Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Пәндер циклы мен кәсіби практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (



бет52/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   141

      Пәндер циклы мен кәсіби практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (жоғарғы деңгей)

Цикл индексі

(пәндер)

Пәндердің, практикалардың атаулары мен негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, қабілет және дағды

Қалыптасатын құзыреттер коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер



ЖГП 00

Жалпы гумантиарлық пәндер



ЖГП 01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

Қазақ тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша тіл дамыту. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізе білу. Қазақстан Республикасының іс қағаздарының нормативтік құжаттарын білуі. Аудару техникасы (сөздікпен), кәсіби қарым-қатынас. Орыс тілі синтаксисі. Кәсіби лексика. Орыс тіліндегі техникалық кітаппен жұмыс. Мамандыққа қатысты сөздікпен жұмыс. Тілді дамыту және кәсіби қарым-қатынас.



Білімдер:

- кәсіби терминологиялар;

- қазақ (орыс) тілінің жүйесі мен қарым-қатынас жасауда тілдік құралдарға сүйену ережелері;

Іскерліктер:

- аудару техникасын меңгеру;

- бағдарламалық тілдік материалдар шегінде ауызша және жазбаша сөздіксіз аудару.


БҚ 1

БҚ 4


БҚ6

КҚ 2.4.4


ЖГП 02

Кәсіби ағылшын тілі

Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері, кәсіби лексика, фразеологиялық сөздер мен терминдер. Кәсіби мәтіндерді аудару техникасы. Кәсіби қарым-қатынас. Сөйлеудің міндетті деңгейі, оңаша сөйлесу, оқу және хат, ауызша және жазбаша аудару, есту бойынша сөзді түсіну.



Білімдер:

- кәсіби терминологиялар;

-шет тілдер жүйесі мен қарым-қатынас жасауда тілдік құралдарға сүйену ережелері;

Іскерліктер:

- аудару техникасын меңгеру;

- бағдарламалық тілдік материалдар шегінде ауызша және жазбаша сөздіксіз аудару.;


БҚ 1

БҚ 6


ЖГП 03

Дене тәрбиесі

Маман даярлауда,оның салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі. Дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиолгиялық негіздері. Физикалық спорттық өзін- өзі жетілдіру:ой өрісін тұрақтандыратын және физикалық еңбекке қабілеттілікті қалыптастыратын дене шынықтырудың құралы.



Білімдер:

салауатты өмір негіздері: ұйқы режимі және физикалық ауыртпалықтардың, шынығудың, тамақтанудың; 



Іскерліктер:

-дене шынықтыру-спорттық істі денсаулығын нығайту, өмірде және кәсіби мақсаттарда жетістіктерге жету үшін және де кәсіби мақсаттарға, өзін-өзі физикалық жетілдіруде пайдалану



БҚ 4

ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер



ЖКП 01

Сызу

Сызбаларды дұрыс рәсімдеу. Сызбалардағы геометриялық кұрылымдар. Геометриялық денелердің жазбалары; технологиялық сызба негіздері; қималар мен тіліктер; бұйымдар сызбалары детальдарының қажетті және жеткілікті түрлерін қолдану арқылы орындау; құрама сызбалар, детальдың жұмысшы эскизі, детальдың техникалық суреті, құрама сызба бойынша бөлшектеу.



Білімдер:

- сызбаларды дұрыс рәсімдеу;

- қималарды құру;

- жиналмалы сызбаларды құру әдістері;

- кедір-бұдырларды белгілеу;

- өңдеу дәлдігі, өңдеуге жіберу;



Іскерліктер:

- сызбалар мен схемаларды оқу;

- эскиз детальдар дайындау;

- құрама сызба бойынша детальдау.



БҚ 1

ЖКП 02

Электротехника

Электрлік және магниттік тізбектер анықтамасы; электр энергиясы көздері және қабылдағыштары (тұтынушылар);

негізгі электрлік және магниттік шамасы;тұрақты ток көпірі; тұрақты токтың сызықтық емес тізбегі туралы ұғым; магнитті тізбек классификациясы; магнитті тізбек элементтері; магнитті тізбек элементтерінің сипаттамасы; ауыспалы токтың электрлі тізбегінің классификациялануы; электрлі машиналардың құрылысы мен жұмыс жасау принциптері.


Білімдер:

- электротехника негіздері;

- электрлі машиналар құрылысы мен жұмыс істеу принципі;

- электрлі құрылғылар жайында негізгі мәліметтер;

-электр қауіпсіздігі туралы негізгі ережелер;

Іскерліктер:

- электрлі желілермен жабдықталған құрылғыларды қосу, ажырату және пайдалану;

- электр қауіпсіздігін сақтау;

- электр тогымен жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсету.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 8

ЖКП 03

Нарықтық экономика негіздері

Нарықтық экономикаға кіріспе; нарықтық экономиканың негізгі принциптері мониторинг, ұсыныс пен сұраныс; нарықтық жүйе, монополия және бәсеке; кәсіКҚерлік пен нарықтық қатынастарды дамыту; кәсіпорындардың жұмыс нәтижесі мен экономикалық шығындар; маркетинг және жарнама; баға және бағаның құрылуы; өндіріс тиімділігі – шаруашылық қызмет; салық және салық салу.



Білімдер:

- экономикалық теорияның негізгі ережелері;

- макро және микроэкономика негіздері, салық, ақша- несие, әлеуметтік және инвестициялық саясат туралы;

- шығындар, нарық субъектілері бойынша негізгі ұғымдар;

-маркетингті анықтамасы мен принциптері, болмысы;

- жарнамалар, жарнама түрлері;



Іскерліктер:

- тауардың өзіндік құнын,өндіріс бағасын, көтерме бағасын, бөлшек сауда бағасын анықтау (мысал келтіру әдісімен);

- бизнес-жоспар құру;


БҚ1

БҚ 5


БҚ 7

ЖКП 04

Информатика негіздері және өндірісті автоматтандыру

Қауіпсіздік техникасы; ақпарат; ақпаратты кодтау; есептеу жүйесі; бір жүйеден екіншісіне аудару; қос таңбалы арифметика; логика – пән ретінде; формальды, математикалық логика; моделдеу; модель ұғымдары; моделдер типтері; ОС WINDOWS түрлері; WORD мәтіндік процессор; EXCEL электронды кестелер; Corel DRAW векторлық редактор; вирустардан қорғану; WinZip архиваторы; ОС DOS; бағдарлама-қабықша Norton Commander; ойындар; алгоритм ұғымы; көрсету әдістері, қасиеті; алгоритм типтері;бағдарламалау тілі; бағдарлама, оның құрылымы; командалар мен операторлар; шартты операторлар; цикл операторлары; мәлімет түрлері; сызықтық бағдарламаны жоспарлау; тармақталған бағдарламалар құру; циклдық бағдарламаны жоспарлау; графикалық бағдарламалар; шығармашылық жобалар жасау; автоматты түрде реттеу; ұғым анықтама, реттелетін параметр, реттелу объектісі, оның қасиеті, кестелер; автоматты реттегіштер: классификация, міндеті, құрылғы, жұмыс істеу принципі, атқарымдық және құрылымдық кестелер, күйге келтіру органдары; автоматты басқару жүйесінің қосалқы құралдары: панельдер, станциялары мен басқару блоктары, жағдай көрсеткіштері, бағдарламалық құрылғылар; автоматты басқару үрдісін қолмен басқаруға және керісінше ауыстыру.



Білімдер:

- ақпаратты кодтау тәртібін;

- есептеу жүйесі;

- қос таңбалы арифметиканы;

- логиканы – пән ретінде;

- формальды, математикалық логиканы;

- ОС WINDOWS түрлері. Архиватор WinZip, ОС DOS;

- бағдарлама-қабықша;

- алгоритм ұғымы;

- қасиеттер, көрсету әдістері;

- алгоритмдер типтері;

- бағдарламалау тілдері;

- сызықты бағдарламаларды құру тәсілдері;

- тармақталған бағдарламалар құру;

- графикалық бағдарламалар;

- автоматты басқару үрдісін қолмен басқаруға және керісінше ауыстыру реті;



Іскерліктер:

- бір жүйеден екіншісіне ауыстыру;

- WORD мәтіндік процессорымен, EXCEL электрондық кестесімен, Corel DRAW векторлық редактормен жұмыс;

- вирустардан қорғаныс қою;

- шығармашылық жобалар жасау;

- автоматты реттегіштерді қолдану;

- автоматты басқару жүйелерінің қосалқы құралдарын: панельдерді, басқару станциялары мен блогтарды, бағдарламалық құрылғыларды қолдануды;

- қауіпсіздік техникасын сақтауды.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 6

ЖКП 05

Стандарттау, сертификациялау және метрология негіздері

Стандарттау негіздері; стандарттаудың туындауы мен дамуы; өнімдерді сынақтан өткізу және бақылау; сертификациялау негіздері; терминдер мен анықтамалар; "Сертификациялау туралы" ҚР заңы; өнім сапасы және сәйкес келу туралы декларация; сапа менеджменті жүйесін құру және енгізу; машина жасаудағы дәлдік; метрология; метрология негіздері; мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау.



Білімдер:

- метрология, стандарттау және сертификациялау негіздері;

- негізгі ұғымдар мен анықтамалар;

-өнім сапасын бақылау;

- электронды басқару жүйесінің концепциясы;

- өлшемдердегі қателіктер мен әдістер;



Іскерліктер:

- техникалық өлшемдер жүргізу;

- бұйымның Мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтау.


БҚ 6

БҚ 7


ЖКП 06

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Пәннің мазмұны, оның міндеттері. Іс қағаздарын жүргізуде лингвистикалық сөздіктердің әр түрін қолдану. Ұйымдарда, кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізу ұғымы, жүйесі мен ұйымдастыру. Техникалық сөздіктердің ерекшеліктері. Офистік және құжаттық жұмыс негіздері. Ұйымдастыра басқару, нормативті-құқықтық, ақша-қаржы-есептік және анықтамалық құжаттар. Қызметтік хаттың негізгі әдістемесі. АБЖ-н іс қағаздар жүргізуде қолдану. Құжаттар жинағы туралы анықтама. Мәтіндік құжаттардың бастапқы жинақтары.күрделі мәтіндік жинақтар.құжаттар қоры туралы ұғым. Мұрағат. Ведомстволық мұрағаттар, мемлекеттік мұрағаттар ұлттық мұрағат қоры.



Білімдер:

- оқытылатын пәннің мазмұны, оның міндеттері;

- лингвистикалық және техникалық сөздік түрлері;

- іскерлік және ақпараттық құжаттар классификациясы;

-іс қағаздарын жүргізудің заманауи стандарттарына қойылатын талаптар;

- құжаттар формулярлары және оның құрамдас бөліктері;



Іскерліктер:

-іскерлік және ақпараттық сипаттағы әр түрлі құжаттарды классификациялау;

-құжаттардың формулярларын жасау;

-ұйымдық-әкімшілік құжаттармен жұмыс істеу;

- мұрағаттық құжаттар мәтіндерінің үлгілерін талдау;

- жұмыстарды рәсімдеу, сақтау және мұрағатқа өткізу;



БҚ 1

БҚ 3


ЖКП 07

Кәсіби этика және этикет

Этика ұғымы рухани мәдениет пен ғылым құбылысы ретінде; қызмет көрсету саласындағы кәсіби этика және оның құрамдас бөліктері; қызмет көрсету саласындағы психологиялық мәдениет пен психологиялық ерекшеліктер; этикалық мәдениет, кәсіби мінез-құлық, еңбек ұжымындағы, тұтынушылармен қарым-қатынастағы (тапсырыс берушілермен) жұмысшының сыртқы эстетикасы (имидж және стиль), заманауи этикеттің нормалары мен ережелері; қызмет көрсету саласындағы іскерлік қарым-қатынастардың психологиялық ерекшеліктері; топтағы өзара әрекеттесу (тұтынушылармен жұмыс жасауда жіне де еңбек ұжымында); кәсіби қызмет саласында туындайтын дау-жанжалды жағдайлардың шығу себептері мен оларды реттеу.



Білімдер:

- кәсіби мінез-құлық пен іскерлік этикеттің нормалары мен ережелері;

-қызмет көрсету саласында іскерлік қарым-қатынастағы психологиялық ерекшеліктерді және оның қыр-сырын;

-қызмет көрсету саласындағы коммуникацияны ұйымдастыру тәсілдер;

- серіктестік сұхбаттар жүргізу принциптері;

Іскерліктер:

-іскерлік қарым-қатынастың әр түрлі тәсілдерін қолдануды;

- кәсіби этика негіздері мен іскерлік өарым-қатынас психологиясын сақтауды;


БҚ 1

БҚ 3


БҚ 4

ЖКП 08

Еңбекті қорғау

Адамға жағымсыз факторлардың әсері; зақым келтіруші және зиянды факторлардың ұқсастығы; техникалық жүйе мен технологиялық үрдістердің қауіптерден сақтану құралдары мен әдістері; экобиотехқорғаушы және өрт сөндіру техникасы; кәсіпорындағы еңбекті қорғаудың құқықтық, нормативті ұйымдастыру негіздері; еңбекті қорғауға кететін материалдық шығындар; кәсіби қызмет ету саласындағы еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктері;



Білімдер:

- еңбекті қорғаудың жалпы нормалары;

- технологиялық үрдістердің қауіпсіздігі;

- кәсіпорындағы жарақаттану себептері;

- өрт қауіпсіздігі жайындағы жалпы мағлұматтар;

Іскерліктер:

- еңбекті қорғау және қоршаған орта жайындағы білімдерін тәжірибе кезінде қолдану;

- қорғанудың жеке дара құралдарын қолдануды;

- өндірістік жарақат алған кезде көмек көрсетуді;



БҚ 8

АП 00

Арнайы пәндер



АП 04

Органикалық химия негіздері

Органикалық қосылыстар және олардың классификациясының химиялық құрылымы теориясы негіздері;

Органикалық қосылыстардың маңызды класстарының химиялық және физикалық сипатты қасиеттері;

Химиялық тазалауда органикалық қосылыстардың негізгі класстарының жеке өкілдерін тәжірибеде пайдалану.



Білімдер:

- органикалық заттардың химиялық құрылымы теориясын;

-көмірсулар, липидтер, ақуыздар құрамын, құрылысын, классификациясын;

Іскерліктер:

- бұйымдарды химиялық тазалауда органикалық заттарды пайдалануды.



БҚ 8

КҚ 2.4.1


КҚ 2.4.2

АП 05

Материалтану негіздері

Ассортимент пен бұйымдарды таңбалау; фурнитура және әрлеу материалдары; материалдың талшықты құрамы мен құрылымы, құрамы, қасиеті;

Бұйымдардың талшықты құрамын танып білу әдістері; бұйымдардың, маталардың талшықтанының ластану үрдісін.

Жұмысшы ерітінділермен және де химиялық материалдармен жұмыс жасауда қауіпсіздік шараларын сақтау.



Білімдер:

- ассортимент және бұйымдарды таңбалау;

- маталардың құрылысы мен қасиеттері;

Іскерліктер:

- бұйымдардың талшықты құрамын танып білу;

- мата сапасына, кенеКҚе қойылатын талаптарды сақтау.


БҚ1

БҚ 8


КҚ 2.4.3

КҚ 2.4.5




Біліктілігі:

050404 2 – Химиялық тазалаудың аппаратшысы



АП 01

Химиялық тазалаудың технологиялық жабдықтары

Техникалық механикадан негізгі мағлұматтар. Механизм және машина, механикалық берілістер, бөлшектер мен жиналмалы бірліктер. Аппретеуге арналған жабдықтар. Әртүрлі типтегі маталарды аппреттеуге (желілер) арналған аппараттар және тұрақтандыру. Желілерге кіретін негізгі технологиялық жабдық: бағытталуы, құрылымы, жұмыс істеу принципі және әрекеттестігі, қолданылу ережелері. Технологиялық параметрлерінің ережелері мен реттелу әдістері. Еңбек қауіпсіздігі. Өндірістің автоматтандырылуы және механикаландырылуы. Өнірістегі еңбекті көп қажет ететін жұмыстардың маханикаландырылуы. Технологиялық үрдістерді реттелуінің және автоматты бақылауының тәсілдері мен құралдары технологиялых үрдістердің автоматтандырылуының негізгі бағыттары.



Химиялық тазалаудың технологиясы

Тоқыма бұйымдарын аппреттеуде қолданатын әрлеу құралдары мен тоқитын қосымша заттар. Аппреттер: рецептурасы және оны дайындау мен қолданудың технологиялық ерекшеліктері, қолдана білу тәртібі. Аппреттеу үрдісінің міндеті мен тұрақтылығы, теориялық маңызы. Аппретттеу операциялары мен оның негізгі технологиялық үрдістері және әртүрлі жабдықтардағы тұрақтылығы. Аппреттерді матаға қондыру әдістері.

Аппреттеу технологиялық үрдістері, тұрақтылығы, лактеспен өңделуі, маталардың, кілемдердің, жаймалардың, полипропиленді пленкалы маталардың, жасанды үлбір түктерінің, тоқыма- галантериялық бұйымдардың, қыртыстанбайтын, су жұқтырмайтын, отқа төзімді, аз отыратын матаға жатпайтын жаймалардың және әрлеуге аналған заттардың басқа да түрлерінің термоөңделуі, сіңуі, жуылуы, кеңейтіліуі, кептірілуі. Өңделетін материалдардың түрлері, олардың өңделуінің технологиялық ерекшеліктері.

Аппреттеу және тұрақтандыру кезінде пайда болатын кемшіліктер; олардың себептері мен ескерту тәсілдері. Еңбек қауіпсіздігі.



Химиялық тазалауға арналған химиялық құралдар

Қолданылатын ерітінділер, олардың физико-химиялық қасиеттері, олармен жұмыс істеу тәртібі мен ережелері. Бұйымдарды аппреттеу мен тұрақтылықтың технологиялық үрдістері параметрлері. Тәртіп және оларды реттеу ережелері. Аппреттеу сапасына ұсынылатын талаптар. Дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар. Өнімдердегі ақау түрлері. Дайын бұйымның ақауларының алдын алу жұмыстарының мазмұны.



Білімдер:

- жұмыс жабдығын қолдану ережелері мен оларды күтіп ұстау;

- аппретеудің технологиялық үрдісі;

- дайындалып жатқан өнімді өңдеу кезіндегі будың шекті қысымы, ылғалдылық нормалары;

- маталарды, жаймаларды және т.б. машиналарға, агрегаттарға, желілер бойынша салу ережелері;

- дайындалатын өнім ассортименті мен оның сапасына қойылатын талаптар;

- қолданылатын жұмысшы ерітінді рецептурасын.

Іскерліктер:

- аппреттеуді орындау, тұрақтылығын, грунтты латекспен өңдеу, кептіру, маталарды кеңейту, кілемдерді, жаймаларды, жасанды үлбір түгін, бас киімдердің, тоқыма-галантереялық бұйымдар және мата емес жаймаларды қыртысталмайтын, су сіңірмейтін қалыпқа, отқа төзімділікке және өңдеудің басқа түрлерін аппретті-кептіргіш барабанда, фильцкаландермен, кептіру-тұрақтандыру агрегатында, аппретті-кептіру-кеңейту агрегатында, аппреттеу бөлімінде, кептіру-кеңейту машиналарында,шлихтаушы-барабанды машиналарда,плюсовкаларда, кептіргіш-кеңейткіш машиналарды агреатталған және агрегатталмаған жоғары білікті аппретеу аппаратшысының басқаруы арқылы орындауы;

- матаны, жаймаларды, жасанды үлбірді, кілемдерді, тоқыма-галантериялық бұйымдарды, бас киімдерді жұмыс машиналарына, агрегаттарға, желілерге салу;

- жұмысшы ерітіндіні дайындау;

- крахмалды аппреттермен плюсовкаларды толтыру;

- бас киімдердің сыртын ацетонмен немесе спиртпен өңдеу және оларды кептіру;

- жұмысшы ерітіндісін беруді, бу қысымын, матаның, жайманың, кілемдердің және басқа бұйымдардың қозғалыс жылдамдығы мен олардың созылуларын реттеу;

- матаның үзіліп қалуын болдырмау.

- маталардың, жаймалар мен бұйымдардың шеттерін таңбалау;

- дайындалатын өнімнің төлқұжатын толтыру;

- өңдеумен әрлеуге түсетін бұйымның мемлекеттік стандартқа сай сапасын бақылау;

-өңделген өнімді тасымалдау;

- жаймаларды және бұйымдарды тігу, тігістерін сөгу;

- жұмыс машиналарын тазалау және қажалатын бетерін майлау.



БҚ 4

БҚ 6


БҚ 8

КҚ 2.4.1


КҚ 2.4.2

КҚ 2.4.3


КҚ 2.4.4

КҚ 2.4.5




Біліктілігі:

050406 2 – Бұйымдарды өңдеу сапасын бақылаушы



АП 01

Дайындалатын өнім сапасын бақылау

Химиялық тазалау кезінде қолданылатын химиялық материалдардың бұйымға әсері; өндірілетін өнімнің партияларының топтастырылу ережелері; қолданыстағы технологиялық нұсқаулар, стандарттар, техникалық жағдайлар және т.б. нормативті құжаттар;

Технологиялық үрдістің барлық кезеңдерінде өңдеу сапасына ұсынылатын техникалық талаптар; бұйымдарды өңдеу сапасын бақылау әдістері; өндірістік ақау түрлері; ақаудың алдын алу және жою әдістері;

Көрсетілетін қызмет сапасы мен жөнделмейтін ақау жайында толтырылатын құжаттар реті.



Білімдер:

- бұйымдарды өңдеу сапасын бақылау әдістері;

- өндірістік ақаулар түрлері;

- ақаулардың алдын алу және жою әдістері;

- көрсетілетін қызмет сапасы мен жөнделмейтін ақау жайында толтырылатын құжаттар реті.



Іскерліктер:

- бұйымдарды тексеру және технологиялық өңдеу түрлерін анықтау және де әр бұйымға дайындық операцияларды жүргізу;

- бұйымдарды тексеру және ережелерге сәйкес топтастыру;

- белгіленген технологиядан болғаны анықталған өңдеу ауытқуларын жою шараларын қабылдау;

- технологиялық өңдеудің кезекті кезеңінен кейін бұйымды тексеру және өңделу сапасын анықтау;

- технологиялық үрдістің әр кезеңінде өңдеу кемшілігі бар бұйымдарды іріктеу;

- ақау себебін анықтау;

- ақау себептерін болдырмау шараларын қолдану;

- көрсетілетін қызмет сапасы және жөнделмейтін ақау бойынша құжаттарды рәсімдеу.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ 8


КҚ 2.6.1

КҚ 2.6.2


КҚ 2.6.3

КҚ 2.6.4


КҚ 2.6.5

КҚ 2.6.6


ӨП және ӨП 00

Өндірістік оқыту және кәсіби практика





Өндірістік оқыту

Оқу шеберханасында оқыту. Біліктілік бойынша жұмыстар. Еңбек қауіпсіздігі. Химиялық тазалау кезінде қолданылатын жабдықтар, құралдар мен бақылаушы-өлшеуіш құралдар. Әртүрлі операцияларды орындау. Біліктілік бойынша бұйымдарды өңдеу.оқу процессінде алған білімдерін бекіту және тереңдету,кәсіби қызметтің барлық түрлері бойынша дағды қалыптастыру. Тапсырыс берушілермен жұмыс жасауда дағды қалыптастыру, халыққа қызмет көрсетуде қабылдау тәсілдерін игеру.



Іскерліктер:

-химиялық операцияларды дайындау технологиясын біліктілік бойынша орындау;

- жұмыс орны мен жабдықтарды дайындау;

-жабдықтарды, құралдарды біліктілік бойынша қолдану.



Дағдылар:

-қызмет көрсету бойынша кәсіби дағдыларды қолдану;

-технологиялық үрдісті жүргізу жұмыстарын белгіленген регламентке сәйкес орындау;

-әртүрлі операциялар орындау



КҚ 2.4.1

КҚ 2.4.2


КҚ 2.4.3

КҚ 2.4.4


КҚ 2.4.5

КҚ 2.4.6


КҚ 2.4.7

КҚ 2.6.1


КҚ 2.6.2

КҚ 2.6.3


КҚ 2.6.4

КҚ 2.6.5


КҚ 2.6.6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет