.26.1




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет