Санитарлы-гигиеналық шаралар
4.4.1 Микроклиматты сипаттайтын факторлар
Қауіпсіздік техникасының ережелері мен нормалары ағзаны қатты қажу-дан және химиялық атмосфералық әсерінен қорғау мақсатын көздейді. Бұл ережелер мен нормалар өндірістік пен тұрмыстық бөлмелерін сәулеттендіру, жұмыс орындарын жабдықтау және т.б.
Өндірістік бөлмелерінің микроклиматы.
Өндірістік бөлменің метеорологиялық жағдайы немесе микроклиматы деп – адам ағзасына температуралардың үйлесімімен, ылғалдылықпен, ауа қоз-ғалысының жылдамдығымен және қоршаған беттердің температурасымен әсер ететін, осы бөлмелердің ішкі ортасының климатын айтамыз.
Дене жұмыстарын шартты түрде үш топқа бөледі. Бұл топтаудың негізінде энергия шығынының объективті көрсеткіші ретінде және өлшеуге қол жетімдісі оттегіні тұтыну болып табылады. Жобаланатын кәсіпорында, өндірістік жұмыстар оттегіні тұтыну 0,7 л/мин болғанда, орташаға жатады.
Оңтайлы микроклиматтық жағдайлар – адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер еткенде, ағзаның функционалды және жылулық күйі, термобақылаудың жұмысы қысымсыз қалыпты күйде сақталып тұратын параметрлердің үйлесімі. Олар жылулық қолайлылықты қамтамасыз етеді және жұмыс істеу қабілетінің жақсаруына жағдай жасайды.
5.2- кесте -Ағзаның энергия жұмсалуының жұмыс категориясы
Жұмыстар
|
Жұмыстың категориясы
|
Жұмыстың сипаттамасы
|
Орташа
|
1
|
Тұрып істелінетін немесе қозғалыспен байланысты, бірақ жүйелі денелік күшті қажет етеді (энергияның жұмсалуы 172 Дж/с немесе 150 ккал-г).
|
Өндіріс ғимараттарының ауа температурасы атмосфералық ауа және қоршаған беттердің температурасына тәуелді. Ал соңғысы өз бетінше – жыл мезгіліне және сәйкесінше өндірістің технологиялық сипатына байланысты.
Қазіргі кезде үш мезгілді анықтайды: суық, өтпелі және жылы.
5.3-кесте-Жылдың суық мезгілінде температураның нормасы
Жұмыс категория-сы
|
Ауаның температурасы, °C
|
Ауаның салыстырма-лы ылғалды-лығы,%
|
Ауаның қозғалыс жылдамды-ғы, м/с
|
Ауаның температурасы,
тұрақты жұмыс орындары-нан тыс, °C
|
Орташа
|
17-19
|
75
|
0,2
|
15-16
|
Достарыңызбен бөлісу: |