Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет38/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   141

      Ескерту: ЖБП – Жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – Жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП - Әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – Жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – жұмыс берушілердің талаптары бойынша білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультация; Ф – факультативтік сабақтар.

      ТжКБ-ның МЖМБС-на сәйкес пәндердің тізімі үлгілік оқу жоспарында орындауға міндетті болып табылады. Бақылау нысандары (курстық жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар), пәнді оқыту тәртібі үлгі болып табылады және оқыту нысанына, мамандықтардың ерекшеліктеріне, жергілікті және басқа да жағдайларға (жайлар) қарай, о.і. жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

      *Білім беру ұйымы анықтайтын пәндерге арналған сағат көлемі жалпы кәсіптік және арнайы пәндер циклдарының сағат көлемін (25% дейін) қысқарту есебінен ұлғайтылуы мүмкін.

      **Қорытынды аттесттатауға ұсынылатын нысандар: пәндер бойынша кешенді емтихан ЖКП (01), АП (04, 02) немесе пәндердің біреуінен (ЖКП 02) емтихан тапсырумен дипломдық жұмыс қорғау.

      Оқу-өндірістік құрал-жабдықтар мен техникалық оқу құралдарының үлгілік тізімдемесі мамандыққа сәйкес пәндер бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны айқындалады.

      Нақты оқу орнын жабдықтау үшін оқу-өндірістік жабдықтар және техникалық оқыту құралдарының тізімі жұмыс оқу бағдарламаларын есепке ала отырып, кадрлар даярланатын серіктес кәсіпорынмен бірлесіп анықталады. Бұл ретте саланың даму келешектерін есепке алғанда IT-технологиялар, 3D-технологиялар, АКТ, қашықтықтық, модульдік, дуалдық, кредиттік оқытуды ескеру ұсынылады.



 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 26-қосымша

      "Зергерлік ісі (салалар бойынша)" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары

      Ескерту. 26-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Пәндердің циклдары және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (жоғары деңгей)

Цикл индексі (пәндер)

Практика, пәндердің негізгі тараулары мен атаулары

Қалыптасатын білім, іскерліктер және дағдылар

Қалыптасатын құзырет коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер





ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер





ЖГП 01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі

Кәсіптік тілдің рөлі. Мамандық бойынша терминология. Тіл синтаксисі. Аударма (сөздікпен) техникасы, кәсіптік қарым-қатынас. Мәтінді диалог арқылы және әңгімелеу арқылы құру, болашақ мамандарға бағыттау.



Білімдер:

- мемлекеттік, орыс тілі және лексикалық және грамматикалық минимумды меңгеруін,оқу үшін және аудару (сөздік бойынша) кәсіптік бағыттағы мәтіндермен жұмыс істеу;



Іскерліктер:

- кәсіптік сөз байлығын сауатты қолдану; қазақ және орыс тілін өз кәсіби қызметінде қолдану;



КҚ 2.1.2

КҚ 2.2.2


КҚ 2.3.2

КҚ 2.4.2


КҚ 2.5.2

КҚ 2.6.2


КҚ 2.7.2

КҚ 2.8.2


КҚ 2.9.2

КҚ 2.10.2



ЖГП 02

Кәсіптік шетел тілі

Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері, кәсіптік лексика, фразеологиялық орамдар мен терминдер. Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. Кәсіптік сөйлесу, сөйлесу, тыңдап түсінуді, оқу мен жазу, ауызша және жазбаша аудару, тіл байлығын дамыту;



Білімдер:

- кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды;



Іскерліктер:

- тілдік іс-әрекет түрлерін және сөйлеу нысандарын ажырату (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік).



КҚ 2.1.3

КҚ 2.2.3


КҚ 2.3.3

КҚ 2.4.3


КҚ 2.5.3

КҚ 2.6.3


КҚ 2.7.3

КҚ 2.8.3


КҚ 2.9.3

КҚ 2.10.3



ЖГП 03

Қазақстан тарихы





ЖГП 04

Дене тәрбиесі

Дене тәрбиесінің мамандар дайындаудағы әлеуметтік маңызы, рөлі; салауатты өмір салтын қалыптастыру; әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздегі денешынықтыру, жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіретін әдістер; жұмыс қабілеттілігі мен қозғалу белсенділігінің тәртіптері; өздігінен жетілудің физикалық-спорттық негіздері; маманданған кәсіби-қолданбалы іс-жүзінде қолданылатын дене дайындығы;



Білімдер:

- салауатты өмір салтының негізгі құрамдарын білу;

- дене тәрбиесінің маманданған және адамның әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін дамыту;

Іскерліктер:

- алған білімдерін денсаулығын бекіту үшін қолдану, өмірлік және кәсіби мақсатта спортпен айналысу, физикалық белсенділікті жүйелі түрде қолдай алу.



БҚ 9

ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер



ЖКП 01

Арнайы сызу

Сызу туралы жалпы мағлұмат. Сызықтардың, фигуралардың графикалық тұрғызуларын жүргізу. Геометриялық тұрғызулар жүргізудің негізгі тәсілдері. Проекциялық сызу. Проекциялар түрлері. Геометриялық денелер проекцияларын салу.

Техникалық суреттер және өнімдердің эскиздері; салу принциптері. Қималар және тіліктер туралы ұғым. Сызықтық көрініс; көріністі салу тәсілдері. Сызбаларды графикалық рәсімдеу. Сызбалы геометрияның негіздері және проекциялық сызу. Техникалық сурет элементтері. Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері. Оюлар кескіні және белгіленуі. Бұйымдар мен эскиздер сызбалары. Бұйымдарды қосу. Берілістер. Ажырамайтын қосылыстар. Жалпы түрдегі сызбалар. Жинамалы сызба. Жинамалы сызбаларды сызу. Мамандық бойынша сызбалар және сұлбалар.


Білімдер:

- Сызбалы геометрияның негіздері және проекциялық сызу;

- конструкторлық құжатнамалардың бірлік жүйесі;

- сызулар мен сызбалар салудың негізгі ережелері;



Іскерліктер:

- сызудың және техникалық суреттің көмегімен ойды дұрыс жеткізу;

- орташа күрделі эскиздер, бұйымдар жасау;


КҚ 2.1.2

КҚ 2.2.2


КҚ 2.3.2

КҚ 2.4.2


КҚ 2.5.2

КҚ 2.6.2


КҚ 2.7.2

КҚ 2.8.2


КҚ 2.9.2

КҚ 2.10.2

БК 3

БК 4


БК 5

ЖКП 02

Өнердің әлемдік тарихы және Қазақстанның көркем мәдениеті

Әлем өнер танудың және өзгертудің көркем-бейнелі арнайы формасы ретінде. Өнер дамуының жалпы заңдылықтары және даму логикасы, оның қоғаммен қарым-қатынасы. Өнердегі мазмұн мен форманың өзара байланысы. Өнердегі прогрестің ерекшелігі. Ежелгі дүние өнері. Антикалық өнер. Византия және Ежелгі Русь өнері. Ортағасырлық батыс-европалық өнері. Қайта өркендеу дәуіріндегі өнер. 17-20 ғғ. Батыс европалық өнері. 17-басы 20 ғғ. орыс өнері. Орта ғасырдағы Шығыс өнері. Қазақстанның көркем өнері. Қазақстанның қолданбалы қол өнері. Халықтық декорациялық-қолданбалы өнер: оның өзгешелігі және көркемдік құндылығы. Халықтық көркем кәсіптердің тарихы. Халықтың көркем кәсіптерінің қазіргі жағдайы және даму болашағы. Өнімдер; олардың формаларының, өрнектерінің, түстерінің және композицияларының өзгешеліктері. Ағашты көркем өңдеу. Миниатюрлі лакты суреттер (живопись); металдағы көркем әшекей өрнектер. Металды көркем өңдеу және зергерлік өнер. Гончарлық өнер. Сүйек ою өнері. Таста ою жасау өнері. Көркем кәсіптері; олардың салттары. Тастардың түрлері; өңдеу тәсілдері. Өрнекті тоқыма және қол өнері. Терілер мен аң терілерін (мех) көркем өңдеу өнері. Тері мен мехтың техникасы туралы ұғым. Өнімдердің түрлері; өрнекті және оюларды көркем рәсімдеу ерекшеліктері.



Білімдер:

- әлемдік көркем өнер негіздері;

- Қазақстанның көркем және қолданбалы қол өнері;

- халықтың көркем кәсіптерінің қазіргі кәсіпорындары;

- өндіріс типтері;

- халық кәсіптері өнері дәстірлерінің рөлі;

- өңдеу техникасы туралы ұғым; оюлар техникасы туралы ұғым;

- тастан жасалатын көркем өнімдердің түрлері және ерекшеліктері;

- көркем керамиканың түрлері;

- металдарды көркем өңдеу түрлері;

- металл өнімдер;

- маталарды көркем кестелеу және өрнектеу өнері;

- көркем өнімдер ерекшеліктері.

Іскерліктер:

- көркем өнер туындыларын талдау;

- берілген тақырыптар бойынша жазба өздік жұмыстарды шығармашылық тәсілдермен орындау дағдыларының болуы;

- түсті және қымбат металдардан күрделілігі түрлі дәрежедегі көркем және зергерлік өнімдер дайындау;

- өнімдерді өңдеуде дәстүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану.


КҚ 2.1.4

КҚ 2.2.4


КҚ 2.3.4

КҚ 2.4.4


КҚ 2.5.4

КҚ 2.6.4


КҚ 2.7.4

КҚ 2.8.4


КҚ 2.9.4

КҚ 2.10.4



ЖКП 03

Электротехника

Электрлі және магниттi тізбектерді анықтау. Электр энергиясының қабылдағыштары және көздері (тұтынушылар). Негiзгi электрлік және магниттiк шамалар. Тұрақты тоқтың көпiрi.

Тұрақты токтың сызықсыз тiзбектерi туралы ұғым.

Магниттi тізбек классификациясы. Магниттi тізбектің элементтерi. Магниттi тізбек элементтінің сиптатамасы. Айнымалы тоқтың электр тiзбегiнiң классификациясы.

Электрлік машинаның құрылғысы және әрекет ету принциптері.


Білімдер:

- электротехника негіздерін;

- электрлі тізбектің жұмыс тәртібін;

- электр тоғының сипаттамаларын өлшеуге арналған аспаптарды;

- ауыспалы процестердің туындау себептерін;

Іскерліктер:

- электр тізбектерін есептей алуды;

- электрлік желілермен жарықтандырылған құрылғыларды пайдалану және өшіре алу, қоса білуді;

- электр қауіпсіздігін сақтауды;



КҚ 2.1.7

КҚ 2.2.7


КҚ 2.3.7

КҚ 2.4.7


КҚ 2.5.7

КҚ 2.6.7


КҚ 2.7.7

КҚ 2.8.7


КҚ 2.9.7

КҚ 2.10.7



ЖКП 04

Нарықтық экономика негіздері

Нарықтық экономикаға кіріспе; нарықтық экономиканың негізгі ұстанымдары, маниторингі,

сұранысы және ұсынысы; нарықтық жүйе, монополия және бәсекелестік; кәсіпкерліктің дамуы және нарықтық қатынастың субъектісі; кәсіпорын қызметінің нәтижелері және экономикалық шығындар; маркетинг және жарнама, құны және өзіндік құны; шаруашылық қызметінің өндірістік тиімділігі; салықтар және салық салу. Зергерлік өндіріс кәсіпорындары; республикадағы халықтық көркемдік кәсібі.


Білімдер:

- экономикалық теорияның жалпы ережелерін;

- макро және микроэкономиканың, салық, ақшалай-несие, әлеуметтiк және инвестициялық саясат негiздерiн;

- нарықтың әсер етуі, шығындар бойынша негізгі түсінігі;

- маркетингті анықтау және маңызын, қызметін;

- жарнамалар, жарнама түрлерін;

- салық түрлерін;

Іскерліктер:

- тауардың өзіндік құнының бағасын, өндіріс бағасын, көтерме бағасын, бөлшекті бағасын анықтау (мысал әдісімен);

- бизнес-жоспар құруды;


КҚ 2.1.6

КҚ 2.2.6


КҚ 2.3.6

КҚ 2.4.6


КҚ 2.5.6

КҚ 2.6.6


КҚ 2.7.6

КҚ 2.8.6


КҚ 2.9.6

КҚ 2.10.6



ЖКП 05

Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері

Стандарттау негіздері; стандарттаудың пайда болуы және дамуы; бұйымдарды сынақтау және тексеру; сертификаттау негіздері; терминдер және анықтауыштар; "Сертификаттау туралы" Қ.Р. Заңы; сәйкестiк жөніндегі өнiм сапасы және декларациясы; сапа менеджментiнiң жүйесiн енгiзу және құрастыру; метрология; метрология негіздері; мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау.



Білімдер:

- метрология, стандартизация және сертификация негiздерiн;

- негiзгi ұғымдар және анықтауыштарды;

- өнiмнiң сапаны бақылауды;

- электронды бағдарлаушы жүйенiң тұжырымдамасын;

- өлшеу әдiстері мен құралдарын;



Іскерліктер:

- техникалық өлшемдер жүргізуді;

- мемлекеттік стандартпен бұйым сәйкестігін анықтай алуды;




ЖКП 06

Информатика негiздерi және өндiрiстi автомат-тандыру

Техника қауiпсiздiгi. Ақпараттар. Ақпараттарды кодтау. Санау жүйесi. Бiр жүйеден екiншiсiне ауысу. Екiлiктi арифметика логика – пән ретiнде. Үлгiлiк; математикалық логика. Моделдеу. Модель туралы түсiнiк. Модель түрлерi. OC WINDOWS түрлерi. WOR мәтiндiк процессоры. EXCEL электронды кестелерi. CORL DRAW векторлық редакторы. Вирустардан қорғану. WinZip архивтары. Norton Commander бұлт – бағдарламасы. Ойындар. Алгоритм түсiнiгi. Көрiнiс тәсiлдерi мен қасиеттерi. Алгоритм түрлерi. Есеп шығару кезеңдерi. Бағдарлама тiлi. Бағдарлама және оның құрылымы. Командалар мен операторлар. Шартты операторлар. Цикл операторлары. Берiлген шарт түрлерi. Сызықты бағдарламаны жобалау. Тармақты бағдарламаны жобалау. Циклдiк бағдарламаны жобалау. Массивтер. Графиктiк бағдарламалар. Шығармашылық жобаларды жобалау. Автоматтық реттеу туралы түсiнiк, анықтама, реттемелi параметр, нысаны /объектiсi/, олардың қасиеттерi мен схемалары. Автоматты ретеуiштердiң атқаратын қызметi, тiктелуi, құрылысы, жұмыс iстеу приципi, функциональдық және құрылымдық схемалары, реттеу мүшелерi. Автоматтық басқару жүйесiнiң қосалқы құралдары; панельдер, станциялар, басқару блоктары, жағдайларды көрсеткiштер мен сезгiштер, бағдарламалық құрылғылар. Процестердi автоматтық басқару жүйесiнен қолмен басқаруға ауыстыру және керiсiнше.



Білімдер:

- ақпаратты кодпен хабарлау ережелерiн;

- есептеу жүйелерiн;

- екiлiк арифметиканы;

- логиканы пән ретінде қарастыруын;

- формалды, математикалық логикаларды;

- WINDOWS ОЖ, WinZip архиваторын, DOS ОЖ-нің түрлерін;

- программалар - қабығын;

- алгоритмдер түсiнiгiн;

- көрiнiс тәсiлдерi мен қасиеттерiн;

- алгоритм түрлерiн;

- бағдарлама тiлiн;

- сызықты бағдарламаны жобалаудың тәсілдерін;

- тармақты бағдарламаны жобалауды;

- графиктiк бағдарламаларды;

- автоматтық басқару жүйесiнен процестердi қолмен және керiсiнше ауыстыру ретін;



Іскерліктер:

- бiр жүйеден басқасына ауыстыруды;

- WORD-тың мәтiндiк процессорымен, EXCEL-дің электронды кестесiмен, Corel DRAW-тың векторлық редакторымен жұмыс iстеуді;

- вирустардан қорғауды құруын;

- творчестволық жобаларды әзірлеуін;

- автоматты реттеуді қолдануын;

- автоматты жүйемен басқарудың қосалқы құралдарын пайдалануды;

- техника қауiпсiздiгiн сақтауды;



КҚ 2.1.3

КҚ 2.2.3


КҚ 2.3.3

КҚ 2.4.3


КҚ 2.5.3

КҚ 2.6.3


КҚ 2.7.3

КҚ 2.8.3


КҚ 2.9.3

КҚ 2.10.3



ЖКП 07

Психология және кәсіптік қызмет этикасы

Қарым-қатынас психологиясы. Психологиялық процестер, қасиеттері. Адамның психологиялық күйі. Тұлға психологиясы. Психологиялық жағдай. Этикалық мәдениет. Этика. Мораль. Құлықтылық (өнегелік). Кәсіптік этика. Сөйлеу мәнері; сөз этикеті. Сөйлеу техникасы. Қатынас түрлері. Даулар. Телефонмен сөйлесу мәнері. Эстетикалық мәдениет. Эстетика. Эстетикалық мәдениет аясы. Эстетикалық сезімдер. Эстетикалық қабілеттік. Эстетикалық қажеттілік. Адамның сыртқы бейнесіне қатысты эстетикалық талаптар. Адамның жалпы мәдениетін қалыптастыру- дағы мәдениеттің рөлі. Ұйымдастырушылық мәдениеті.



Білімдер:

- қарым-қатынас психологиясының негіздері;

- кәсіптік қарым-қатынас этикасы;

- мінез-құлық нормалары және ередежері;

- эстетикалық мәдениет;

Іскерліктер:

- кәсіптік этикетті сақтау;

- мінез-құлық нормаларын және ередежерін сақтау.


БҚ 5

ЖКП 08

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Іс қағаздарын жүргізу түсінігі, жүйесі және ұйымдастыру. Ұйымдастырушылық-басқарушылық, нормативті-құқықтық, анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарының құжаттары. Мұрағатқа істерді рәсімдеу, сақтау және тапсыру. Қызмет этикасы.



Білімдер:

- Мемлекеттік тілді;

- Іскер мемлекеттік тілдің негізін;

- нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың тілі және стилін;



Іскерліктер:

- іскерлік қағаздарды және мемлекеттік тілде кәсіптік жұмысты құру.



АП 00

Арнайы пәндер: 041501 2 – Зергерлік және көркемдік бұйымдарға өндірмені бедерлеуші, 041502 2 – Зергер-шынжыршы, 041503 2 – Зергер-нақыштаушы, 041504 2 – Зергер-орнықтырушы, 041505 2 – Зергер-бұрамашы, 041506 2 – Алмастарды гауһарларға сұрыптаушы, 041507 2 – Алмасты әшекейлеуші, 041508 2 – Алмасты кесуші, 041509 2 – Сағатшы, 041510 2 – Зергер-білезікші.



АП 01

Бейнелеу өнерінің негіздері

Сурет. Сурет салу материалдары және жабдықтары. Сурет композициясы. Көрініс: оның заңдылықтары. Форманы көлеңкелі жарықтар құралдарымен модельдеу. Өрнекті-жазықтықтық, кеңістіктік сурет. Қолданбалы сипаттағы суреттер: өрнектер, композициялар, декоративті қолданбалы өнер элементтері. Графика. Графика бейнелеу өнерінің түрі ретінде. Көркем графика түрлері. Графиканың қолданылуы. Орындалу техникасына байланысты графикалық суреттерді салу. Түсті графика. Графика құралдары. Зергерлік және көркем өнім графикасы: өнімнің графикалық шешімдері, эскиз, таза графикалық композиция. Зергерлік және көркем өнімдер сурет сызбалары және салынған суреттері. Натюрморт бейнелеу өнерінің жанры ретінде. Кескіндеме. Кескіндемедегі композиция. Кескіндемедегі түс, түстер арақатынасының заңдылықтары. Техникалық тәсілдер. Мүсін өнері. Аспаптар, жабдықтар, жапсыру жұмыстары материалы. Мүсін өнерінде денелердің нақтылы көлемін беру құралдары. Бедер туралы ұғым. Зергерлік және көркем өнімдерді дайындалған эскиздер бойынша жапсыру.



Білімдер:

- суреттің көркем құралдары және техникалық тәсілдерін;

- кескіндеме жанрының түрлері;

- кескіндеме үшін материалдар және жабдықтарын;

- кескіндеменің негізгі көркем-мәнерлі құралдары;

- скульптура формасы бойынша түсінік;

- жапсырмалы өрнекті композициялар;

- пластикалық анатомия бойынша мәліметтер;

- малдың, құстың, адамның анатомиялық құрылысындағы және ырғақты қозғалыстарындағы ерекшеліктерін;

Іскерліктер:

- берілген форматқа кескіндерді дұрыс тұтастырып орналастыруды;

- эскиздер, шығармашылық түрлендіруді атқару;

- технологиялық процесті ескере отырып, өнімдерді жапсыру тәсілдерін қолдану.



КҚ 2.1.3

КҚ 2.1.5


КҚ 2.2.3

КҚ 2.2.5


КҚ 2.3.3

КҚ 2.3.5


КҚ 2.4.3

КҚ 2.4.5


КҚ 2.5.3

КҚ 2.5.5


КҚ 2.6.3

КҚ 2.6.5


КҚ 2.7.3

КҚ 2.7.5


КҚ 2.8.3

КҚ 2.8.5


КҚ 2.9.3

КҚ 2.9.5


КҚ 2.10.3

КҚ 2.10.5



АП 02

Зергерлік және көркем бұйымдарын жобалау негіздері

Композиция. Өрнек. Өрнектің классификациясы, оның түрлері және формалары. Өрнек немесе өнімдердің дәстүрлі сюжеті құраушыларының жеке элементтерін салу ережелері. Өнімдерді жобалау; түрлі түрдегі және формадағы зергерлік және көркем өнімдердің композициялық дайындамалары. Әзірлеудің әр түрлі технологияларын ескеріп, зергерлік өнімнің формасын материалда жасау.



Білімдер:

- композицияның негізгі заңдары мен ережелері;

композициялық классикалық құрал; статика, динамика, ырғақ, симметрия, асимметрия;сюжетті-композициялық орталық, рең, түс, үйлесімділік, ереже және композициялық тәсіл;

Іскерліктер:

- күрделілігі әр түрлі дәстүрлі техника мен өрнек-сюжетті стильді композициялар салу.



КҚ 2.1.4

КҚ 2.2.4


КҚ 2.3.4

КҚ 2.4.4


КҚ 2.5.4

КҚ 2.6.4


КҚ 2.7.4

КҚ 2.8.4


КҚ 2.9.4

КҚ 2.10.4



АП 03

Материалтану

Материалтанудан негізгі мәліметтер. Металдар туралы ұғым. Қорытпалар туралы ұғымдар. Металдардың негізгі қасиеттері. Қара металдар туралы түсінік. Темір металы; оның қолданылуы және қасиеттері. Темір қорытпалары, олардың классификациясы, құрамы, қасиеттері қолданылуы. Түсті металдар; олардың группалары, қасиеттері қолданылуы. Түсті металдар қорытпалары: құрамы, қасиеттері қолданылуы. Сапаларына қойылатын талаптар. Қымбат (асыл) металдар; олардың қасиеттері және қолданылуы. Кенорындары, металдарды шығарып алу тәсілдерді, металдарды тазалау әдістері. Қымбат (асыл) металдардың қорытпалары: құрамы, қасиеттері, классификациясы, қолданылуы және таңбалануы. Зергерлік тастар: классификациясы, қасиеттері, қолданылуы. Сапаларына қойылатын талаптар. Қосымша материалдар: түрлері, құрамы, қасиеттері, классификациясы, қолданылуы.



Білімдер:

- мамандыққа байланысты қолданылатын материалдардың негізгі көркемдік және технологиялық қасиеттері;

- зергерлік өндірістегі негізгі және қосымша материалдар;

- тастарды қырнаудың түрлері, формалары және типтері;

Іскерліктер:

- қымбат (асыл) металдардың қасиеттерін, олардың қолданылуын сипаттау;

- зергерлік тастарды олардың қасиеттеріне ұқсатып алу, қолдану.


КҚ 2.1.1

КҚ 2.2.1


КҚ 2.3.1

КҚ 2.4.1


КҚ 2.5.1

КҚ 2.6.1


КҚ 2.7.1

КҚ 2.8.1


КҚ 2.9.1

КҚ 2.10.1



АП 04


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет