Технология қандай да болсын істе, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі36,43 Kb.
#97187
  1   2   3
Байланысты:
Лекция Педагогика


Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер – оның бөлігі ғана» – деп көрсткен В.Беспалько.
Технология — қандай да болсын істе, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы;
Технология — бұл өнер, шеберлік, ептілік, өңдеу тәсілдерінің жиынтығы, қалыпты өзгерту;
Педагогикалық технология — оқу процесін іске асырудың мағыналы технологиясы;
Педагогикалық технология—оқытудың жоспарлы нәтижесі, процесін суреттеу және педагогикалық технология—педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдердің жүйелі жиынтығы мен ретінде жұмыс істеу.
Педагогикалық технологияның мәні тұлғаның дамуы мен өзін- өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі деп көрсетеді. «Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениет танушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бірі мәдениет түрлерін, екіншісі «ел мәдениетіне енгізу» дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.
Инновация (латын сөзі іп-в, nо-vis –жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен.
С. И Ожегов сөздігі бойынша: «инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық» -делінген.
«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Араб елдерінде, Жапония елдерінде «инновация» 95 мың сөздіктерде кездестіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми – педагогикалық, техникалық саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларға зейін аударайық.
«Ғылымның қайнар көзі» – Ресейде «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған: XIX- XX ғ. басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейдді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіске өткен, бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды.
«Инновация» деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, инновация ұғымның әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген анықтамалары: «Инновация» ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американдықтар мен еуропалық көлемді зерттеулер иесі Э. М Роджерстің анықтамасы болып; есептеледі. Э М Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».
Майлс пікірі бойынша: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күзетеміз», – деген.
Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрылымына матералдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың комплексті өзгертуіне біріктіретін үлкен өзгеріс», – деп түсінеді екен.
Найхоф инновацияны үрдіс деп есептейді де «инновация қандай да бір идеялардан басталатын, өзгерістерге әсерін, тұтанушылардың не қолдануы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс», – дейді.
Инновация ұғымының негізін салуға үлес қосқан неміс ғылымдары В.Замбарт, Метчемек және австриялық экономист И.Шумбертті атауға болады. Бірақта олар бұл ұғымды саяси экономикалық, технологиялық үрдістерге байланысты қолданылған.
Кейіннен «ииновация» ұғымы білім беру жүйесіне жаңаны енгізу мағынасында педагогикалық еңбектерде кезіге бастады.
1957-1964 ж он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.
1) Ағылшын ғалымдардың пайдаланушы, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтерудің ұйымдастырушыларда,
2) Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қортындыға келеді: «Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әр дайым жаңалықты басқарушы ретінде іс- әрекет жасауы тиіс», – дейді.
3) Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердегі де педагогтары қарастырады.
90- шы жылдардың бас кезінде орыс ғылымдары Днепров В.И Загвязинский, еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда болды. Олар «инновация» ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарту іс – әрекеті деп санайды.
М. М. Поташник, А.С. Лоренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде (яғни жаңа әдіс, жаңа технология) ал, «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үрдіс деп санайды.
Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы жылдыққа жатады. Ең алғаш «инновация» ұғымы қазақ тілінде анықтаған Н.Нұрахметов. Ол былай дейді: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мемлекетінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және тартуға байланысты бір бөлек қызметі».
Инновациялық негізінен құраушы ұғымдарының – «инновация» «нововедение», «новшества», «новое», т.б. қазақша аудармаларын жасаған, Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемаларын ғылыми-зерттеу институт ғалымдары болып табылады.
Республикамызда соңғы жылдары окыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды “инновациялық процесс”, немесе педагогикалік жаңалықтарды енгізу деп жүрміз.

“Инноватика” ұғымының мәні, латынның in-novus деген сөзінен шыққан, “жаңарту, өзгерту” мағынасын береді. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.


Білім беру саласындағы жаңалықтарды үш топқа бөлуге болады:
1.Ұйымдастырудагы жаңалықтар;
2.Технологиялардагы жаңалықтар;
3.Оқулықтар мен багдарламалардың өзгерудегі жаңалықтар.

Өз тәжірибеме тоқталсам, дәріс беру кезеңде мен төмендегідей технологияларды қолданамын:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет