Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін


Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері



бет2/6
Дата05.05.2020
өлшемі78 Kb.
#65823
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Техногендік апаттар, төтенше жағдай

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері

Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді.



Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.

 Негiзгi қорлардың, жылжымалы құрамның және көлiктегi инфрақұрылымның сапалық және физикалық тозуы, мұнай-газ кен орындарын және басқа да табиғи ресурстарды игерудiң қарқын алуы, оларды тасымалдау және қайта өңдеу көлемдерiнiң ұлғаюы техногендiк қатерлердiң өсуiне нақты алғышарттар жасайды. 

Қатерлердiң туындауына тозған жабдықтарды пайдалану, технологиялық және өндiрiстiк тәртiптiң төмен болуы, техника қауiпсiздiгi ережелерiн сақтамау, iшкi ведомстволық және өндiрiстiк бақылаудың әлсiздiгi, жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлердiң төмен бiлiктiлігі, республикаға мүлдем тозған және сапалық ескiрген жабдықтарды әкелу басты себептер болып табылады. 

Өнеркәсiптік қауiпсiздiктiң мiндеттi техникалық және технологиялық нормаларын қамтитын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негізгі бөлiгi әзiрленбеген. 
      Техникалық бақылаудың объектiлерге халық пен аумақтар үшiн өнеркәсiптiк қызметiнiң қауiптiлiгi, олардағы техногендiк төтенше жағдайлардың туындау ықтималдылығы бойынша саралап жiктеу жүргізiлмейтін тұтас жүйесi қолданылып отыр. 

Техникалық қатерлердi төмендету жөнiндегi қызметтi реттейтiн және материалдық-техникалық қамтамасыз ететiн экономикалық тетiктер жоқ. 
      Қауiпті өндiрiстiк объектiлердiң жабдықтарын сертификаттаудың, сондай-ақ қауіпті өнеркәсiптiк қызметтi лицензиялаудың және сақтандырудың қалыптасқан жүйесi нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес келмейдi. 

Көлiктегі қауiпсiздiктiң қажеттi деңгейi орныға қоймаған. 
      Елдi мекендердi салу кезiнде қала құрылысы нормаларын сақтамау, өрт қауiпсiздігінiң нормаларын сақтамастан үйлер мен ғимараттарды (әcipece тұрғын үйлердi) қайта жабдықтау, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, өртке қарсы су құбырларын техникалық дұрыс жағдайға келтiру бойынша шаралардың қабылданбауы, ғимараттарды салу және оларға әрлеу жұмыстарын жүргізу кезiнде жанғыш және улы материалдарды қолдану өрттен болатын құрбандар санын және материалдық зиянды өсiруде. 
      Жыл сайын 1000-нан аса өрт болатын республиканың орман алқаптарында өрт қауiпсiздігін қамтамасыз етуге байланысты күрделi жағдай қалыптасуда. Табиғи өрттердiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттердi шешуде мемлекеттік органдар тиiстi үйлескен iс-қимылдар жүргiзбей отыр. 

Ерiктi өрт сөндiру құрамалары iс жүзiнде жойылған, бұл көптеген елдi мекендердiң өрттерден қорғансыз қалуына әкелдi. 

Теңiз және өзен тасымалының дамуына орай су айдындарында төтенше жағдайлардың туындау мүмкiндiгi күрт арта түседi. Сонымен бiрге, теңiздерде, көлдерде және өзендерде болатын төтенше жағдайларды жоюға қабiлеттi суда жүзу құралдары жоқ. 

Негiзiнен алғанда, көптеген ескi және авариялық жағдайдағы ғимараттар мен құрылыстар республиканың барлық өңiрлерiнде пайдаланылып жатыр десе де болады. Жыл сайын құрылыс құрастырмаларының қирауынан адамдар баспанасынан, мүлкiнен айрылады, жарақат алады және қаза табады. 

XXI ғасырдың басында адамзат халықаралық терроризм мен экстремизм сияқты тағы да бiр қатерлi арандатушылыққа аяқ басты. Террористердiң осы заманғы техниканы, радиациялық-химиялық және биологиялық қауiптi заттар мен материалдарды пайдалана алатын, сондай-ақ техногендiк төтенше жағдайларды қолдан жасай алатын мүмкiншiлiктерiнiң болуы террорлық әрекеттердiң, әсiресе химиялық және биологиялық шабуылдардың жасалуы кезiнде олардың зардаптарын жоятын күштердiң (қызметтердiң) материалдық-техникалық базасын одан әрi нығайтуды талап етедi.

Төтенше жағдайлардың саны мен ауыртпалығының өсуi жағдайында республикада қазiргi кәсiби авариялық-құтқару күштерi өздерiнiң жарақтануы мен сандық құрамы бойынша құтқару жұмыстарын толық көлемде орындай алмайды және олар елеулi нығайтуды қажет етедi. 
      Өрт сөндiру бөлiмдерiнде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған арнайы техника iс жүзiнде мүлдем жоқ, авариялық-құтқару керек-жарақтары мен жабдықтары жеткiлiксiз. 

Судан құтқару қызметiнiң жүйесiнде күрделi жағдай қалыптасқан, ондағы жабдықтар мен техниканың көпшілiгінiң 80%-дан астамы тозған. 
   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет