Технологиялар



Pdf көрінісі
бет26/29
Дата30.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#155714
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Технологиялар
ата аналар жиналысының хаттамасы Шалабаева А, 9 класс тест при входе РЯиЛ, e6st2bd74r1bge0wkcyz81ix4dvnh07qcdqyy669e4x1ls, Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
«Дербес компьютердің құрылғылары». 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға дербес компьютер және оның құрылғылары 
туралы нақты білім беру. Зат есім туралы жалпы түсінік беру. 
Дамытушылық:
Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы 
толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру. 


111 
Тәрбиелік:
Еңбекті сүйе білуге, компьютермен жұмыс жасағанда 
қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге 
тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі:
аралас 
Сабақтың әдісі:
түсіндірмелі- иллюстративті. 
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар
: сын 
тұрғысынан ойлау әдістері, ойын технологиясы 
Оқыту құралдары:
Компьютер, кітап 
Пәнаралық байланыс:
ағылшын, тарих. 
INSERT

V – "білемін”, 
― - "мен үшін түсініксіз”, 
+ - "мен үшін жаңа ақпарат”,
? – "мені таң қалдырады”.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1.
Ұйымдастыру бөлімі. 
2.
Үй тапсырмасын тексеру 
3.
Жаңа материалды түсіндіру 
4.
Бекіту
5.
Үйге тапсырма 
6.
Қорытынды
Сабақ – мғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай технлологияны 
қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрліще болып 
шығады. Кез-келген сабақтың анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі 
заманғы дидактикада сабақ типтерін былай класификациялайды.
- жаңа сабақ өту; 
- дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту; 
- білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану; 
- оқыту және білімді жүйелеу; 
- білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау; 
- кіріктірілген сабақ. 
Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң 
калай және қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың 
құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы 
мүмкін емес. 
Интерактивтік оқыту. Интерактивті оқыту моделін пайдалану - 
өмірлік жағдайларды моделдуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені 
бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу үрдісінің қандайда бір қатысушысын 
немесе идеясын яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты 
ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық 
жолмен келуді үйретеді.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл ұжымдық және өзін-өзі 
толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу 


112 
үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін 
ұйымдастыру болып табылады. 
Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. 
Интерактивтік оқыту технологиясын пайдалану арқылы өтілетін сабақ 
түрлер: 
1) Жұптасып жұмыс істеу. 
2) Ротациялық (ауыспалы) үштік. 
3) Карусель - Айналмақ. 
4) Шағын топтармен жұмыс. 
5) Аквариум. 
6) Аяқталмаған сөйлем. 
7) Миландыру (Мозговой штурм). 
8) Броундық қозғалыс. 
9) Есепту ағашы (Дерево решений). 
10) Ролдік (іскерлік) ойын. 
11) Сығымдау әдісі.
12) Өз позицияңды ұстан. 
13) Дискуссия. 
14) Дебаттар. 
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап 
таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді 
үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады. 
Мысалы; оқушыларға «Карусель» деп аталатын мынадай жұмыс түрі 
қатты ұнайды. 
Екі сақина жаслады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл 
қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд 
сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше 
тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына 
әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады. 
Аквариум технологиясының мәнісі сонда, бірнеше оқушы шеңбер 
ішінде ситуацияны жасырады, ал қалғандары оларды бақылап тұрып 
әрекеттеріне талдау жасайды. 
Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп 
берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды. 
Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. 
Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман 
парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің 
ағашына өз идеяларын жазады. 
«Өз позицияңды ұстан» - деп аталатын интерацияның да пайдасы 
бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар 
«Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. 
Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс. 
Мұғалім 
мен 
оқушының 
интерактивтік 
шығармашылығы 
шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. 


113 
Бүгінгі шығып жатқан жаңа педагогикалық технологиялар оқытудың 
интерактивтік әдісімен байланыстырылады.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің 
қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып 
табылады. Сонымен бірге инетрактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің 
арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын 
алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі 
оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу 
барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. 
Интерактивтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным 
үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері 
арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады.


114 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет