Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


АП 07 Қылмыстық іс жүргізу құқығы



бет14/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   141

АП 07

Қылмыстық іс жүргізу құқығы

Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі. Іс жүргізу әрекеттерінің жүйесі. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңы. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу. Қылмыстық процесске қатысушылар. Іс жүргізу мерзімдері. Іс жүргізу сатылары. Қылмыстық іс қозғау тәртібі. Сотта іс жүргізу. Үкім. Үкімге шағым және наразылық білдіру тәртібі.



Білімдер:

- қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігін, жүйесін, принциптерін және қайнар көздерін біледі;

- қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін біледі;

- қылмыстық іс қозғау, сотта істі қарау тәртібін біледі;



Іскерліктер:

- іс жүргізу құжаттарымен жұмыс істейді;

- процессуалдық мерзімдерді есептейді;

- іс жүргізу сатыларын анықтайды;

- қылмыстық процесске қатысушыларды анықтайды.


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ 8


БҚ 9

БҚ 10


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.7


АП 08

Сотта іс жүргізу

Сотта іс жүргізу туралы жалпы ережелер, нұсқаулар. Қылмыстық, азаматтар істерді және басқа материалдарды тіркеу және есепке алу тәртібі. Сот құжаттары. Құжаттарды құрастыру және рәсімдеу тәртібі. Азаматтарды қабылдау және тіркеу. Азаматтардың ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау тәртібі. Сот шешімдері мен үкімдерін орындау тәртібі. Кіріс құжаттарын есепке алу.



Білімдер:

- іс жүргізу бойынша нұсқауларды білу;

- құжат айналымын ұйымдастыру ережелерін білу;

- сот құжаттарын білу.



Іскерліктер:

- құжаттарды құрастыру және ресімдеу тәсілдерін меңгеру;

- істерді ресімдеу;

- кіріс және шығыс құжаттарына есеп жүргізу.



БҚ 5

БҚ 6


БҚ 9

БҚ 11


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.7


АП 09

Банктік құқық

Банк және банк қызметіне түсінік. Банк құқығының пәні, жүйесі және қайнар көздері. Банктің құқықтық қатынастар, олардың субъектілері. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің функциялары мен құқықтық статусы. Коммерциялық банктің түсінігі және құқықтық жағдайы. Банктік ақпарат және банктік құпияның құқықтық қорғалуы. Несие қатынастарын құқықтық реттеу. Банктік есептеудің құқық қатынастары. Валюталық операциялар және валюттық нарық.



Білімдер:

- банк қызметінің негізгі міндеттерін, функцияларын, акт түрлерін, банк қызметін реттеуді біледі;

- банк құқық қатынастарының негізгі элементтерін ажыратады;

- Ұлттық банктің және екінші деңгейдегі банктердің мәртебесін анықтайды;



Іскерліктер:

- әртүрлі банктік шарт түрлерін құрастырады;

- несие алу үшін қажетті құжаттар жобасын дайындайды;

- банк есептерінің негізгі нысандарын ажырата алады.



БҚ 2

БҚ 5


БҚ 6

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.3

КҚ 3.1.7


АП 10

Нотариат

Нотариат туралы ұғым. Нотариат қызметін ұйымдастыру. Нотариаттық қызметті реттейтін заң актілері. Нотариустың құқықтық жағдайы. Нотариаттық палата, оның құзыреті. Нотариаттық іс жүргізу. Нотариаттық әрекеттерті жүргізудің негізгі ережелері. Мәмілелерді куәландыру. Мүліктен бас тарту туралы шарттарды куәландыру. Сенімхат, мұрагерлікті куәландыру. Нотариаттық әрекеттерге шағым жасау тәртібі. Куәландыратын жазбалар жасау.



Білімдер:

- нотариат туралы заңдарды біледі;

- мәмілелерді куәландыру және нотариаттық әрекеттерті жүргізудің ережелерін біледі;

- нотариаттық әрекеттерді жасаудың ережелерін біледі.



Іскерліктер:

- әр түрлі мәмілелерді, өсиеттерді, шарттарды, сенім хаттарды рәсімдейді;

- нотариаттық құжаттарды құрастыру кезінде қолданыстағы заңдарды қолданады;

- нотариаттық құжаттарға есеп жүргізеді.



БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ 8


БҚ 9

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.6

КҚ 3.1.7


АП 11

Кәсіпкерлік құқық

Кәсіпкерлік құқық түсінігі, жүйесі, принциптері. Кәсіпкерлік шарттардың ұғымы мен түрлері.

Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері. Кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Кәсіпкерлің қызметті антимонополиялық реттеу.

Сыртқы экономикалық қызмет.


Білімдер:

- кәсіпкерлің құқықтың түсінігін, пәнін, әдістерін, жүйесін біледі;

- кәсіпкерлік шарт түрлерін біледі;

- антимонополиялық заңдарды біледі.



Іскерліктер:

- кәсіпкерлік шарттар жобасын құрастырады;

- нормативтік құқықтық актілерді қолданады.


БҚ 5

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


БҚ 6

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.7


КП 00

Кәсіптік практика

КП 01

Кәсіптік практика

Іскерліктер:

Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысады, атқару әрекеттерін жүзеге асырады азаматтық және қылмыстық істерді әзірлеуге байланысты әрекеттерді жүргізеді.



Дағдылар:

Құқықтық сипаттағы құжаттарды толтырады және ресімдейді.



КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.2


КҚ 3.2.3

КҚ 3.2.4


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6


КҚ 3.2.7

020102 3 – Заңгер-кеңесші біліктілігі

ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндері

ЖКП 01

Қазақстан Республикасы мемлекетi мен құқығының тарихы

Пәннің негізгі бағыттағы мақсаты. Қазақстан аймағындағы алғашқы мемлекеттің құрылуы. Қазақстан Монғол шапқыншылығы кезеңінде. Ноғай Ордасының саяси құрылысы. Алғашқы қазақ хандығының және қазақ елінің құрылуы. XY-XVIII ғ. қазақтардың әдет-ғұрып құқығы. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекеттік- құқықтық жағдайлары. XIX ғ-ң 60-90 ж-ғы реформалар бойынша Қазақстанның әкімшілік құрылысы мен құқығы. Азаматтық соғыс жылдарында Қазақстанның қарсы тұруы. Қазақстанның автономия кезеңіндегі әкімшілік саяси жағдайы. КСРО-ның дағдарыс және таралу кезеңіндегі Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы. Қазақстан -демократиялы, тәуелсіз, егеменді, құқықты мемлекет.



Білімдер:

- пәннің негізгі міндеттерін, басқа пәндермен байланысын біледі;

- Қазақстан аймағындағы ежелгі мемлекеттің негізгі белгілерін ашады;

- Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың құқықтық жағдайын анықтайды;

- қазақ хандығындағы мемлекеттік ұйымдастырудың, қазақ қоғамындағы ханның ролін сипаттайды;

- тектік қауым мүшелерінің құқытары мен міндеттерін, билер кеңесінің негізгі қызметін анықтайды;



Іскерліктер:

- Қасым хан мен Есім хан заңдарын, Қазақстанның Ресейге қосылу сатыларын меңгереді;

- КСРО–ның құлдырауы кезеңіндегі Қазақстанның құқықтық жағдайын аша алады


БҚ 6

ЖКП 02

Мемлекет және құқық теориясының негіздері

Мемлекет пен құқық теориясының пәні және әдістері. Мемлекет ұғымына түсінік, оның пайда болу себептері. Басқару тұрпаты және мемлекеттік аймақтық құрылыс тұрпаты және мемлекеттік-саяси режим. Мемлекеттің қызмет ету бағыттары және-механизмі. Құқықтық мемлекет, оның негізгі ерекшелік белгілері. Құқық ұғымы, оның мәні мен мағынасы. Құқық нысандары, олардың құрылымы. Нормативтік -құқықтық актілер, оларды жүйелеу. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Жеке адам, құқық, мемлекет. Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизмі. Қазіргі қоғамдағы заңдылық және құқықтық тәртіп.



Білімдер:

- мемлекет пен құқық теориясының негізгі терминдерінің жалпы сипаттамасын біледі;

- мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтарын біледі;

- құқық нормаларың түсінігі және оның элементтерін біледі;

- заңға сыйымды тәртіп түсінігіне және құқық бұзушылықты жою жолдарына бағдар береді;

Іскерліктер:

- құқықтық қатынастарын негізгі белгілерін анықтайды;

- құқықты жүзеге асыру нысандары мен әдістерін қолданады;

- басқару, құрылым және саяси режим нысандарын ажыратады;

- заңи терминдерді қолданады;

- құқық салаларын ажырата алады;

- заңдар мен заңға тәуелді актілерді ажырата алады.


БҚ 6

ЖКП 03

Конституциялық құқық

Азаматтықтың құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі мен құзыреті. Қазақстан Республикасы Парламентінің мәртебесі мен құзыреттілігі. Заң шығару процесі. Қазақстан Республикасы Үкіметтің мәртебесі мен құзыреті. ҚР Конституциялық Кеңесінің мәртебесі. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.



Білімдер:

- конституциялық құқық жүйесін біледі;

- конституциялық құқықтың негізгі институттарын ажыратады;

Іскерліктер:

- құқықтық қатынастар субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді.



БҚ 2

БҚ 6


ЖКП 04

Әкімшілік құқық

Мемлекеттік басқару ұғымы, әдісі және басқару нысаны. Басқару актілері. Мемлекеттік қызмет түсінігі және оның қағидалары. Әкімшілік іс жүргізу, оның сатылары. Әкімшілік құқық бұзушылық және жауаптылық. Әкімшілік құқықтық санкциялар. Әкімшілік жаза қолдану.



Білімдер:

- әкімшілік іс жүргізудің субьектілерін, қағидаларын, түсінігін, әкімшілік жауапкершіліктің негізгі белгілерін, әкімшілік құқық бұзушылық және оның құрамын біледі;



Іскерліктер:

- әкімшілік құжаттарды құрастырады.



БҚ 2

КҚ 3.2.1


ЖКП 05

Құқық қорғау органдары

Құқық қорғау қызметі және құқық қорғау органдары. Құқық қорғау органдары туралы заңдар. Әділсот ұғымы мен принциптері. ҚР сот билігі және сот жүйесі. Сот өкілеттілігі. ҚР әділет министрлігі. Прокуратура және прокурорлық бақылау.

Алдын ала тергеу жүргiзу және анықтау органдары, олардың өкілеттілігі. Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің құрылымы мен құзіреті. Салық комитетінің қызметі. Заңи көмек көрсетуді ұйымдастыру. Адвокатура қызметінің негізгі бағыттары.

Нотариаттық қызмет.



Білімдер:

- құқық қорғау органдарының құрылымын, құқық қорғау органдары қызметін реттейтін заң актілерін біледі;



Іскерліктер:

- құқық қорғау органдарды ажырата алады;

- сот жүйесі құрылымын және оның құзыреттілігін ажыратады;

- сот және әділесот қағидаларын талдайды;

- нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс жасай біледі.


БҚ 2

КҚ 3.2.1


ЖКП 06

Экологиялық құқық

Экологиялық құқықтың жүйесі мен субъектілері. Экологиялық құқықтың нормалары. Экологиялық құқыққатынастар. Мемлекеттің экологиялық функциялары. Жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар әлемі – табиғат объектісінің сипаттамасы. Экологиялық сараптама мен аудит. Мемлекет пен қоғамның экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы. Экологиялық мониторинг және кадастр. Табиғатты қорғау заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық ұйымдар.



Білімдер:

- экологиялық құқық бұзушылықтың құрамы мен экологиялық қылмыс үшін жауаптылықты біледі;

- экологиялық құқық пәнін, құқықтық реттеу әдісін, қағидаларын, жүйесі мен қайнар көздерін, табиғатты қолдану құқығын біледі;

Іскерліктер:

- экологиялық басқару органдарының жүйесін ажыратады;

- жер, су, жер қойнауын пайдалану, жануарлар дүниесі және атмосфералық ауаны қорғаудағы экологиялық- құқықтық тәртіпті анықтай алады;

- халақаралық экологиялық құқықты қалыптастыру проблемаларын сипаттайды;

- экологиялық жауаптылықты анықтай біледі.


БҚ 2

КҚ 3.2.1


КҚ 3.2.2

ЖКП 07

Бухгалтерлік есеп және есеп беру негіздері

Бухгалтерлік есептің мәні, маңызы және оның түрлері.

Бухгалтерлік баланс және есеп беру. Бухгалтерлік есеп шоттары, және екі жаққа жазу. Шоттар жоспары. Бухгалтерлік есеп құжаттары және олардың сыныптамасы. Есеп регистрлері. Бухгалтерлік есептің нысандары. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары түсінігі.

Ақша қаражаттарының, есеп айырысу мен несиелік операциялардың есебі.

Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі. Еңбек және оның төлемақысының есебі.

Дайын өнім және оны сатумен байланысты шығыстардың есебі. Кәсіпорынның кіріс және шығыс есебі. Өндіріс шығысының есебі.

Қаржылық нәтиже және меншікті капиталдың есебі.

Шаруашылық субъектілердің есептік саясаты.

Субъектінің қаржылық есеп беруі.


Білімдер:

- бухгалтерлік есептің пәні, әдістері, қағидалары мен міндеттерін біледі;

- бухгалтерлік баланстың мәні, маңызы, мазмұны мен түрлері анықтайды;

- бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазуын біледі;

- бухгалтерлік есеп нысандары, есептік регистрлерді құрастырады;

Іскерліктер:

- шоттардың корреспонрденциясын құрастырады;

- шаруашылық операциялар құжаттарын толтырады;

- бухгалтерлік есеп нысандарын айырады;

- қаржылық және басқару есебіне бағдар береді.


БҚ 5

КҚ 3.2.3


КҚ 3.2.6

ЖКП 08

Қаржы және салық құқығының негіздері

Мемлекеттің қаржы және қаржылық қызметі. Қаржы құқығының түсінігі, пәні және жүйесі. Қаржылық құқыққатынастар, олардың субъектілері. Мемлекеттің қаржы жүйесі. Ақша айналымы және валюталық реттеу. Бюджет және бюджеттік жүйе, бюджеттік құрылым және оның тәртібі. Мемлекетік кіріс және шығыс. Мемлекеттің салық қызметі. ҚР салық жүйесі. Мемлекеттік салық түсінігі, оның белгілері. Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі. Салық органдары қызметінің мәртебесі. Салық төлеушінің мәртебесі. Салық саласын басқару және салықтарды жоспарлау. Салық міндеттемесі және оның мазмұны. Салыққа әкімшілік жүргізу және оның түрлері. Салық салу саласындағы жауапкершілік. Салық дауларын шешу мерзімі мен тәртібі.



Білімдер:

- мемлекеттің қаржы және қаржылық қызметін, әдістері және функцияларын біледі;

- мемлекеттік қаржыны қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудың әдістерін айыра алады;

- бюджеттік жүйенің негізгі қағидаларын, маңызын, түсінігін біледі;

- салық элементтерінің түсінігін, белгілерін, функцияларын, салық элементтерін, салық салу қағидалары мен олардың әдістері біледі;

Іскерліктер:

- ақша айналымын ұйымдастыру тәртібін реттейді;

- қаржылық бақылау және қаржылық жоспарлау саласын басқару, қаржы құрылысын игереді;

- бюджетке дәрежесіне байланысты кірістің түсуінің міндеттілігі мен кепілділігін айыра алады;

- салық төлеушілер мен салық органдарының мәртебесін айыра алады;

- салықтың түрлерін, төлем және төлемдерді айырады;

- нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істейді, салықтарды есептейді.


БҚ 2

КҚ 3.2.1


КҚ 3.2.2

КҚ 3.2.6


ЖКП 09

Іскерлік қатынастардың этикасы мен психологиясы.

Этика оқу пәні ретінде. Оның пәні мен жүйесі. Әлеуметтік мекеме жұмысшыларының құқықтық мәдениеті. Әлеуметтік жұмыс обьектісі және оның спсихологиялық сипаттамасы.



Білімдер:

- қызмет этикасының ерекшелігін, басқару стилдерін біледі;

- ұжымдағы әлеуметтік -психологиялық ахуалын түсіне біледі;

Іскерліктер:

- көпшілік алдында сөз сөйлеу құрылымын әзірлей алады;

- пікір-таласқа түсе алуды меңгереді.


БҚ 8

КҚ 3.2.6


ЖКП 10

Ақпаратты автоматтандырып өңдеу

Информациялық қоғам және информациялық мәдениет туралы түсінік. Операциялық жүйелер. MS Windows операциялық жүйесі. Файлдық жүйеге амалдар қолдану. Компьютерлік желілер. Интернет. Әлеуметтік – экономикалық ақпаратты MS WORD текстттік процессоры көмегімен өңдеу. Электрондық кестелерді әлеуметтік – экономикалық есептерді шешеу мақсатында пайдалану. Іс жүргізуді автоматтандыру құралдары.



Білімдер:

- кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру барысында ДК маңызы мен орнын біледі;



Іскерліктер:

- ақпаратты өңдеу әдістерін және іс жүргізуді автоматтандыру құралдарын қолданады.



БҚ 1

КҚ 5


КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.2


КҚ 3.2.6

ЖКП 11

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Мемлекеттік іс жүргізу және іскерлік корреспонденцияны ұйымдастыру. Құжат түрлері және оларды жіктеу. Іс қағаздарының тілі мен стилі. Жеке құрам құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Құжаттарды тіркеуге және есепке алу. Мекеме қызметін құжатпен қамтамасыз етуге компьютерді пайдалану.



Білімдер:

- іс жүргізу және коррсепонденция туралы түсінікті біледі;

- құжат туралы түсінікті, олардың қызмет түрлеріне қарай бөле алады;

Іскерліктер:

- қызмет құжаттарының тілі мен стилінің түсінігін меңгереді.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.2


КҚ 3.2.4

КҚ 3.2.5


КҚ 3.2.6

АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Азаматтық құқық

Азаматтық құқық пәні, жүйесі, әдістері және қайнар көздері. Азаматтық заңдардың уақыт, кеңістікте және тұлғалар арасында қолданылуы. Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері және субъектілері. Мәмілелер туралы ұғым, түрлері, мәміле жасаудың нысаны мен шарттары. Мәміленің жарамсыздығы. Өкілдік және сенімхат. Сенімхат нысаны, тәртібі, мерзімі. Сенім ауысуы. Мерзімдерді есептеу және талап қою мерзімі. Міндеттемелік құқық. Міндеттемелердің орындалуы. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Конкурстық міндеттемелер. Интеллектуалдық меншік құқығы. Авторлық және сабақтастық құқықтар. Мұрагерлік құқық. Отбасы құқығының ұғымы, мәні, жүйесі, әдістері. Неке. Некеге тұру. Некені тоқтату, оның жарамсыздығы. Ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастары: жеке және мүліктік құқық. Отбасы. Баланың туу тегін белгілеу. Ата-аналармен балалардың құқықтық қатынастары. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу. Бала (ұл немесе қыз) асырап алу. Қорғаншылық және қамқоршылық. Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеудің құқықтық тәртібі. Патронат. Алименттік міндеттемелер. Азаматтық хал актілері.



Білімдер:

- міндеттеменің пайда болу ұғымын, түрлерін және негіздерін біледі;

- азаматтық құқық субъектілері мен объектілері ұғымын біледі;

- мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді біледі;

- отбасы құқығының ұғымы, пәні, әдістері және принциптерін біледі;

- некеге тұру тәртібі мен шарттарын сипаттайды;

- ата-аналармен балалардың, ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастарын біледі.

Іскерліктер:

- заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын құрастырады;

- коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаның ұйымдастыру құқықтық нысанын ажыратады;

- мәміленің түрлерін, олардың жарамдылығы мен жарамсыздығын ажытады;

- меншік құқығы мазмұнын, пайда болу және тоқтату негіздерін айқындайды;

- міндеттемелердің жекелеген түрлерін құрастырады;

- мұрагерлік негізін, заң бойынша мұрагерлік кезегін белгілейді.

- ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу негіздерін белгілейді;

- некеге тұру, тоқтату және оның жарамсыздығы туралы арызды құрастырады;

- нормативтің құқықтық актілермен жұмыс істейді;

- алимент мөлшерін анықтайды.


БҚ 2

БҚ 6


БҚ 12

КҚ 3.2.1


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6


АП 02

Азаматтық іс жүргізу құқығы

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, қағидалары және қайнар көздері. Азаматтық сот өндірісінің түсінігі, міндеттері мен оның түрлері. Азаматтық іс жүргізу құқықық қатынастары және олардың субъектілері. Азаматтық іс жүргізу құқығының қатысушылары.

Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы. Сот өкілдігі. Талап мерзімнің түсінігі, маңызы, түрлері. Сот шығындары. Талап қою құқығы және талап беру тәртібі. Талап арыз. Бірінші сатыдағы сот өндірісі. Азаматтық істі қозғау және оны сотта қарау. Сотта іс қарау. Заңды күшіне енбеген сот қаулылырына шағым және наразылық білдіру.


Білімдер:

- азаматтық сот өндірісінің түрлері мен сатыларын белгілейді;

- соттың құрамын анықтайды;

- соттылық және ведомстволық бағыныстылықтың ұғымына түсінік береді;

- сот дәлелдеу және дәлелдемелерінің мәнін біледі;

Іскерліктер:

- үшінші жақтарды және олардың құқықтық жағдайын айқындау;

- сот шығындарын есептейді;

- талап арыз элементтері мен түрлерін белгілейді;

- талап арыз құрастырады;

- сотта істі қарау бөлімдерін ажыратады;

- сот отырысы хаттамасын құрастырады;

- нормативтік актілермен жұмыс істейді;

- процессуалдық құжаттарды құрастырады.


БҚ 2

БҚ 6


БҚ 12

КҚ 3.2.1


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6


АП 03

Еңбек құқығы және әлеуметтік қорғау құқығы

Еңбек құқығының пәні және қайнар көздері. Халықты жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу.

Ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасасу тәртібі.

Кәсіптік одақтар. Еңбек шартының мазмұны және оны жасасу тәртібі. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты. Еңбекке ақы төлеу, өтемақы төлемдері мен кепілдіктер. Еңбек тәртібі. Еңбек және ұжымдық шарт тараптарының материалдық жауапкершілігі. Әлеуметтік қорғаудың түсінігі және түрлері.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құқықтық жағдайы. Азаматтардың жекелеген санаттарын зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері. Жәрдемақылардың ұғымы мен түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет