Технологиялар



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата21.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#154345
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
Технология китап

Деңгейлеп оқыту технологиясы 
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың 
жаңа технологиясы бойынша, саралап және дербес деңгейлік 
принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне 
арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.
Бұлар:әңгімелесуші - оқулықтар және оларға қосымша төрт 
деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері. 
Әңгімелесуші - оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз 
бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. 
Қарапайым жаттығу - мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, 
жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. 
Деңгейлік тапсырмаларға, төмендегідей талаптар қойылады, олар: 
Бірінші деңгейдегі тапсырмалар: 
1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек. 
2. Алдағы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей 
қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс. 
3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты 
болуы керек. 
Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты 
игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы 
орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, 
заңдарын бекітуге арналады. 
Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде - олардың танымдылығы 
мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн. 
Екінші деңгейдегі тапсырмалар: 
1.Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген 
болуы керек. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни 
бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған 
білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады. Олар: мәтінмен берілген 
кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, 
т.с.с. 
2.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретіндей болуы керек. 


62 
Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және 
үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Оларға логикалық есептер, 
ребустар мен сөзжұмбақтар жатады. 
Үшінші деңгейдегі тапсырмалар: 
1. Танымдық іздену түрдегі тапсырмаларды орындау барысында 
оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым 
білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, 
т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі 
үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс талдау мен қорытындылау және 
салыстыру арқылы негізін анықтау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. 
Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа 
тапсырмаларға тап болады да, мәселелік жағдай туындайды. Оны шешу 
үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек. 
2. Әртүрлі әдіс, тәсілдермен орындалатын тапсырмалар құрастыру 
және оны өздігімен орындау, өмірден алынған мәліметтер негізінде 
диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын 
жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмаларды орындау. 
Ой қорытуға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар. 
3. Өздігімен орындалатын, өмірден алынған мәліметтер негізінде 
диаграмма, графиктер салу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін 
тапсырмалар. 
Ой 
қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын 
тапсырмалар. 
Төртінші деңгей тапсырмалары: 
1. Оқушылардың алған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған 
ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде 
жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке 
басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген 
(теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің 
көмегінсіз қорытып шығару) тапсырмалар. Олар: 
Бірінші деңгей үшін - игерілгенді пысықтау мен қайталауға, 
командалар мен операторлар қызметін жаттауға арналған. Жоғары 
деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге 
оларды, тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған 
тапсырмалар.
Оқытудың осы жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың 
өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекетіне арналған тапсырмалар 
күнделігі төрт деңгей бойынша қарастырылады, оқытудың мәселелік 
принциптер бойынша жүргізіледі және барлық деңгейдегі тапсырмалар 
қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады. 
Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер, 
үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. 
Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбак, сөзжұмбақ, ребустар сияқты әр 
деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп 


63 
ұпай алуға тырысқан, себебі, ертеңінде жаңа тақырып басталатынын 
біледі. 
Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің 
өзі де ұят саналатын болған. Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз 
құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен 
қалай жұмыс істеуіміз қажет? « - деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де 
шешу жолдары қарастырылған. 
Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған 
оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі. 
Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде 
мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты 
табылады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек 
ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін 
бағалауын бақылау функциясын атқарады. Бұл қалайша жүзеге 
асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мек бағалауға қарағанда деңгейлеп 
оқыту барысындағы бақылау тек бағалаудың ерекшелігі неде? Деңгейлік 
тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат сынып оқушыларын «қабілетті» 
және «қабілетсіз» деп жасанды түрді әртүрлі топтарға бөлуді болдырмау. 
Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық 
оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады. Денгейлеп оқыту 
барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс 
орындағаны «есепке» алынып отырылады.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы білім 
игерудегі өз қабілетіне қарай, белгілі бір межеге жетеді, бұл нақты пән 
бойынша ең нашар үлгіретін оқушыға тірек білімін ғана меңгеріп, үй 
тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні бойынша жоғарғы 
шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне, уақытты үнемдеуіне себеп 
болады. 
Сонымен әр оқушының, әр пәннен 100% үлгерімге қол жеткізудің 
кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда 
міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, 
мемлекеттік стандарттардың ең төменгі талаптарының орындалуына 
кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 
талаптарына сай келеді және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық 
жүктеме тарту мәселесін шешеді. 
Олардың әрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға 
міндетті және жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы, 
Осылайша, бір деңгейден бір денгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра 
отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік 
тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады. 
Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол 
деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 ұпай, 
екінші деңгей үшін - 15 ұпай, үшінші деңгей үшін - 30 ұпай. Ең жоғары 


64 
деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, 
дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады. 
Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап 
көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі 
орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарынды 
қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады. 
Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушы өздеріндегі арнайы 
деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомосқа белгілеп отырады. 
Жинаған ұпайларын оқушылар 2-ші кестеде әр сабақтың соңында 
нүктемен белгілеп отырады. 
Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, график 
шығады. Ол - оқушының даму мониторингі деп аталады. Мониторинг 
бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр 
оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгерген қадағалап, 
үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді. 
Тақырыптық бақылау жұмысы да әр деңгейлі тапсырмалармен 
беріледі. Бұл жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз, шпаргалкасыз 
орындалады және мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, 
өздерінің нақты алған білімдеріне тиісті ұпайларын алады. 
Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылаумен сыртқы 
бағалау ретінде қарастырамыз. Бұл ұпайлар да оқушылардың даму 
мониторингтеріне белгіленеді. 
Оқушының даму мониторингі, оның жеке басының қабілегіне қарай, 
тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді. 
Осы жағдайда оқушының даму деңгейі - басқалармен емес, уақыт өткен 
сайын, өзімен - өзін салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға 
деген ізгілік қатынасты көрсетеді. 
Бағалау жүйесінің негізі болып оқушы білімнің ең төменгі деңгейі 
алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына 
сәйкес келеді. 
Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, 
жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының дұрыс 
орындауы міндетті. 
Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-
оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму 
бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай 
алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға 
қалыптастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет