Техникасы мен технологиясы


Дəріс  тақырыбы  6.  Ағынды  суларды  тазартудың  флотациялық  əдісі



Pdf көрінісі
бет21/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери
окончательный диплом, билеты экология, 116010
Дəріс  тақырыбы  6.  Ағынды  суларды  тазартудың  флотациялық  əдісі.
Су  тазартудың  сорбциялық  əдісі. Су  тазартуға  қолданылатын
сорбенттердің сипаттамалары.
Ағынды суларды тазартудың  флотациялық  əдісі.
Флотация  əдісі ағынды
суларды  мынадай  қоспалардан: беттік  активті  заттардан, мұнай  жəне  мұнай
өнімдерінен, майлардан жəне əр түрлі талшықты материалдардан тазарту үшін
қолданылады. Тазарту  процесі «бөлшек – ауа  көпіршігі» комлексі  түзілуінен
тұрады, бұл  комплекс  ластаушы  заттармен  бірге, сұйықтың  бетіне  көбік  түзіп
қалқып шығады, одан соң көбікті сұйықтың бетінен бөліп алып тастайды. Егер
сұйық  бөлшекке  жұқпаса  ғана, оған  ауа  көпіршігі  жақсы  жабысады. Суда
диспергирленген  қатты  немесе  газ  бөлшектерінің  сумен  жұғысу  дəрежесі
жұғылудың шеткі бұрышы арқылы сипатталады.
Жұғылудың  шеткі  бұрышы  неғұрлым  үлкен  болған  сайын, бөлшектердің
беті  соғұрлым  гидрофобты  болады, нəтижесінде  оған  ауа  көпіршіктерінің
жабысу  жəне  бекітілу  мүмкіндігі  өседі, сондықтан  мұндай  бөлшектер  көбікті
қабатқа оңай өтеді.
Өндірістік  ағынды  суларды  флотация  əдісімен  өңдеудің  бірнеше  түрлері
бар:
- Ерітіндіден  ауа  бөліну  арқылы  жүретін  флотация (вакуумды, қысымды
жəне эрлифтті);


39
- ауаны  механикалық  диспергирлеу  арқылы  жүретін  флотация (қысымды,
қысымсыз жəне пневматикалық флотациялық қондырғылары);
- электрофлотация;
- көбікті флотация;
- химиялық, биологиялық жəне иондық флотация.
Бір  камералы  жəне  екі  камералы  флотациялық  қондырғылар  бар. Бір
камералы қондырғыларда сұйықтың ауамен қанығуы жəне ластаушы заттардың
қалқып  шығуы  бір  бөлімде (камерада) жүреді. Екі  камералы  қондырғыларда,
бірінші камерада ауа көпіршіктері жəне «бөлшек – ауа көпіршігі» агрегаттары
түзіледі, ал  екіншіде – ластаушы  заттар  сұйықтың  бетіне  қалқып  шығады,
сұйық тазаланады.
Ерітіндіден  ауа  бөліну  арқылы  жүретін  флотация.
  Бұл  əдістің  мəні,
бөлінген  кезде  макрокөпіршіктер  түзіліп, күшті  диспергирленген  ластаушы
заттарды  бөліп  алуға  мүмкіндік  беретін, ағынды  суда  ауаның  аса  қаныққан
ерітіндісін  жасауда. Ерітіндіден  бөлінетін  жəне  флотацияның  тиімділігін
қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  ауа  мөлшері, өңделетін  су  көлемінің 1-5
пайызын құрайды.
Вакуумды  флотация
  құрамындағы  ластаушы  заттардың  мөлшері 250
мг/литрден  аспайтын  ағынды  суларды  тазарту  үшін  қолданылады. Флотация
процесін жүргізуге энергия шығыны аз жұмсалады, қалқып шыққан «бөлшек –
ауа  көпіршігі» агрегаттарының  тұрақтылығы  өте  жоғары (бұзылу  мүмкіндігі
минимальды). Жүзгіндердің құрамына қойылатын шектеулі талаптан басқа, осы
əдістің кемшіліктерінің бірі – вакуум жүйесін жасаудың аса  күрделілігі болып
табылады. Вакуумды  флотатордың  жұмыс  істеу  принципі  төмендегідей.
Ағынды  суды  бірнеше  минут  ішінде  ауамен  қанықтырады, одан  соң
деаэраторға  жібереді, ерімеген  ауаны  бөліп  алып  тастайды  да, (0,02-0,03МПа)
қысыммен  сұйытылған  ағынды  су  флотация  камерасына  түседі. Бұл  камерада
ауа  вакуум  əсерінен  микрокөпіршіктер  түрінде  бөлінеді, ластаушы  заттардың
бөлшектерімен  əрекеттесіп, оларды  сұйықтың  бетіндегі  көбікті  қабатқа  алып
шығады. Соңында көбік айналмалы қырғыштар арқылы судан көбік жинағышқа
бөліп шығарылады. Камерада судың өңделу ұзақтығы 20 минут, 1 м
2
 флотатор
бетінің өнімділігі – 200 м
3
/тəулігіне дейін жетеді.
Қысымды  флотация.
  Қысымды  флотация  ластаушы  заттардың  бастапқы
концентрациясы 4 – 5 г/л  жəне  артық  ағынды  суларды  тазарту  үшін
қолданылады.
Қысымды флотация кезінде тазарған су сатураторда артық қысым 0,3 – 0,5
МПа  арқылы  ауамен  қанықтырылады. Қанықтыру  ұзақтығы – 1-3 минут.
Сатураторда  еріген  ауаның  мөлшері  өңделетін  су  көлемінің 3-5 пайызын
құрайды. Ауамен  қаныққан  су  флотация  камерасына  бағытталады  да, одан
ластаушы заттармен əрекеттесіп, оларды судың бетіндегі көбікті қабатқа алып
шығатын  ауа  көпіршіктері  бөлінеді. Түзілген  көбік  көбік  жинағышқа
жинақталады. Флотация  ұзақтығы 20 минутқа  созылады. Камераның 1 м
2
ауданына жүктеме 6-10 м
3
/сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет