Астана қалалық
гуманитарлық колледжінің
« Технология» мамандығы бойынша
Арнайы пәндер оқытушысы
Толбай Мөлдір Төлеубайқызы
«Шеберлер» үйірмесінің ашық отырысы.
Тақырыбы: Кестелеу өнер
Мақсаты: Болашақ жас мамандарды ұлттық қолданбалы өнердің негізгі бір түрі кестелеу өнерімен таныстыру, өздігімен шығармашылық жұмыс жасауға баулу, шеберлік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер:Студенттердің үйірме жұмысы бойынша жасаған қолөнер бұйымдарынан көрме, сурет-үлгілер, папкалар, буклеттер.
Жұмыс барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Айқас кесте:
Айқас кестені айырып біз қараймыз,
Нағыз өнердің бірі деп санаймыз.
Жұлдызша, қарапайым, айқас кестелері
Тіге алса, нағыз шеберге балаймыз.
2. Шым кесте:
Шым кесте ойыңды шыр айналдырар,
Қарағанда қиялыңмен тоғандырар.
Шым шытырық қиялдың арасынан,
Кім бар екен бұл кестеге болған құмар.
3. Біз кесте:
Біз кесте біліктілігіңді арттырады,
Іздегенді іздемей – ақ таптырады.
Кестені бір бастап бітірсең,
Жарқыратып бір таныттырады.
4. Маржан төгу:
Маржан төгіп, биссерді біз тігеміз,
Биссер тігу қиын өнер білеміз.
Маржандарды төгіп бір тігеміз
Ортаға жарқыратып ілеміз.
5. Дәстүрлі емес кестелеу:
Дәстүрлі емес кестені дәстүрлейміз,
Нақышына келтіріп кестелейміз.
Бұл өзі тым бөлек ерекше өнер
Қайшысыз да, инесіз де кестелейміз.
ІІ. Қолөнер түрлерін жасау үйірме жұмыстары:
Студенттер жасап жатқан жұмыстарын жалғастырады, жаңадан бір түрін бастайды (әрбір студент өз қалауымен), қонақтар арасынан жүріп көреді, сұрақ қойса жауап береді, өз кестесінің ерекшелігін түсіндіреді, қорғайды.
Кестеннің түр түрімен таныстық,
Ұйқы келсе де ұйықтамай алыстық.
Еңбектеріңіздің жемісін көрініздер,
Өнермен баршаны жеңіңіздер.
Осымен сабақты біз тәмандаймыз,
Шаршасақ бір сәт аялдаймыз.
Әр өнерге өзгеше баға беріп,
Қорытынды сөз сөйлеп, бағандаймыз.
Өнерден ешуақытта кетпеңдер,
Бұл өнерді еш қор етпеңдер.
Көп, көп,көп-ақ , тер төккендер.
ІІІ. Үйірме жұмысын тиянақтау.
ІV. Жұмыс орнын жинақтау.
Үйірме жұмысынан көрініс
Достарыңызбен бөлісу: |