Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми педагогикасының негiзiн салушы К.Д.Ушинский «Педагогиканың кең табанымен өте жiңiшке төбесi бар: бастапқы сабақ берудiң дидактикасы том-том болуы мүмкiн, өз пәнiңдi жақсы бiл және оны анық түсiндiр» деген. Өз елiнiң еңбекқор өнер адамы болып қалыптасуына әсер етедi.Үнемi өзгерiп тұрған әлем адамнан да қабiлет пен қажеттiлiктердi толассыз дамытуды талап етедi. Қазiргi кездегi технология пәнi өз алдына мынадай мiндеттердi көздейдi:
- жан - жақты дамыған тұлға қалыптастыру;
- тұлғаның өздiгiнен айқындалуын қамтамасыз ететiн тұлғалық қасиеттерiн дамыту;
- оның өздiгiнен жетiлуiне жағдай жасау;
- зерттеудiң ғылыми әдiстер туралы негiзгi түсiнiктерiн игеру;
- ұлттық қолданбалы өнерге қызығушылығын дамыту, ұлттық мәдениеттi құрметтеуге тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбiр ұстаз шәкiртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негiзде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн:
1. Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесiн табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;
2. Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзiн-өзi қорғауға ұмтылдыру;
3. Тұлғаны түсiну, салауатты өмiр мен өзiндiк қатынастың негiзiн қалау;
4. Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкiндiк жасау;
Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретiнде дербес өзiндiк әлемiне бойлату арқылы өзiн-өзi дамытуға, өз мүмкiндiктерiн таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесiнiң мәндiлiгiн сезiндiруге бағыттайтын әрбiр ұстаз өз қызметiн үлкен сенiммен атқарғаны жөн. Себебi мұғалiм ең жауапты мiндеттi орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалiмi қандай болса, шәкiртi де сондай сенiм жүгiн көтередi.
Мемлекеттiң болашағы, үмiтi мен сенiмi – жас ұрпақ тәрбиесiне үлкен жауапкершiлiкпен қарау, заман талабына лайықты мұғалiмнiң қызмет етуi қоғам дамуын алға бастайды. Ендеше, еңсенi биiктетiп, елiмiздiң болашағы үшiн ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иiрiмi ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы - бiлiм екенiн көрсету жолында еш аянбаңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |