Технология пәнінен 9 сыныптарға арналған электронды тест жинағы Түсінік хат



Дата29.01.2018
өлшемі154,1 Kb.
#36088
Құрастырған №23 Тұрар Рысқұлов атындағы мектептің
технология пәні мұғалімі Абдрахманова Гульшат Кнатовна
«Технология» пәнінен 9 сыныптарға арналған электронды тест жинағы
Түсінік хат
Қазақ тiлiнде оқытатын мектептердің 9 сыныптарына арналған технология пәні бойынша ұсынылып отырған бұл көмекші құрал оқушылардың білім сапасы мен деңгейін тексеруге маңызы зор. Тест жинағы оқушыларға оқу сапасына, тақырыпты, тарауды тексеру жүргізу арқылы, тест сұрақтары арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулып, алған білімін, икемділігі мен дағдыларын тоқсандық және жылдық бақылау кезінде пайдалануға болады. Оқушылардың жалпы дүниетанымын кеңейту мақсаты жүзеге асады. Тест тапсырмаларының мазмұны оқушылардың технология пәнінен алған білім, білік дағдыларын тексеруге көмектеседі.

Тесттік жинақта тағам дайындау технологиясы, тiгiн бұйымдарын жобалау және сәндiк қолданбалы өнер, қауiпсiздiк ережесi, санитарлық-гигиеналық талаптар, кәсіби қызмет саласы, қаржылық сауаттылық және шығармашылық жобалауды бiлуiн қадағалауға негізделген.

Тест әдiсi көп жағдайда жеке дара, топпен жүргiзiледi. Бұған мынадай негiзгi мiндеттер кiредi:


  • оқушылардың технология пәнінен жүйелi бiлiмін тексеру;

  • оқушының қабiлетiн, талантын ояту, жетiлдiру;

  • технология пәні арқылы iскерлiкке, шығармашылыққа үйрету.

Шығармашылық дағдысын дамыту үшiн мақсатты оқу еңбегi қажет. Бiлiм мен еңбек дағдысы оқушылардың өзiндiк шеберлiгiн, әсемдiктi сезiну қабiлетiн арттырып ұлттық санасының қалыптасу негiзін қалайды.
9-сынып 1-нұсқа

«Тамақ әзірлеу технологиясы»
1. Технология пәнінің қай тарауында санитарлық-гигиеналық талаптарды міндетті түрде сақтау кажет?

а) тігін бұйымдарын модельдеу;

ә) мататану элементтері;

б) тамақ әзірлеу технологиясы; *

в) үй мәдениеті және тұрмыстық техника.

2. Бірінші тағамға ұсынылады:

а) бірасарлар;

ә) тауық тағамдары;

б) басытқылар;

в) сорпа, көжелер.*

3. Жылулық жай-күйіне қарай ет төмендегі түрлерге бөлінеді:

а) суыған, суытылған, мұздатылған ; *

ә) тұздалған, кептірілген, бұқтырылған;

6) ылғалды,тығыз, дәмделген;

в) тоңазытылған, еріген, суытылған.

4. Шалаөнімдер қандай мағына білдіреді?

а) піскен тағам;

ә) жартылай дайындаған тағам;

б) қуырып болған тағам;

в) одан әрі өңдеуді талап ететін өнім.*

5. Тұздық дегеніміз не?

а) тұздық жеке ұсынатын тағам емес;

ә) ерекше дәм беретін дәмқосар; *

6) қосымша тағам;

в) шырын.
6. Гарнирге жатады:

а) ет, тауық еті;

ә) картоп езбесі, қуырылған картоп;*

б) сорпа, көже;

в) екінші тағамдар.

7. Қазақтың ұлттық тағамы - бұл...

а) мәнті; ә) бесбармақ;*

б) кәуап; в) палау.



8. Қазақтың сүттен жасалған ұлттық тағамы

а) сөл; ә) жарма ;

б) құрт;*

в) жент.


«Қаржылық сауаттылық негіздері »

1.Экономика ғылымының атасы ?

а) Аристотель;

ә) А. Смит; *

б) Х.Колумб;

в) Г.Форд.

2. Қазақстанның ұлттық валютасы –теңге айналымға қашан енгізілді?

а)1991ж. 15қараша ;

ә)1991ж. 16 желтоқсан;

б)1993 ж 15 қараша;*

в)1995ж 30 наурыз .

3. Дефляция дегеніміз ?

а) баға деңгейінің жоғарылыуы;

ә) бағаның төмендеу процесі; *

б) бағаның теңесуі;

в) баға құнының жойылуы.

4. Жарнаманың мәні мынада...

а) жарнама тауар туралы мәлімет береді;

ә) жарнама тауарды көрсетеді;

б) бағаның төмендеуі туралы ақпарат таратады;

в) Сұранымды қажет деңгейде үстап тұруға көмектеседі.*
«Тiгiн бұйымдарын жобалау, дайындау технологиясы»

1.Конструкциялаудың жалпыға бірдей әдісі -

а) өлшеп, шақтап көру;*

ә) үлгі жасау, модельдеу;

б) муляжді әдіс;

в) таңдау, есептеу.

2. Адам дене бітімінің пропорциясы неше модульден тұрады?

а) 8; *


ә) 7,5;

б) 7;


в) 9.

3. Силуэттің неше түрі бар?

а) 5; *


ә) 4;

б) 3;


в) 6.

4. Қай өлшемдер толық жазылады?

а) орамдары;

ә) айналымы;

б) ұзындықтары;*

в) ені.

5. Бұйым конструкциясын құрылымдау үшін, еркін қонымдылық үшін қажет:

а) қосымша; *

ә) нымша;

б) бүкпе;

в) сыдырма.

6.Жіңішке, қысқа кеуде, қол-аяғының ұзын болуына тән дене пропорциясының типі

а) брахиморф;

ә) мезаморф;

б) метрикалық;

в) долихоморф.*

7. Стильдің неше түрі бар?

а) 3;


ә) 5;

б) 6;


в) 4.*

8.Алғашқы тігін машинасының шығаратын зауыт Ресейдің қай қаласында ашылды?

а) Москва

ә) Подольск *

б) Петербург

в)Челябинск

9. Қалың маталарды тігуге арналған тігін жіптері

а) №40


ә) №75

б) №65


в) №30*

10. Жұқа маталарды тігуге арналған тігін жіптері

а) №40


ә) №75*

б) №65


в) №30

«Сәндiк қолданбалы өнер технологиясы»
1. Бисердің Отаны?

а) Африка;

ә) Индия;

б) Ежелгі Мысыр; *

в) Франция.

2. Бисермен тоқу үшін қажетті материал

а) жіп;


ә) леска; *

б) сым;


в) гипс.

3. Пәтер ішін жиһаздағанда пайдаланатын ереже

а) алтын ереже ;

ә) алтын уақыт;

б) алтын қағида;*

в) алтын ансамбль.

4. Қалындықтың бас киімі сәукеле тігуге арналған маталар

а) киіз

ә) камқа*

б)драп


в)мақпал

5.Бисер қандай материалдан жасалған?

а) қағаз;

ә) ағаш;

б) әйнек; *

в) тұз
«Кәсіби қызмет саласы технологиясы»
1. Американдық психолог Д. Холланд кәсіби ортаны неше типке бөлді?

а) 6; *


ә) 5;

б) 3;


в) 4.

2. Кеңес үкіметінің психологы Е.Климов кәсіби ортаны наша типке бөлді?

а) 6;


ә) 5;*

б) 4;


в) 3.

3. Дистрибьютордың қызметі?

а) мекеменің іскерлік тапсырмасын орындайды;

ә) дилерлік тораптарды ұйымдастырады;

б) қаржылық жағдайды бақылайды;

в) жергілікті рыногқа талдау жасайды, тауарды жарнамалайды.*

9-сынып 2-нұсқа

«Тамақ әзірлеу технологиясы»
1. Дастарқан мәзірі дегеніміз?

а) ас пен сусындардың кестесі; *

ә) таңертеңгілік ас ;

б) түскі асты қабылдау;

в) кешкі астың құрамы.

2. Дастарқан мәзірін жасағанда тағамның ...................... есепке алған жөн.

а) бағасын;

ә) құнарын;

б) каллориясын; *

в) мәзірін.

3. Қой еті неше санатқа бөлінеді?

а) 5;


ә) 3; *

6) 4;


в) 2.

4. Шалаөнімдер өңделу сипатына қарай .................бөлінеді?

а) кесекті, порциялы, сүйекті;

ә) кіші кесекті, ірі кесекті, майда шабылған;

6) ұнға аунатылған, аунатылмаған, майға қуырылғын;

в) табиғи, шабылған, нан ұнтағына аунатылған.*

5. Отта қайнап тұрған кастрөлдің қақпағын калай ашу керек?

а) өзіңе каратып ашу керек; *

ә) солға карай ашу керек;

б) өзіңнен кері қарай ашу керек;

в) оңға карай ашу керек.

6. Қазақша ет тарту рәсімі бойынша «бас табаққа» салынатын мүшелер?

а) кәрі жілік, орта жілік, қабырға, бел омыртқа;

ә) бас, жамбас, сүбе, асықты жілік; *

6) төс, жауырын, қабырға ;

в) тоқпан жілік, қабырға, омыртқа.

7. Ашық отқа қыздырылып дайындалған тағам түрін көрсетіңіз...

а) пудинг, мусс;

ә) боткалар;

б) рагу;


в) кәуәп, люля-кебаб.*
«Қаржылық сауаттылық негіздері »
1. «Не, қалай және кім үшін» мәселесі қандай жүйеде шешіледі?

а) дәстүрлі экономика ;

ә) әміршіл экономика;

б) нарықтық экономика;

в) барлық экономикалық жүйеде.*

2. Инфляция дегеніміз?

а) баға деңгейінің жоғарылыуы; *

ә) бағаның төмендеу процесі;

б) бағаның теңесуі;

в) ақа құнының жойылуы.

3. «Шаруашылық заңы» деген мағына беретін сөзді табыңыз.

а) маркетинг;

ә) экономика;*

б) коммерция;

в) бизнес.
4. Ұсыныс- дегеніміз...

а) ұсыныс шәкілі;

ә) ұсыныс қисығы;

б) ұсынылатын тауар саны мен баға арасындағы тәуелділік ;* ;

в) сатушының тауарды ұсыныуы.
«Тiгiн бұйымдарын жобалау, дайындау технологиясы»

1. Киімге қойылатын талаптар:

а) техникалық, тұтынушылық, өндірістік;

ә) фасондық, фактуралық, эксплкатациялық;

б) гигиеналық, эстетикалық, механикалық, эксплуатациялық; *

в) климаттық, физика –механикалық, химиялық.

2. Бұйымдағы ырғақтылық түрлері:

а) метрикалық, пропорционалды-реттілік, радиал-сәулелік; *

ә) барған сайын үлкею;

б) элементтер жиынтығы;

в) ара-қашықтық сайын қайталануы.

3. Қай өлшемдер жартылай жазылады?

а) орамдары;

ә) айналымы;*

б) ұзындықтары;

в) ені.

4. Милитария – қай стильдік бағыттағы киімдер?

а) медицина;

ә) әскери;*

б) спорттық;

в) арнайы.

5. Бұйымды әшекейлеу және киім киген кезде қолайлы болу үшін қолданылатын көмекші материалдар

а) кұрал-саймандар;

ә) фурнитура; *

б) аксессуар.

в) тігістер;

6.Жеңіл көйлектер үшін тігіске және қайырмаға тиісті қосымша

а) 1см; *

ә) 1,5;

б) 3-5 см;



в) 0,7 см

7. Алғашқы тігін машинасының жобасын ұсынған адам

а) Карл Вайзенталь

ә) Уолтер Хант

б) Леонардо да Винчи*

в) Элиос Хоу

8.Қалың маталарды тігуге арналған тігін машиналарының инесі

а) №100-120*

ә) №70-80

б) №80-90

в) №50-№60

9.Жұқа маталарды тігуге арналған тігін машиналарының инесі

а) №100-120

ә) №70-80*

б) №80-90

в) №50-№60

10. Бұйым ұзындығын анықтайтын әріптік белгі

а) Мжо


ә) Кжо

б) Бұ *

в) Иұ
«Сәндiк қолданбалы өнер технологиясы»

1. Стеклярус пен рубка бисерлердің айырмашылығы неде?

а) ұзындығында; *

ә) жіңішкелігінде;

б) қалыңдығында;

в) жұқалығында.

2. «Вприкреп» тігісіне тиісті емес

а) жіпке тізу, қысқа инешаншыммен бекіту; *

ә) инені алға;

б) кері бағытта тігу;

в) арка, инені артқа.

3. Ең алғаш тоқымашылық кәсіппен айналысқан адам?

а) әйелдер;

ә) қыздар;

б) барлығы;

в) ерлер.*

4. Әйелдерге тиісті ұлттық баскиім түрлері

а) шәлі;

ә) кимешек; *

б) тақия;

в) мурак.
«Кәсіби қызмет саласы технологиясы»

1. ....................... – танымдық сипаттағы ниет, талап.

а) қажетсіну;

ә) бейімделу ;

б) таңдау;

в) қызығушылық.*

2. Мерчендайзер қандай қызметпен айналысады ?

а) өнімді бөлшек саудада жылжытады; *

ә) ойын-сауық шарасын ұйымдастырады;

б) жарнама жасайды;

в) кеңсе жұмысын ұйымдастырады.

3. Жарнама агенті немен айналысады?

а) құжаттарды қабылдайды және тіркейді;

ә) жоба мен нобайды келісіп жасайды, жарнаманың орындалуын бақылайды; *

б) қабылдау және жөнелтумен айналысады;

в) қаржылық талдау жасайды.

4. Көркем сурет салу, музыкамен айналысу, көркем әдебиет, актерлік шеберлік қасиеттердің болуы қай кәсіби типке байланысты?

а) адам-техника;

ә) адам-табиғат;

б) адам-өнер;*

в) адам-адам.

5. Шығармашылық жоба дегеніміз не?

а) өзіндік жұмыс;*

ә) тестік сұрақтар;

б) бақылау жұмысы;



в) сарамандық жұмыс.

Тест жинағы жауаптары:



1-нұсқа

2-нұсқа

1

Б

1

А

2

В

2

Б

3

А

3

Ә

4

В

4

В

5

Ә

5

А

6

Ә

6

Ә

7

Ә

7

В

8

Б

8

В

9

Ә

9

А

10

Б

10

Ә

11

Ә

11

Б

12

В

12

Б

13

А

13

А

14

А

14

Ә

15

А

15

Ә

16

Б

16

Ә

17

А

17

А

18

В

18

Б

19

В

19

А

20

Ә

20

Ә

21

В

21

Б

22

Ә

22

А

23

Б

23

А

24

Ә

24

В

25

Б

25

Ә

26

Ә

26

В

27

Б

27

А

28

А

28

Ә

29

Ә

29

Б

30

В

30

А



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Технология» Қыз балаларға арналған 9 сынып оқулығы. 2013ж Алматы «Мектеп» баспасы

Авторлары: Е.В.Ермилова, И.А.Товченик


2. Экономика негіздері. 9-10 сынып оқушыларына арналған . «Жастар жетістігі» Балама білім беру орталығы. Т.Иличева. Алматы - 2004ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет