Техникасы мен технологиясы


Дəріс  тақырыбы 2. Су  пайдалану  жəне  су  тұтыну. Сумен  жабдықтау



Pdf көрінісі
бет10/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери
окончательный диплом, билеты экология, 116010
Дəріс  тақырыбы 2. Су  пайдалану  жəне  су  тұтыну. Сумен  жабдықтау
көздері жəне олардың сипаттамасы.
Қазақстанда  су  шаруашылығы  комплексін  мемлекеттік  басқаруды  Үкімет
жүзеге  асырады. Су  қорларын  пайдалануға  жəне  қорғауға  уəкіл  етілген
мемлекеттік  басқару  органы (РҚ су  ресурстары бойынша  Комитеті  жəне оның
су шаруашылығы басқармары), сондай-ақ жергілікті үкімет (маслихаттар) жəне
атқарушы (акиматтар) органдар жүзеге асырады. Жер асты суларын басқаруды
мемлекеттік  органмен  келісе  отырып, геология  жəне  жер  қойнауын  қорғауға
уəкіл  етілген  органдар  жүзеге  асырады. Қазіргі  кезде  Қазақстан
Республикасында  су  шаруашылығы  комплексін  басқарудың  көп  деңгейлі
жүйесі  қалыптасты. Ол  мынадай  деңгейлерден  тұрады: мемлекет  аралық,
мемлекеттік; бассейндік  жəне  территориялық. Негізгі  технологиялық  звено
ретінде ірі өзендер бассейндерінің су шаруашылығы жүйелері алынады, мұның
базасында  өзендер  бассейндерін  басқарудың  бассейндік  су  шаруашылық
органдары  құрылады. Қазақстан  Республикасында  сегіз  ірі  өзен  бассейндері
бар. Су  ресурстары  бойынша  комитет  экономиканың  барлық  салаларының
мүдделері  үшін, экологиялық  талаптарды  есепке  ала  отырып, су  бассейндері
шегінде су ресурстарын пайдалануды басқарады.
Су  кодексіне  сəйкес, Қазақстан  Республикасындағы  су  ресурстары
мемлекет  меншігі  болып  табылады. Қазақстан  Республикасының  заңды
ұйымдары мен барлық азаматтары ең алдымен ауыз суға жəне шаруашылыққа
қажеттерін  қанағаттандыру  үшін  суды  пайдалануға  құқықты.
Суды  пайдалану
халықтың жəне экономика салаларының қажеттері үшін суды пайдалану.
Су
пайдалану – жалпы  жəне арнайы; жеке  жəне бірлесіп; бастапқы жəне қосалқы
болып жіктеледі.
Жалпы  су  пайдалану  халықтың  ауыз  суға  жəне  басқа  да  қажеттерін  өтеу
үшін, су  ресурстарын  заңды  ұйымдар  мен  жекелеген  азаматтарға  бекітіп
берместен  жəне  судың  жағдайына  əсер  ететін  қондырғылар  мен  техникалық
құрылғыларды  қолданбай  жүргізіледі. Жалпы  су  пайдалануға  арнайы  рұқсат
алудың қажеті жоқ.
Арнайы  су  пайдалануға  халықтың  ауызсуға  жəне  тұрмыстық  мұқтажын,
ауыл шаруашылығының, өнеркəсіптің, энергетиканың, су  транспортының  суға
қажеттерін қанағаттандыру үшін, өзге де қажеттер үшін, сондай-ақ, өндірістік,


17
коммуналды-тұрмыстық, жəне басқа да пайдаланылған ағынды суды төгу үшін,
жер  асты  жəне  жер  үсті  суларын  пайдалану  жатады, аталған  су  пайдалану
төмендегідей  қондырғылар  мен  техникалық  құрылғыларды  қолдану  арқылы
жүргізіледі:
- жер  асты  суларын  алу  үшін  насос  қондырғыларымен  жабдықталған, су
алу қондырғылары;
- жер үсті жəне теңіз суларын механикалық жəне өздігінен ағу арқылы алу
үшін  стационарлық, жылжымалы жəне жүзетін қондырғылар;
- өндірістік, шаруашылық-тұрмыс, коллекторлық-дренаждық, нөсер  суын
жəне  басқа  да  ағынды  суларды, сондай-ақ  шахталардан, карьерлерден,
разрездерден  айдап  шығарылған  суды  жер  бетіндегі  жəне  теңіз  суларына
ағызуға арналған су бұрғыш ғимараттарды; су шығару қондырғылары;
- жер асты сулы горизонттарына ағынды суларды төгуге арналған сіңіргіш
скважиналар мен құдықтарды;
- ағынды  суларды  егіс  алаңын  суару  жұмыстарына  арналған  шығару
қондырғылары;
- платиналар, басқа да су құбырлары мен суды реттейтін қондырғылар;
-  сумен жабдықтауға жəне қолданылған суларды төгуге арналған, сондай-
ақ  суды  суытуға  арналған  жылу  жəне  атом  электростанцияларының  су
шаруашылық құрылыстарын жəне т.б.
жаңа Су кодексіне сəйкес арнайы су пайдалану арнайы алынған рұқсат пен
лицензияның  негізінде  жүзеге  асырылады. Қазақстанда  бірінші  рет  арнайы  су
пайдаланудың келесі түрлеріне лицензия беруге талаптар енгізілген:
- жер  үсті  су  тоғандарынан  ауыл  шаруашылығы, өнеркəсіп, энергетика,
балық аулау жəне көлік мұқтаждары үшін тəулігіне 50м
3
 көлемінен артық суды
алу жəне пайдалануға;
- жер  үсті  су  объектілерінен  қосалқы  су  пайдаланушыларға  суды  алуға
жəне беруге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет