Технологиялар



Pdf көрінісі
бет11/57
Дата13.05.2020
өлшемі0,97 Mb.
#67941
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Байланысты:
kn-SPT

 

ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ЖҰМЫСТАҒЫ 

КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК 

Коммуникативтік  құзыреттілік  –  біріншіден,  жеке  тұлғаның 

дамуы  мен  өзіндік  дамуы  процесіндегі  мұғалімнің  жеке  тұлғалық 

қасиеті;  екіншіден,  ұстаздың  педагогикалық  қарым-қатынастық 

мақсаты, 

түйіні, 


құрылымы, 

құралы, 


ерекшелігі 

туралы 


хабардарлығының  көрсеткіші;  қажетті  технологиялық  деңгейін 

меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-

әрекетін  әрдайым  жетілдіріп  тұруға  тырысуы;  негізгі  құндылық 

ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, бағдар ету, сонымен 

қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге 

шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті. 

Коммуникативтік  құзыреттілік  –    қажетті  тілдерді,  қоршаған 

адамдармен  және  оқиғалармен  әрекеттестікте  болу  тәсілдерін  білуді, 

топта  жұмыс  жасау  дағдыларын,  ұжымдағы  әр  түрлі  әлеуметтік 

рөлдерді  меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз 

жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс.  

Қазіргі  кезеңдегі  әдебиет  пәнінің  мұғалімінің  міндеті  –  жас 

буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын 

күшейту,  сөйтіп  баланың    жеке  қабілеті  мен    әлеуметтік 

белсенділігінің 

дамуына 


жол 

ашатын 


шығармашыл 

тұлға 


қалыптастыру.  Қазақ  әдебиетін  оқытуда  нәтижеге  бағытталған  іс-

әрекетті  құзыреттілік  тұрғыдан  жүзеге  асыру  –  негізгі  міндет. 

Құзырлылық  –  оқушы  іс-әрекетінің  сапасынан  көрінетін  білім 

нәтижес 


Оқушыларды  шығармашылыққа  бағыттау  мынадай  мәселелерді 

қарастыруы тиіс:  

бағдарламалық-мотивациялық; 




 

ізденушілік-зерттеушілік; 



тәжірибелік; 

рефлексиялық- бағалаушылық; 



Бүгінгі  таңда  білім  саласының  алдында  дайын  білімді, 

дағдыларды  меңгеретін,  қайталайтын  ғана  емес,  шығармашылық 

бағытта  жұмыс  істейтін,  тың  жаңалықтар  ашатын,  біртума  ойлау 

қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, 

әрине,  оқушылардың  шығармашылық  әрекетін  дамытуда  маңызды 

мәселе. 


Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, оқушы шығармашылығын 

дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі 

екі құрамдас бөліктен тұрады. 

Шығармашылықты: 

біріншіден,  оқушылар  дербес,  өз  бетімен  ойдан  жаңаны 



құрастырады, 

екіншіден, 



жағдай 

тудырушы 

материалдар 

даярлап, 

шығармашылыққа  икемдейтін  ересек  адамның  қатысуы  арқылы 

қарастырылады. 

Педагогке  жауапкершілік  жүктеледі,  жұмыс  нәтижесі  оның 

іскерлігіне  байланысты. 

Шығармашылыққа  баулу  шәкірт  бойындағы  талант  көзін  ашып, 

тілін  байытып,  қиялын  ұштау  мен  өз  бетінше  ізденуге  зор  әсерін 

тигізбек. 

Оқушыларды  келесі  жұмыстар  арқылы  шығармашылыққа 

баулуға болады деп есептеймін: 

•  сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу

•  жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу; 

•  нақыл сөздердің мәнін ашу; 

•  мақал-мәтелдер негізінде әңгіме жазу

•  жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру; 

•  өз  сыныптастарының  (т.б.)  портретін  суреттеу,  мінездеме 

беру; 


•  автордың идеясын өз идеясымен өрбітіп жазу; 

•  өлең құрастыру; 

•  жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу; 

•  еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу; 

•  ұжым болып ертегі құрастыру

•  ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту; 

•  ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу

•  оқыған кітаптары бойынша ойтолғау жазу; 

•  қоғамдағы әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту



 

•  баспасөз материалдары бойынша пікір айту; 

•  өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау

•  ақпарат  құралдарын  пайдалана  отырып,  реферат,  баяндама 

жазу; 

•  іс қағаздары үлгілерін жаздыру; 



•  тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру

•  оқиғаға қатысты өз ойларын айту; 

•  автордың көзқарасы туралы айта білу

•  көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету 

т.б. 

Қазір  ғалымдардың  зерттеулерінде  құзырлықты  қалыптастыру 



білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны,  осыдан келіп 

оқушының  қабілеттілігі  дамитыны  және  күнделікті  өмірдегі  шынайы 

проблемаларды  –  тұрмыстық  мәселелерден  бастап,  өндірістік  және 

әлеуметтік  мәселелерді  шешу  мүмкіндіктері  пайда  болатындығына 

баса назар аударылып отыр. 

Әр  күні  өзгеріске  толы  бүгінгі  жауапты  кезеңде  замана  көшінен 

қалып  қоймай  уақыт  талабына  сай  ертеңгі  болашақ  жас  ұрпақты 

білімді  етіп  тәрбиелеу  ұстаздарға  зор  жауапкершілікті  жүктейді.  Ол 

мұғалімнен  үздіксіз  ізденуді  ,  өз  білімін  үнемі  жетілдіріп  отыруды 

талап  етеді.  Өйткені  еліміздің  ертеңі  жас  ұрпақтың  қолында. 

Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие 

алған  шәкіртінде.  Оқушы  шығармашылығын  дамыту  ісі  үздіксіз 

жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет